140
Б. Келесі тұжырымдаманы ғылыми әдіс арқылы тексеруге
болады ма? Егер болады десеңіз, қалай? Ал, болмайды десеңіз,
неліктен? (жауаптары кітап соңында)
1. Өзгелерге жақсылық жасау әрдайым жақсы.
2. Адам- әлемдегі ең ақылды жаратылыс болып табылады.
3. Қазақстан жерінде 8,5 млн. ағаш өседі.
В. Келесі тұжырымдаманы бағалаңыз. Сіз қандай псевдо-
ғылым сипаттарын көріп тұрсыз? (жауаптары кітап
соңында)
1. Бану:
«Ғылыми зерттеу, шөп дәрілер бас ауруын
нәтижелі емдейтіндігін көрсетті. Мен оның күшіне
сенемін. Өйткені, ол маған үнемі көмектесіп келеді.
Мысалы, кеше химия пәнінен эмтиханнан кейін менің
басым қатты ауырып кеткен еді. Мен бір шыныаяқ шөп
шай ішіп едім, 20 минут ішінде басымның ауырғаны
басылды!»
2. Аскар:
«Мен сонау 1984 жылы түсірілген ұшқыш табақ
суреті деп танылған суреттің жалған екендігіне
сенбеймін. Мен оның бұл қылығын тағы бір рет танымал
болуға бағытталған деп санаймын.»
3. Гүлнәр, графолог (адам жазуы арқылы оның тұлғасы
арасындағы байланыс бойынша сарапшы):
Сіздің
жазуыңыз бойынша Сізге достарыңыздың арасында
болған ұнайды. Бірақ жалғыздықты қаламайсыз. Сіз
өзіңізді мақтағанды жақсы көресіз. Бірақ, сынағанды
ұнатпайсыз.