Ток трансформаторы номиналды трансформация коэффициентімен
сипатталады, ол бірінші реттік орамдағы номинал
токтың екінші реттік
орамдағы номинал тоғының қатынасына тең, немесе
орамдар санының
орамдар санының қатынасына тең:
. (1.1)
Ток трансформаторының өлшеуде қателігі бар, ол, %:
.
100
I
I
I
К
I
1
1
2
ном
1
(1.2)
Қателік тек қана екінші реттік орамға қосылған жүктеменің мөлшерінен
тәуелді емес. Сонымен қатар қателік бірінші реттік ток пен пайда болатын
магниттік ағынның пропорциясынан тәуелді. Бұл пропорция ток мәні номинал
токтан төмен немесе жоғары бұзылады. Демек, ток трансформаторы ток мәнін
өлшеу үшін жарамайды.
Ток трансформаторында магниттейтін куштерді қарастырғанда,
олардың фаза бойынша ығысуын ескерту керек. Ток пен бірінші және екінші
реттік манниттейтін куштер арасындағы фаза
бойынша ығысуды векторлық
диаграммадан байқай аламыз (өз бетімен қарастыру керек). Демек, ток
трансформаторында ток өлшеу қателігінен басқа бұрыштық қателік бар.
Бірінші реттік орам векторы
I
мен екінші реттік орам векторы
2
I
арасындағы
бұрыш жылжуының қатынасын бұүрыштық қателік дейміз. Екінші реттік
орам жүктемесі өскен сайын бұрыштық қателік өседі. Реле қорғанысының
күрделі жүйелерінде бұрыштық қателіктің әсері ескертіледі. Ток өлшеудегі
қателік ток трансформаторын қолданудың бүкіл жағдайда ескертілу керек.
Қазырғы кезде дәл есептеу үшін тек қана ток қателігінің ∆
I
орнына
толық қателікті ескертеді. Ол ток және бұрыш қателіктерімен сипатталады.
Қателікке негізінде өзектің болатының магниттену тоғы әсер етеді.
Болаттың сапасы жоғары болған сайын болаттың бастапқы өткізгіштігі
жоғары болады, демек магниттену тогы төмен және тұрақты.
Қателікті төмендету және өлшеу дәлділігін көтеру үшін келесі
тәсілдерді қолданамыз: суық илемделген болат, пермаллой (болат пен
никельдің құйындысы), орамдардың арнайы сұлба бойынша жалғау,
өзекті
жасанды магниттеу және т.б.
Ток трансформаторы өлшеу дәлділігінің деңгейі бойынша келесі
класстарға бөлінеді: 0,2; 0,5; 1; 3; 5 және 10.
Ток трансформаторлардың дәлдік классы бойынша топтастыруы 1.1
Кестесінде келтірілген. Бірінші реттік токтың мәні номинал 100-120 %-ға тең
болғанда дәлділік классы ең жорағары қателікке (процент түрінде) сәйкес
келеді.
1.1 кесте – Өлшеуіш ток трансформаторының дәлдік классы мен пайдалану
аймағы
Өзектің
дәлдік
классы
Бірінші реттік
ток, %
н
Рұқсат етілген қателіктердің шегі
Пайдалану саласы
токтың %
(±)
бұрыштың (±)
.......
град
0,2
5
20
100-120
0,75
0,35
0,20
30
15
10
0,9
0,45
0,3
Энергияны және қуатты
дәл өлшеу (зертханалық
дәл бақылау аспаптары)
0,5
5
20
100-120
1,5
0,75
0,5
90
45
30
2,7
1,35
0,9
Энергияны және қуатты
дәл өлшеу, 1
класс
сынауыштары
1
5
20
100-120
3,0
1,5
1,0
180
90
60
5,4
2,7
1,8
Токты, энергияны және
қуатты өлшеу; реле, 1
класс есеп-
сынауыштары
3
5
10
50-120
3,0
5,0
10,0
Нормаланбайды
Амперметрлерді,
релелерді,
фазометрлерді қосу,
жетектердің
катушкаларын қосу
Дәлдік класы 0,2 ӨТТ-ы электр стансалардың электртехникалық
зертханаларында дәл өлшеу, тексеру және зерттеу үшін қолданылады. Дәлдік
классы 0,5 және 1 ток трансформаторлары тарату құрылғыларында
орналастырылады.
Дәлдік классы 3, 10 релелік қорғаныста, автоматиканың сұлбаларында
қолданылады және ток трансформаторларының рұқсат етілген қателігі 3%
және одан да жоғары. Релелік қорғаныстың және автоматиканың кейбір
сұлбаларында құрылымы арнайы ӨТТ-ы қолданады. Мысалы: өзегі Д
белгісімен белгіленсе, ол дифференциалдық қорғанысқа, ал Р-мен белгіленсе,
релелік қорғанысқа қолданылады.
ӨТТ-ның класс дәлдігі екінші реттік тізбектің жүктемесіне байланысты.
ӨТТ-ның жүктемесі
токтың номиналды мөлшері
I
2
шамасында болғанда
S
2
қуатпен және
cosφ
2
немесе екінші реттік тізбектің толық кедергісімен
анықталады.
Есептеу үшін I
2
=5 A деп алсақ, онда:
(1.3)
ӨТТ-ның номиналды жүктемесі ретінде ең үлкен S
2
алынады. Бұл
жағдайда ӨТТ-ы жоғары класс дәлдікпен жұмыс істейді. Қосымша
құралдарды сұлбаға қоссақ, онда екінші реттік тізбектің жүктемесі көбейеді
де, қателіктері көбейіп және өлшеу дәлдігі төмендейді.
Барлық ток трансформаторлары ерекшелігіне және техникалық
сипаттамаларына қарай жіктелуі мүмкін:
Міндеті бойынша.
Құрылғылар өлшеу, қорғаныс немесе аралық болуы
мүмкін. Соңғы опция өлшеу құрылғыларын релелік қорғаныс тізбектеріне
және басқа ұқсас сұлбаларғы қосқан кезде қолданылады.
Орнату түрі бойынша. Сыртқы және ішкі қондырғыларға арналған
трансформаторлық
құрылғылар,
үстеме
және
портативті.
Трансформаторларды ішке және сыртқа қондыру осы құрылғыларды орнатуға
арналған өтпелі және қолдаушы әдістердін қарастырады.
Бірінші реттік орамының конструкциясы бойынша. Құрылғылар бір
орамды немесе өзекті, көп орамды, сондай-ақ шиналық болып бөлінеді.
Бакелит, фарфор және басқа материалдарды пайдаланып, құрғақ болып
изоляция түріне болінеді. Бұдан басқа, қарапайым және конденсаторлық
майлы-қағаз изолциясы қолданылады. Кейбір
конструкцияларда компаунд
қолданылады.
Трансформация сатыларының саны бойынша құрылғылар бір немесе екі
сатылы, яғни каскадты болуы мүмкін. Барлық сипаттамалар ток
трансформаторларының белгіленуінде кездеседі, олар белгілі бір алфавиттік
және сандық таңбалардан тұрады.
ТТ-ның екінші реттік орамдарының қосу сұбалары. ТТ-ның бірінші
реттік орамдар желіге әрдайым тізбектей қосылады. Екінші және бірінші
реттік орамдар арасындағы изоляция бұзылған жағдайдан алдын ала сақтау
үшін қауыпсыздық техникасының ережесіне сай екінші реттік орамдар жерге
тұйықталады. ТТ-ның қосылу сұлбасынан сымдар,
құрылғылар мен релелер
арқылы ағып жатқан токтың мәні тәуелді, сондай-ақ сымның есептік
ұзындығы тәуелді. 1.2 суретте ТТөны және құрылғыларды қосудың кейбір
сұлбалары көрсетілген.
а) жұлдыз; б) үшбұрыш; в) толық емес жұлдыз;
г) екі фаза айырмашылығы; д) үш фаза тоқтарының қосылысы.
1.2 сурет – ӨТТ-ның қосылу сұлбалары