23
Мазмұндық-нақты ақпар болмыс өмірде немесе суреттелетін өмірде
болған, болып жатқан, болатын түрлі құбылыстар, оқиғалар, деректер туралы
хабарлайды, ал мазмұндық-концептуалды ақпар осы аталған құбылыстардың
арасындағы сан алуан байланыстарды көрсетіп, олардың мәдени, қоғамдық,
әлеуметтік өмірдегі орнын, маңызын, бағасын нақтылауға ықпал етеді.
Мазмұндық-концептуалды ақпар үнемі ашық көріне бермейтіндіктен,
оқырманның түрліше интерпретациялауына мүмкіндік береді. Ғалым аталған
екі ақпардың айырмашылығы жөнінде былай дейді: «Таким образом,
различие между СФИ и СКИ можно представить себе как информацию
бытийного характера и информацию эстетико-познавательного характера,
причем под бытийным следует понимать не только действительность
реальную, но и воображаемую» [17:28], өйткені көркем шығарма қандай
жанрда жазылмасын, автор болмыс өмірді эстетикалық тұрғыдан түсініп,
өңдеп, санадан өткізу арқылы қайта көрсетеді.
Ақпардың аталған түрлерін Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы
аңыз» поэмасы үлгісінде қарастырып көрелік.
Бұл поэма туралы өз кезінде де, одан кейін де сөз өнерінің көптеген
қайраткерлері, зерттеушілері ой-пікірлерін білдіріп, шығарманы өте жоғары
бағалағаны белгілі.
Автордың шеберлігі жеке басының субъективті патриоттық сезімін
қоғамдық объективті қажеттілікпен ұштастырып, оқырман көңілінде өз
көңіл-күйімен астасып жатқан жауап толқын туғызуында, тәрбиелік ой
салуында.
Поэмадағы перифраза, антитеза, синонимдік, синтаксистік қайталамалар
мәтін түзуге қызмет етсе, түрлі метафоралық қолданыстар, символ сөздер,
қайталамалар ассоциативті, коннотативті ақпар жеткізуші ретінде көрінеді.
Поэма шумақтарының көлемдері біркелкі емес, ақын өзі суреттеп
отырған оқиғаның динамикасын, іс-әрекеттің өту жеделдігін дәл сипаттау
үшін осындай форма таңдап алған. Композициялық-сюжеттік құрылымға
сәйкес шумақтар поэманың бас жағы мен ортасында 16, 8, 10, 6, 13, 14, 4
жолдан тұрса, оқиғаның шарықтау шегі мен шешілуінде біртұтас картина
бір-ақ деммен беріледі.
Ақын суреттеуінде әр шумақтағы ой өзінен кейінгі шумақтарда ширыға,
үстемелене, еселене, градация түрінде айшықтала түседі. Мысалы, I
шумақтағы эмоционалды-экспрессивті, бір реңктегі бағалауыш лексика,
жалпылық мәндегі дерексіз зат есімдермен берілген
Достарыңызбен бөлісу: