Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет10/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

Сонау бір жыл, 
Желтоқсанда
 көргенбіз сасқаныңды!!! 
Бұл жағдайда оқырман желтоқсан номинативінде қандай да бір ақпар бар 
екенін интуитивті түрде сезгенмен, оның қандай салаға қатысты екенін толық 
айыра алмайды. Ондай ақпарды алу әр адамның жеке танымдық әрекетіне 
тәуелді болып қалады.
Біз өз жұмысымызда интертекстуалды байланыстардың жекелеген 
түрлерін ғана қарастырамыз, себебі қазақ көркем әдебиетінде мәтінаралық 
байланыстардың аталған типтерінің бәрі бірдей көрініс таппаған. Қазақ көркем 
мәтіндерінде интертекстуалдылық цитата, цитата сөз (цитация), аллюзия, 
реминисценция, пародия, символика, мәтінді аяқтау арқылы көрінеді. 
Бұлардың бәрі де мәтіндер арасындағы семантикалық-құрылымдық 
байланыстарды көрсетіп, көркем мәтіндегі позициясы әр қилы болып келеді, 
яғни эпиграф түрінде немесе мәтін ішіндегі мәтін ретінде, сондай-ақ 
құрылымдық цитата ретінде кездеседі. Цитатаның өзі белгілі бір мәтінге бұрын 
жазылған мәтіннің фрагменттерін түрлі мақсатта енгізу болғандықтан, И.В. 
Арнольдтің классификациясын қайта еске түсіру артық емес. Оның топтамасы 
мынадай: 1) цитаталық тақырып, 2) эпиграф, 3) қыстырынды романдар, 4)
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


25 
хаттар, 5) күнделіктер, 6) цитаталар, 7) аллюзия, 8) реминисценция. Эпиграфтар 
зерттеу жұмысында көркем мәтінге қосымша мән-мағына үстейтін, оны 
интерпретациялау бағытын айқындайтын цитата ретінде қарастырылады. 
1.2.1 Цитата және цитация 
Көркем шығарма - автордың өзін қоршаған ортаны, болмысты, қоғамдық-
әлеуметтік формацияны өз тұрғысынан түсініп, сол өзі түсінген, елестеткен 
бейнені оқырманға эстетикалық өңдеп жеткізетін құрылым. Оның тілдік 
қабатында 
жалпыхалықтық 
қолданыстағы 
лексика-фразеологиялық 
бірліктермен қатар, ауыз әдебиетіне тән мақал-мәтелдер, өзінен бұрын өмір 
сүрген ақын-жазушылардың сөзқолданысы кейде саналы түрде, кейде еріктен 
тыс ұшырасуы мүмкін. Тілдік қауымдастыққа жақсы таныс, көпке белгілі 
шығармалардан алынған түрлі көлемдегі, түрлі деңгейдегі үзінділерді қолдану 
қаламгердің ой-өрісін, эрудициясын танытатын, өз алдындағы әдебиет 
қайраткерлерін бағалауын жеткізетін, сондай-ақ сол шығарманы оқитын 
оқырманның ұлттық әрі әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстығын көрсететін 
тілдік дерек ретінде қарастырыла алады. Түрлі түпнұсқа мәтіндерден алынған 
әр деңгейдегі үзінділерді қолдану постмодернистік әдебиеттің бірден-бір 
белгісі деп есептеле бастады. Постмодернизм әдебиетінде басқа мәтіндердің 
үзінділері ашық немесе жасырын түрде кездесуі цитатаның негізгі белгілерінің 
біріне сай келетіндіктен, әлемдік әдебиеттану мен тіл білімі ғылымдарында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет