Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет8/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

интертекст, интертекстуалды 
немесе 
келтірінді 
элемент, 
интертекстуалдылық 
немесе 
интертекстуалды байланыстар, претекст, прецедентті мәтін және
прецедентті құбылыстар
деген ұғымдарды пайдаланамыз.
Сонымен

интертекст – басқа мәтіндермен байланысы түрлі 
маркерлер арқылы көрініп тұратын, уақыты жағынан кейін түзілген 
көркем шығарма және оған цитация қағидатымен кіргізілген тілдік-
семантикалық бірлік; интертекстуалды немесе келтірінді элемент – 
көркем туындының семантикасын түзуге, түрлі ассоциация тудыруға 
ықпал ететін, басқа мәтіндермен байланысы имплицитті, эксплицитті 
түрде әр қилы тілдік деңгейде вербалданған бөгде мәтін немесе 
прецедентті 
құбылыс 
фрагменті; 
интертекстуалдылық 
немесе 
интертекстуалды байланыстар - мәтінаралық байланыстардың жалпы 
атауы; претекст немесе прецедентті құбылыс – уақыты жағынан бұрын 
түзілген көпке белгілі эталон деп есептелетін мәтін немесе құбылыс.
Интертексті пайдаланатын, өзектендіретін адам, яғни бұрын жазылған 
мәтін мен одан кейін пайда болған мәтін арасындағы байланысты орнату үшін 
олардың әрқайсысын оқырман танып, тиісті ассоциация тудыруы қажет. Осы 
жағдайға байланысты Н.А. Кузьмина мынадай қорытындыға келеді: 
«Интертекст – это объективно существующая реальность, являющаяся 
продуктом творческой деятельности Человека, способная бесконечно 
самогенерировать по стреле времени. ... ибо 
мы в интертексте
, мы не вне его, 
но одна из его субстанций» [47, 20]. Шынында да, белгілі бір лингвомәдени 
кеңістікте өмір сүріп, әлеуметтік-коммуникативтік жағдайлармен ұшырасқан 
әр адам сол кеңістіктегі мәдени құбылыстармен, оның аса маңызды және 
қомақты құрамдас бөлігі – мәтіндермен өзі оқуы арқылы тікелей немесе басқа 
біреулердің мазмұндауы, оларды еске түсіретін түрлі сөзқолданыстары, 
бұқаралық ақпарат құралдарындағы реминисценция, жарнама, рецензия, 
арқылы жанама түрде қалай да хабардар болады. 
Интертекстуалды байланыстар көркем мәтінде әр түрлі типтерде көрінеді. 
Зерттеушілер интертекстуалды байланыстардың көріністерін, берілуін 
(реализациясын) бірнеше топқа бөледі. Мәселен, Е.А. Попованың топтамасына 
кіргізілгендер: реминисценция, сюжеттік вариация, цитата жасау, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


23 
инсценировка, стилизация, «интертекстуалды-атаулы ойын», аллюзия, 
антономасия, символика [48]. Е.М. Циглердің пікірінше, мәтінаралық 
байланыстарды төмендегілер құрайды: еліктеу, стилизация, мәтінді аяқтап 
жазу, мазмұндау, контаминация, пародия, бурлеск, апокрифтер, цитата, 
цитация, аллюзия, реминисценция, пастиччо [49]. М.В. Тростников бұл 
байланыстарға мыналарды жатқызады: 1) прямое заимствование, цитирование, 
включение в текст высказываний, принадлежащих другому автору; 2) 
заимствование образа, некий намек на образный строй другого произведения; 
3) заимствование идеи, миросозерцания, способа и принципа отражения мира – 
копирование чужеродной эстетики без использования идей другого автора [50, 
31].
А.К. Жолковскийдің топтамасына қалыпты цитация (мәтін бөлігі, образ, 
сюжет), өмірбаяндық (жекелеген қаламгерлер өміріндегі ұқсастық, олардың 
қоғамдағы ролімен ассоциация) және құрылымдық (өлең өлшемі, ырғағы, 
интонациясы, ұйқасы) цитация кіреді [51]. 
Келтірілген топтамалардағы 
заимствование
және стилизация
 
терминдері 
қазақ филологтерінің зерттеулерінде де кездеседі. Алғашқы термин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет