Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


«Аманжол – Рахымжанның Қасымынан»



Pdf көрінісі
бет102/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

«Аманжол – Рахымжанның Қасымынан»
. (Ғ. Жайлыбай) 
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы, 
Өлеңінің өлмеуін арман қылды

Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан 
Қан менен жас аралас арман жырды. (М. Мақатаев) 
Күшті әдеби прецедентті мәтіндердің қалыптасып, орнығуы қаламгерлерге 
ғана емес, негізінен, белгілі бір қоғамдағы оқырмандарға да байланысты 
болады. Прецедентті мәтіндер қоғам, адам өміріндегі түрлі өзгерістерге орай 
олардың көңіл-күйін, ұстанатын қағидаларын көрсетуінің нәтижесінде тарихи 
тұрғыдан ауыспалы коннотацияға ие болады да, бір кезеңде әсер-қуаты күшті 
болған мәтіндер келесі бір мезгілде мүлде ескерусіз қалуы мүмкін. Күшті әдеби 
мәтіндердің тілдік-мәдени қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес болуы немесе 
одан тыс қалуы әр қилы объективті және субъективті себептерге байланысты. 
Олардың ең бастылары ретінде зерттеуші Г.В. Денисова көрсеткен өлшемдерді 
атап айту керек: «автор табысын сәтті қолдану стратегиясы, оны оқитын 
және/немесе ол араласатын ортаның беделділігі, сондай-ақ мәтіннің өзінің 
ерекше қасиеті» [13, 130]. Таратыңқырап айтар болсақ, қаламгер өз мәтініне 
салған 
мазмұнды-нақты, 
мазмұнды-астарлы, 
мазмұнды-концептуалды 
ақпарларды оқырмандардың өз мәнінде толық, автор ниетіне сай қабылдап, 
түсінуі; ақын-жазушы өмір сүріп отырған тілдік-мәдени қоғамдағы 
құндылықтар өлшемінің бірыңғай болуына байланысты белгілі бір әдеби 
шығарманы эталон ретінде танитын топтың болуы және олардың әдеби 
талғамдары тұтас қоғамда пікір қалыптастыра алатындай, сұраныс тудыра 
алатындай салмақты, беделді болуы; сондай-ақ мәтіннің қысқалығы, 
эмоционалдылығы, еске тез түсіп, ситуацияларға байланысты өзгертіп не 
өзгертпей қайта қолдануға бейімділігі, көп мағыналылығы, бағалау құралы 
бола алатындығы сияқты қасиеттері.
Күшті әдеби прецедентті мәтіндердің қалыптасуына өткен ғасырдың 90-
жылдарының басына дейін жұмыс істеп келген әдеби цензура да ықпал еткенін 
айта кету керек, өйткені шығармашылығын таратуға тыйым салынған 
қаламгерлердің көпшілігінің өлеңдері эталон мәтіндер қатарына жататынын 
уақыт өзі дәлелдеді. Мысалы, М. Жұмабаевтың шығармашылық контексі 
қазіргі ақындардың біразына прецедентті мәтін ретінде қызмет етуде. Бұл 
орайда Т. Шапайдың мына бір пікірін еске сала кету орынды: «Меніңше, кейбір 
әдебиеттерде, айталық, көне шығыс поэзиясында пәленшенің ұстазы (немесе, 
ізбасары, шәкірті) түгенше деп нақтылап айту тым шартты нәрсе. Мәселен, 
ортағасырлық шығыс шайырларының негізгі, анық ұстазы – тұтас әдеби 
канондар. Қазақтағы жыраулық поэзия туралы да осыны айтуға болады. ... 
Абайдан бастап, жалпыпоэтикалық үрдістермен қатар ақынға ерекше ықпал 
еткен, оның поэтикалық әлемінде үзілмей желі тартып жататын жеке есімдер 
пайда болды. Абай үшін қазақ топырағындағы мұндай ең алғашқы тұлға, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


134 
даусыз – Дулат» [53, 27]. Бұл пікір ғалымның Абай мен Дулат 
шығармаларының семантикалық, лексикалық, синтаксистік деңгейдегі 
байланыстарына, «ауыс-түйістеріне» қатысты ойларының кіріспесі болғанмен, 
мәтінаралық байланыстар қандай деңгейде болсын, көркемділік канонына, 
эталонына айналған мәтіндерден байқалатынын көрсетеді. Мұндай эталон 
мәтіндер әр уақытта түрлі объективті, субъективті себептерге байланысты 
бірде өзектеніп, бірде назардан, қолданыстан тыс қалып жатады, дегенмен 
олардың белгілі бір ұлттық-тілдік-мәдени қоғамдағы маңызы жойылмайды.
Претекстер тілдік тұлға жадында белгілі бір тәртіппен, жүйемен 
сақталмайды, ол тек қажеттілік туған кезде ғана, тұтасымен немесе жеке 
фрагменттерімен ойға оралып, қарым-қатынасқа түсушілердің когнитивтік 
кеңістігін, тілдік-мәдени құзіретін танытады. Ал қаламгер де, оқырман да тілдік 
тұлға болғандықтан, өз жадынан дайын, әсерлі, басқаларға жақсы таныс 
фрагмент арқылы айтар ойына қосымша мән, реңк үстейді. Жоғарыдағы 
мысалдардың барлығында мәтін ішінде вербалданған прецедентті мәтін 
осындай қызмет атқарып тұр. 
Прецедентті мәтін өзі кіргізіліп отырған мәтінде мағыналық ұйытқы 
сөздердің парадигматикалық, синтагматикалық және эпидигматикалық 
қатынастары арқылы, түрлі символдар арқылы вербалданады. Интертекстуалды 
элементтер кейде арнайы маркерленсе, енді бірде еш ресімделмейді. Айта кету 
керек, қазақ әдебиетінде келтірінді құрылымдар көбіне тырнақшамен, бас 
әріптермен ажыратылады, тек Т. Әбдіковтің повесінде ғана метатекст элементі 
қара шрифтпен ерекшеленген.
Прецедентті мәтіндерге қатысты айта кететін бір нәрсе: жекелеген 
зерттеушілер [29; 144; 145] қазіргі тілдік қорымыздағы көптеген 
фразеологизмдер бұдан ұзақ уақыттар бұрынғы прецедентті мәтіндер үзіндісі, 
жұрнағы деп есептейді. Бұл пікірдің ақиқаттығын гендерлік сипат алған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет