Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


« «Жетім қозы тас бауыр, жетім қозы тас бауыр, жетім қозы тас



Pdf көрінісі
бет120/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

« «Жетім қозы тас бауыр, жетім қозы тас бауыр, жетім қозы тас 
бауыр..» 
Көкірегінде жатталып қалған екі жол өлең бар-ды. Сол екі жол өлеңнің 
таңдайына жабысқан бірінші жолын үш қайтарды, екінші жолды, 
сыбырлап үш қайтара шақырды, екінші жол, бірақ, ұлудың ауыл үстіндегі 
заузасынан, ат осқырып оқ ысқырған қалың мұнардан шыға алған жоқ, 
Қараладай оқыранып келген жоқ»
.
Қаламгер прецедентті айтылымды Сәруарға айтқызғанмен, претекст тілдік 
тұлға ретінде тілдік-мәдени құзіреті мүлде қабыспайтын екі кейіпкерінің ішкі 
монологі арқылы үнемі актуалданып отырады. Ал бұның өзі халық аузында 
түрлі нұсқада 
(Жетім қозы тас бауыр, түңілер де отығар; Жетім қозы тас 
бауыр, маңырар да отығар; Жетім қозы тас бауыр, маңырар да түңілер) 
айтылып жүрген прецедентті айтылымның осы повестегі түзілімін, яғни соңғы 
нұсқаны танытуға мүмкіндік береді. 
Прецедентті айтылымның жекелеген компоненттерінің бірі эмоционалды, 
коннотативті бояуын өзгертсе (әдеби нормадағы 
қозының 
орнына Крейгель 
үнемі ауызекі сөйлеу тіліне тән, кішірейту, кемсіту мәнді 
баранчук
сөзін 
қолданады), басқалары 
(жетім, маңыраған)
 
сол бейтарап қалпында 
жұмсалады. Прецедентті айтылым семантикасындағы эксплицитті жетімдік, 
қайырымсыздық семалары мен имплицитті қорқыныш, дәрменсіздік семалары 
Крейгельдің сөзінде өзектеніп, мәтін түзуге қызмет етеді: 
«...Әлгі бірде ғана 
шабынып отырған баранчук быршып терлей бастаған екен. Крейгель өзін, 
бір сәтке, әлі үйіне жетпеген бөлтірікті әрі тілерсектеп, бері тілерсектеп 
меңдетіп алған арлан тазыдай сезініп еді. Мына баранчук мына бетімен 
жайыла берсе, енді біразда, тілін салақтатып жатып алатын сияқты 
(266-б.)».
Крейгельдің теріс көзқарасын осы микроконтексті құрайтын 
жағымсыз мәнді сөздер, контраст метафора күшейте түседі. 
269-бетте Сәруардың есіне қайта алғызған автор прецедентті айтылымның 
екі бірдей компонентін алға шығарып, Төрехан, Крейгель, Сәруардың 
арасындағы теке-тірестің шешілер сәтін көз алдына елестеткізеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет