166
Интертекстуалды элементтер Ж.Жақыпбаевтың жеке өлеңдерін де, тұтас
шығармашылығын да, жеке өзіндік аясына тән деректерді де көрсетеді:
ғарыш
жақ, нояндар, қағанат, Ләйлә өмір, жирен ат, жоғарыдан жымиясыз.
Бұлардың кейбіреулерін қаламгер графикалық тұрғыда ресімдесе, екіншілерін
олай ерекшелемеген. Тырнақшамен ажырату себебі – претекст ретінде
Ж.Жақыпбаевтың «нояндарын соңына ерткен қаһан» деген сөзі алынған, ал бұл
айтылым ақынмен рухани туыс, күнделікті тіршіліктің бар қайшылығын қатар
көріп, бір-біріне моральдік демеу көрсетіп жүрген адамдарға ғана белгілі еді.
Соңғы жолда ақын реминисценцияны парадигмалық трансформациялау
арқылы имплицитті түрде өзінің де сол ортаның бір мүшесі екенін аңғартады.
Басқа реминисценциялар қалың оқырманға таныс екеніне Г.Салықбаева күмән
келтірмейді.
Ж.Жақыпбаев пен Г.Салықбай өлеңдерінде құрылымдық, лексикалық,
синтаксистік деңгейдегі байланыстардан басқа өздері үшін прецедентті деп
есептелетін, яни олардың жеке өзіндік аясына қатысты есім арқылы да орнатуға
болатын интертекстуалдылық бар. Екі ақынның тек өздері үшін ғана орны
бөлек достарының есімі пароль есебінде, яғни екі ақынға ортақ адамдар аясы
барын көрсететін маркер:
Бүгін таң да тамашарақ атқандай,
Күн жоғалтқан жымиысын тапқандай.
Салтанатты
Достарыңызбен бөлісу: