Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет135/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

тауып ап, талмай есе бер...» 
Ақынның лингвоментальді танымында теңіз концептісінен гөрі аспан, 
дала, қала, күн, өсімдік парадигмасына кіретін лексемалар басым кездесетінін 
ескерсек, интертекст М. Цветаеваның өлеңдер циклын аудару барысында сол 
контексті жалпылап, еркін игеріп, аудару нәтижесінде туындаған деген 
ойдамыз. 
Интертекстуалды элементтердің парольдік қызметі, байқалып отырғандай, 
шығармашылық контексі мүлде ұқсамаса да, өмірлік ұстанымдары, адами 
қасиеттері ұқсас, жеке өзіндік аялары өзара тығыз байланысты қаламгерлер 
текстерінде көптеп кездеседі.
Ғ. Жайлыбайдың төменгі жолдарын да парольдік қызмет атқарады деуге 
болады, себебі ақын өзінің жеке аясына қатысты аллюзия арқылы М. 
Мақатаев шығармашылығына да сілтеме жасайды. Текстаралық байланыс 
ақындардың туған айын атау арқылы орнатылады: 
Көк аспан жерге жақындар, 
Ақ боран – ардың өлеңі. 
Ақпанда туған ақындар 
Ақ түсті жақсы көреді.
Сонымен, интертекстуалды элементтерді автор кейде пунктуациялық 
тұрғыда ерекшелесе, енді бірде олай ресімдемейді. Бірінші жағдайда бұл автор 
тарапынан оқырманға өз тексін түсінуге көмек болса, екінші жағдайда қаламгер
өз оқырманының тілдік, текстік құзіретіне шүба келтірмейді. 
Қазақ көркем әдебиетінде негізінен интертекстердің сілтемелік, 
бағалауыштық, айшықтаушы қызметтері өте жиі кездеседі, ал текст түзушілік 
қызметі оларға қарағанда біршама аз болса, парольдік қызметтегі интертекстер 
сирек ұшырасады. Ол объективті себептерге байланысты. Қалың оқырман 
қаламгерлердің жеке аясына қатысты деректерді білмейді және білуі шарт та 
емес. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


168 
ТҮЙІН. 
Интертекстуалды элементтер көркем мәтінде сан алуан қызмет 
атқарады. Ғылыми айналымда бұл мәселе туралы пікірлерде бірізділік жоқ. 
Негізінен, интертекстер қызметі автор интенциясы тұрғысынан жіктеліп, 
олардың оқырман үшін мән-маңызы аса есепке алынбай да қалып келеді. 
Көркем шығармадағы интертекстердің қызметі оқырманды қоғамдағы тілдік-
мәдени кеңістікпен, болмыспен байланыстыру болғандықтан, аса маңызды. 
Белгілі бір көркем шығармадан жадында қалған коммуникативтік бірлік 
арқылы оқырман да өз көзқарасын, пікірін, ниетін, бағалауын көрсете алады. 
Интертекстер 
қайта 
қолданылуға 
бейімділігі, 
жағдаятқа 
сәйкес 
полисемантикаға ие бола алу, әсерлілігі, қысқалығы нәтижесінде тілдік тұлға 
жадынан кез келген уақытта ассоциативті түрде өзектенуі мүмкін. Олар өз 
контексінен ажырап, айтушының өз сөзіне айналып кеткенімен,,бұқаралық 
сипатқа ие бола алмайды, яғни таралуы белгілі бір локалды уақытпен, 
мекенмен шектеледі. Алайда мұндай коммемораттардың қанатты сөздер 
қатарына өту мүмкіндігі жоғары екенін де айта кету керек. 
Көркем мәтіндегі келтірінді элементтердің қызметін 5-ке бөлуге болады: 
а). Интертекстердің сілтемелік қызметі; ә). Интертекстердің текст түзушілік 
қызметі; б). Интертекстердің бағалауыштық қызметі; в). Интертекстердің 
айшықтаушы қызметі; ғ). Интертекстердің парольдік қызметі. 
Бұл аталған қызметтердің әрқайсысы кқркем мәтінде жеке-жеке көрінбей, 
конвергенциямен байқалуы өте жиі кездеседі. Дегенмен, автор мен оқырман 
үшін интетекстер қызметі көбіне сәйкес келе қоймайды. 
Көркем шығармалардағы эпиграфтар сілтемелік қызмет атқарады, оқырман 
екі мәтін контексін қатар алып, салыстыру, қарсы қою нәтижесінде өзі оқып 
отырған туындыны автор интенциясына сай, толық түсініп, интерпретациялай 
алады. 
Прецедентті құбылыстарға сілтейтін вербалды құралдардың қатарында 
мезгіл, мекен қатынасты білдіретін лексика-грамматикалық құралдарды, 
дейктикалық элементтерді атауға болады. 
Интертекстуалды элементтердің мәтін түзушілік қызметі көркем 
шығарманың тілдік құрылымында лексика-семантикалық парадигма негізінде 
жүзеге асады. Прецедентті құбылысты вербалдаушы бірліктің толық өзі немесе 
бір компоненті араға абзацтар салып өзектеніп отырады. Әрі ол интертекстің 
вербалды құрылымындағы сөздер ой жылжуында синтагматикалық, 
парадигматикалық қатынастар негізінде өзінің стилистикалық бояуын өзгертіп, 
оқырманның көзқарасын қалыптастыруға да жәрдемдеседі. 
Келтірінді элементтердің бағалауыштық қызметі бірден байқалады, яғни 
қаламгер белгілі бір туындыны претекст ретінде таңдап алуымен-ақ өзінің сол 
шығармаға көзқарасын ашық танытады. Ол бағалау сыни немесе құрметтеу 
екені ақын не жазушының болмысты қай тұрғыдан суреттеуіне байланысты. 
Егер бағалау сыни тұрғыдан болса, жаңадан түзілген мәтін, яғни интертекст 
пародия болады да, құрметтеу, үлгі тұту мақсатын көздесе интертекст еліктеу 
немесе стилизация ретінде түзіледі. Автор интертекстуалды элементтердің 
бағалауыштық қызметін өз баяндауында да, кейіпкер тілінде де беруі мүмкін, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


169 
өз кезегінде оқырман сол интертекст арқылы кейіпкердің жасы, білім деңгейі, 
өскен ортасы сияқты деректер ала алады. Интертекстердің бұл қызметі 
оқырмандардың претекске көзқарасы үшін аса мәнді де болмауы ықтимал. 
Көптеген көркем мәтіндерде интертекстуалды элементтер айшықтаушы 
қызмет атқарады, яғни троптар түрінде келіп, сипатталып отырған оқиға, 
құбылыс, фактінің коннотативтілігін, экспрессивтілігін, образдылығын 
арттыруға жәрдемдеседі. Мұндай қызметтегі интертекстуалды элементтер 
қаламгердің идиолектін танытатын окказионалды қолданыс ретінде де 
қарастырыла алады. 
Өмірлік ұстанымы, рухани дүниесі ұқсас ақын-жазушылардың, сондай-ақ 
сол қаламгерлерге жақын топтардың жеке аясын қамтитын түрлі деректер 
арқылы түзілетін аллюзиялар көбіне парольдік қызмет атқарады. Қалың 
оқырманға түсініксіз болғанмен, мұндай аллюзиялар белгілі бір қаламгердің 
шығармашылығы туралы қосымша ақпар беріп, оның жекелеген мәтіндерінің 
семантикасын толығырақ, дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


170 
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 
Адамзат қоғамы өз білімін мәтіндер арқылы жинақтап, ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізіп келе жатқанына талай ғасыр өтсе де, мәтін термині және оның 
дериваттарының белсенді қолданысқа түсуі тек XX ғасырдың 60-жылдарынан 
басталды. Әлемдік ғылым айналымда мәтін сөзінің 300-дей терминдік 
дефинициясы болғанмен, мәтінді зерттейтін әр саланы айтпағанда, бір ғана 
филология аясында бірізді анықтама жоқтығы байқалады. 
Мәтін – лингвистикалық жағынан талдануы аса қиын, күрделі нысан, 
себебі оның мән-мағынасы, мазмұны оны құрайтын абзацтар мен күрделі 
синтаксистік тұтастықтардың ерекше байланысына, ассоциативтік-бейнелік, 
эмоционалдық, коннотативтік қабылдауға негізделеді. Мәтіннің вербалды 
құрылымында 
барлық 
деңгейдегі 
тілдік 
бірліктермен 
қатар, 
экстралингвистикалық деректер де көрініс табады. Мәтін белгілі бір 
тақырыпты ашатын мағыналық ұйытқы сөздердің парадигматикалық-
синтагматикалық байланыстары негізінде түзіліп, қоғам мүшелерінің белгілі 
бір тобына арналған ақпарды жеткізуге қызмет етеді, яғни адам, уақыт және 
кеңістік санаттарына тікелей тәуелді. Сондықтан мәтіндер функционалды 
тұрғыда ресми, публицистикалық, ғылыми және көркем мәтіндер деп бөлінеді. 
Бұл мәтіндердің өздеріне тән формалды құрылымдары, тілдік-фразеологиялық 
құралдары, нормасы болады және олар ортақ заңдылықтарға сәйкес түзіледі. 
Соған байланысты мәтіндердің қай-қайсысына да зерттеушілер үлкен 
қызығушылық танытқанмен, коммуникативтік-прагматикалық сипатына қарай 
көркем мәтіндер ерекше жиі, көп және әр қырынан қарастырылады. 
Көркем 
мәтіннің 
негізгі 
санаттарының 
қатарына 
мағыналық 
байланыстылық, ақпараттылық, бірігушілік, біртұтастық, континуум мен 
дисконтинуум, 
бөлшектенушілік, 
интегративтілік, 
аяқталғандық, 
интертекстуалдылық жатады. Бұл санаттардың бірі міндетті болса, енді 
біреулері факультативті болуы ықтимал, алайда олардың бәрі бір-бірімен етене 
байланыса, біріге келетіндіктен, мына санаты мазмұндық, ал келесісі формалды 
деп айырудың, әрқайсысын дербес сипаттаудың еш жөні жоқ.
Көркем туынды – түрлі ашық және жасырын санаттар арқылы түзілетін 
күрделі, көп мағыналы эстетикалық-коммуникативтік жүйе. Мәтін санаттары 
өзара лексикалық, логикалық, грамматикалық, синтаксистік байланысқа түсіп, 
мәтіннің тұтастығына қызмет етеді, оның аяқталған бітімін қамтамасыз етеді. 
Көркем шығарманың вербалды құрылымы бір тақырыптық өріске қатысты 
мағыналық ұйытқы сөздермен беріліп, олардың парадигматикалық және 
синтагматикалық қатынастарын қамтиды да, мазмұндық-нақты ақпарды түзеді. 
Мәтіннің осы лингвистикалық контексі мен вертикал контекст бір-бірімен 
ұштаса, сабақтаса келіп, өзара диалог құрайды, яғни көркем мәтіннің 
мазмұндық-астарлы, мазмұндық-концептуалды ақпарын қалыптастырады. 
Әрбір көркем туындыны түсіну, қабылдау, талдау қаламгер интенциясына 
және оны оқырмандардың қабылдауына байланысты. Осыған орай көркем 
мәтіннің стилистикасы автор және оқырманның тілдік тұлғасы тұрғысынан, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


171 
бірақ бірлікте қарастырылуы тиіс. Автор стилистикасы, негізінен, дәстүрлі 
стилистика 
аясында 
зерттелсе, 
оқырман 
стилистикасын 
қабылдау 
стилистикасына 
(стилистика 
декодирования) 
жатқызамыз. 
Қабылдау 
стилистикасының басты тәсілдері мен қағидаттарын негіздеушілер ретінде 
орыс тілші-ғалымдары Л.В.Щербаны, Ю.С.Степановты, И.В.Арнольдті атауға 
болады. 
Кез келген оқырман үшін көркем мәтіндегі ұсыну қағидатының маңызы 
зор. Бұл қағидатқа сәйкес, көркем мәтіндегі мән-маңызы жоғары негізгі 
ақпарды өзектендіретін арнайы тәсілдер болады, олар тіл жүйесінің барлық 
деңгейлеріндегі бірліктермен көріне алады. Ұсыну қағидатының типтері 
ретінде мәтінде стильдік тәсілдердің конвергенциясы, контраст, әр алуан 
қайталамалар, бірігу, алдамшы сенім әсері, мәтіннің күшті позициялары 
(тақырып, эпиграф, бастапқы және соңғы сөйлемдер) қарастырылуы тиіс. 
Нақты бір көркем шығармада бұлардың бәрі конвергенциямен де, жеке-жеке де 
кездесуі мүмкін. 
Ұсыну қағидатына сай қарастырыла алатын құралдардың бірі ретінде 
көркем мәтіндегі әр түрлі келтірінді құрылымдарды атауға болады. Келтірінді 
құрылымдар немесе цитация оқырман оқып отырған шығарманы өзге 
функционалды және семиотикалық жүйе мәтіндерімен, қоғамдағы әр кезде 
болған маңызы түрлі дәрежедегі әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени деректермен 
ассоциативтілік негізінде байланыстырады, сол мәтіндегі жекелеген 
оқиғаларды өзектендіреді. Олар өздері енгізіліп отырған мәтінде ойды дамыту, 
мәтін түзу, бағалау, айшықтау т.б. қызметтер атқарып, екі мәтінді қатар немесе 
қарсы қою, салыстыру арқылы оқырманның прагматикалық әсерін 
қалыптастырады.
Бастапқыда постмодернистік әдебиетте жиі қолданылу нәтижесінде назар 
аудартқан цитация барлық бағытта жазатын қаламгерлердің көркем 
шығармаларындағы мәтінаралық байланыстарды вербалдайтыны дәлелденді. 
Әлемдік әдеби-мәдени үдерістің бір тармағы болып саналатын қазақ 
әдебиетінде 
постмодернизмнің 
жекелеген 
құраушылары 
болғанмен, 
цитациямен жазу аса көп кездеспейді. Дегенмен, қазақ ақын-жазушыларының 
туындыларында цитация қағидатымен енгізіліп, мәтінаралық байланыстарды 
көрсететін келтірінді құрылымдар кездесетіні және олардың зерттеу нысаны 
бола қоймағаны – ақиқат. Сол себепті мұндай келтірінді құрылымдардың тілдік 
репрезентациясын, олардың мәтін семантикасына әсерін, атқаратын қызметін 
лингвистер қарастыруы тиіс. 
Мәтінаралық байланыстар теориясы пайда болғаннан бергі 50 жылдың 
ішінде 
бұл 
құбылысты 
зерттеушілер 
арасында 
терминологиялық, 
дефинициялық бірізділік, сондай-ақ зерттеу нысаны не және қай ғылым 
нысаны екендігі туралы пікірталастар әлсін-әлі көтеріліп тұрды. Соған 
қарамастан қазір «интертекст», «интертекстуалдылық», «интертекстуалды 
байланыстар» жалпы филологиялық тұрғыдан қарастырылатын нысандар екені 
айқын. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


172 
Интертекстуалдылық термині Ю.Кристеваның сыни еңбектері арқылы кең 
мағынада түсініліп, кең тарағанмен, оның негізінде М.М.Бахтиннің, 
Ю.Н.Тыняновтың, Ф. де Соссюрдің ілімдері жатқаны белгілі.
Лингвистика нысаны ретінде бұл терминнің тар мағынасындағы «мәтін 
ішіндегі мәтін» түсініледі. Мәтін ішіндегі мәтін арқылы қаламгер өз 
шығармасына бөгде туындының жекелеген элементтерін енгізіп, сөйлеу 
субъектісінің өзгеруі нәтижесінде оның семантикасына қосымша мән-мазмұн 
үстейді, байытады, толықтырады. Көркем шығармаға енгізілген бөгде мәтін 
элементтерінің көлемі, нақтылығы, жанры, функционалды типі түрліше болып, 
тіл жүйесінің барлық деңгейлеріндегі бірліктермен көріне алады. Мәтінаралық 
байланыстарды жалпы орындар, тұрақты формулалар, ортақ мотивтер, 
мәтіндер контаминациясы, анаграмма деп түсіндіру де кездеседі.
Қалай болса да, көркем мәтіннің тілдік құрылымына оның өзінен бұрын 
жазылған шығармалардың образдар жүйесін, жалпы мазмұнын, концептуалды, 
астарлы ақпарын еске түсіретін әр түрлі үзіктер таңба ретінде кіргізіліп, 
алғашқы туындының семантикасында қатталған ақпармен ассоциация 
жасалады. Бұл филологиялық санаттарды ақын-жазушының саналы немесе өз 
еркінен тыс басқа шығармалардан алып қолдануы таза психологиялық, 
тұлғалық ұстанымдарға байланысты болады. Өзі оқыған мәтіннен жадында 
қалған сәтті, ұшқыр сөз, сөз тіркестерін, сөйлемді қаламгер қажеттілік туған 
кезде өз туындысына әр қилы мақсатта кіргізеді. Ондай келтірінді элементтер 
оқырмандар үшін де аса маңызды, өйткені олар көркем мәтіннің өзіне түсініксіз 
деген тұстарын басқа көркем шығармалармен байланыстыру арқылы ашып, 
қабылдай алады. Келтірінді құрылымдар мәтіндерде орналасу позициясы, 
мәтіннің жалпы семантикасына қатысы, автордың мақсаты және 
функционалдық 
типі, 
жанры 
тұрғысынан 
интертекстуалдылық, 
паратекстуалдылық, 
метатекстуалдылық, 
гипертекстуалдылық, 
архитекстуалдылық деп бірнеше түрге бөлінгенмен, қазіргі ғылыми айналымда 
мәтінаралық байланыстардың бар түрін интертекстуалдылық терминімен атау 
орныққан. Осыған байланысты «интертекст», «интертекстуалдылық», 
«интертекстуалды байланыстар» терминдері төмендегіше түсінілуі тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет