42
Мен бір минут ойламағам
Қиянатқа көнем деп.
Туған жұрттың ортасында
Қорлықпен өлем деп...
Кімге обалым, айтсаңдаршы,
Қаным қайда төгілген?
«Ат» деген кім? Атқан қайсың?
Қабірім қайда көмілген?
Бұл шығармалардағы аллюзияларды қаламгермен замандас, әдебиет,
мәдениетке жақын немесе қоғам өмірінде болып жатқан түрлі өзгерістерге
назар аударып отыратын оқырман бірден таныса, аялық білімі таяз, тілдік
құзіреті төмен оқырмандар түсінбеуі, сол себепті қабылдамауы мүмкін. Бұл –
мәдени деректердің ұлттық, әлеуметтік, конфессионалдық мән-маңызы, уақыт
– дерек пен оны вербалдаған аллюзия жазылған мерзімнің алыс-жақындығы
және мәтіннің оқырманға жету ұзақтығы, қоғамда уағыздалып отырған
идеология, оқырманның білім аясы сияқты түрлі объективті және субъективті
себептерге байланысты туындының автордан оқырманға жеткенге дейін
жоғалтатын әсер-қуаты, алайда ол толық жоғалып кетпейді. Белгілі бір уақытта
белгілі бір оқырман қабылдауында аллюзиялардың танылу әлеуеті
өзектенбесе, екінші бір оқырман қанша уақыт өтсе де, олардың
ақпараттылығын, астарлы ой түзетін мүмкіндігін танып, бағалайды,
қабылдайды, тұтас мәтін семантикасымен байланыстырып, өзіндік ой түзуге
пайдаланады:
Қабағыңнан күндердің діріл көрем,
Діріл көрем, жүректі тілімдетем.
Тірілсе ақын тірілер өлең болып,
Достарыңызбен бөлісу: