47
-
Сіз қызықсыз, Қосайдар. Қалыңдық өзінің сүйген жігітіне көтерем,
жауыр ат сыйлай ма екен...
-
Сонда қалай? – деді Қосайдар.
-
Тура жырдағыдай. Ол араға Айбас батыр жауыр болған күнқақты
аттарының бірін тастап кеткен.
Табиғат-болмысы таза, сезімі пәк, өмірден, сүйгенінен үміті мол қыздың
интерпретациясы халық арасында қалыптасқан, тіпті жыр мәтінінде келтірілген
дерекпен мүлде сәйкеспейді. Бұл Балқияның соны мінез-құлқын, образын
ашатын кілт десе де болады. Балқияның Қосайдарға жолдаған сәлемі - әнді
автор өзі қара сөзге айналдырып, басқа дос қызының аузына салады, яғни
сөйлеу субъектісі өзгереді. Хаттың семантикасы контрасқа құрылған, ол түптеп
келгенде Қосайдар мен Балқия тағдырының проспекциясы десе де болады, яғни
ол екеуінің болашақ өмірінің қалайша қалыптасатынының болжамы. Шынында
да, Балқияның махаббаттан жолы болмаса да, жауапсыз сезімінің өз өміріне
кері әсерін тигіздірмеуге, оған мойынсұнбауға ерік-жігері жеткен беріктігі,
керісінше, Қосайдардың өмірден өз орнын ала алмаған бос, жігерсіз екені
әңгіме семантикасынан байқалады.
Автор өз баяндауын екі сатымен өзгертеді: баяншы – Балқия, Балқия -
сары қыз. Қаламгер әңгімеде өз кейіпкері шығарған әнді мазмұндап беруі
арқылы екі бірдей кейіпкерін мінездейді. Бұл «мәтін ішіндегі мәтінді»
синкретті деп те қарастыруға болады, өйткені ойдан шығарылған болса да,
келтірінді мәтін басқа семиотикалық жүйеге, яғни әнге жатады.
«Әңгіме ішіндегі әңгіме» түрінде жазылған «Әйел махаббатында»
қабылдау стилистикасындағы ұсыну қағидатының бір көрінісі болып
табылатын атау мен эпиграф әңгіме семантикасынан тікелей хабар береді.
Жазушы эпиграфқа алған Мопассанның бір кейіпкерінің сөзі мен әңгіме
семантикасы мүлде қайшылықты: « - Иә... шын сүйе алатын тек әйелдер ғана».
Атаудағы әйел сөзі әңгімеде төрт рет қана кездеседі, алғаш бейтараптығы
нәтижесінде тек жай ғана номинативтік қызметте қолданылса
Достарыңызбен бөлісу: