Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет90/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

Прометей 
прецеденттік атауының әлеуетін көптеген 
ақындар өз шығармашылығында пайдаланады. Мысалы, Қ. Аманжолов атақты 
«Ақын өлімі туралы аңыз» өз кейіпкері Абдолла Жұмағалиевті Прометейге 
теңейді. Бұл мифонимнің оқырман ойында актуалдануы оның бірнеше 
дифференциалды белгісі мен атрибутына, яғни прецедентті атаудың ядросы 
мен перифериясының вербалдануына байланысты – Прометейдің адамдарға өз 
еркімен көмегі, өзінен күші басым құдайларға қарсылығы, жанкешті төзімділігі 
және оның қолындағы от, оның шынжырда, демек, қыспақта болуы. Қаламгер 
суреттеуінде қолында гранатасы бар ақынның сыртқы іс-қимылы, от 
қоршауында қалуы, оның адамзаттың жоғары идеяларына шын мәніндегі 
сенімі, яғни адамдарға көмегі, сол жолдағы азабы Прометей бейнесі арқылы 
танылып, Абдолланың ерекше рухты, ерекше қажырлы образы жасалған. 
Поэманың мазмұндық-нақты, мазмұндық-астарлы, мазмұндық-концептуалды
ақпарлары оптимистік трагедия модальділігін түзеді:
Шұғыла шалған кешкі бұлттай, 
Толқын шашта оттар ойнап, 
Өрт топанын кешіп Нұһтай 
Тұрды ұқсап,
тұрды кейде 
От ұстаған Прометейге
.
Дәл осы мифонимді қолданған белгілі ақын Ф.Оңғарсынова «Жерошақ» 
өлеңінде прецеденттік атаудың өз бойына жинақтаған басқа бір белгісін 
өзектендіреді, 
ол 
– 
Прометей 
бойындағы 
қайырымдылық. 
Осы
дифференциалды белгіні локальды кеңістік пен уақытқа түсірген ақын өз 
анасының көтеріңкі образын жасауға қолданады: 
Есімде - анам көмген жерошақтан, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


120 
Ертемен от алуға жұрт келетін. 
Мезгілің озған сайын жыл ескіріп, 
Әр үні бал шағымның жүр естіліп: 
Анашым Прометей боп көрінетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет