126
§30. Тері аурулары және гигиенасы
Тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру
Тері аурулары, олардың сипаттамасы.
Тері үнемі ауру тудыратын
микроағзалар және басқа қолайсыз сыртқы әсерлерге ұшырап отырады.
Барлық тері жұқпаларын үлкен 3 топқа бөлуге болады:
бактериялық,
патогендісаңырауқұлақтар
және
паразитжануарлар
тудыратын
ауру-
лар.
Тері жұқпаларының қауіптілігі: қозды рушылар тері арқылы өтіп қан
тамырлары мен лимфа тамырларына енуі мүмкін. Қанға өткен жұқпалар
жылдам көбейіп, тереңде орналасқан ұлпалар мен мүшелерді, сүйек пен
бұлшық еттерді зақымдайды. Сондықтан тері жұқпасы байқалған кезде
тез
дерматологдәрігерге
қаралу керек.
Терінің кең таралған саңырауқұлақ тудыратын ауруларының
бірі – теміреткі (
стригущий лишай)
. Ол
теріні, шаш пен тырнақты
зақымдайды. Теміреткі пайда бол ған жерде шаш түсіп қалады. Тері
толық тықырланады. Саңырауқұлақты жұқтыру көзіне өсімдіктер, жа-
нуарлар, ауру адамдар мен олардың пайдаланған заттары болуы мүм-
кін. Сондықтан басқа адамның тарағын, жекебас гигие насы заттарын
пайдалануға, киімі мен аяқкиімін киюге болмайды. Малшаруашылығы
және үй жануарларын күту кезін де гигиена ережелерін қатаң сақтау
керек.
Тағы бір тері ауруы –
қышыма қотыр (чесотка)
.
Бұл ауруды өте
ұсақ (ұлғайтқыш құралсыз көруге болмайды) қышыма қотыр кенесі ту-
дырады. Кене саусақ арасында, аяқ және қолдың буын бүгілістеріндегі
тері астында болуы мүмкін. Ауру белгілері – аталған жерде тоқтаусыз
қышу пайда болады. Қышыма қотыр ауру адамнан тұрмыстық зат-
тар, есік тұтқасы, қол алысып амандасқан кезде және т.б. жағдайда
жұғатын жұқпалы ауру болып табылады.
Қышыма қотырдың алдын
алудың бастапқы шарасы – гигиена сақтау, аурудың алғашқы белгілері
байқалған кезде дәрігерге қаралу керек.
Ауру қоздырушылары ауада және заттардың бетінде ұзақ уақыт
тіршілік етеді. Сондықтан үй-жайды зарарсыздандыратын сұйықтық
(мысалы, хлораминді) қолданып, заттардың беткі жағын,
есіктің тұт-
қаларын, еденді ылғал шүберекпен сүрту қажет.
Тері зақымданған кезде кесілген жерді және басқа жараларды
антисептикалық заттармен өңдеу керек.
Жұқпаның кейбір қоздырушылары ауруды дамытпай, теріде
(сілемейлі қабықта, тісте) ұзақ уақыт тіршілік етуі мүмкін. Егер ағза
127
әлсіресе, оның қорғаныш күші төмендейді.
Осы кезде қоздырушылар
агрессиялық кезге өтіп, ауру дамуы мүмкін. Яғни жекебас гигиенасы-
нан басқа жалпы ағза саулығын сақтау керек. Иммунитеттің әлсіреуіне
қандай да бір аурумен ауру, авитаминоз,
антибиотиктерді бақылаусыз
қабылдау себеп болуы мүмкін.
Иммунитетті жалпы нығайту, дұрыс тамақтану, жекебас гигиенасы
ережелерін сақтау – тері жұқпаларының алдын алу шарасы болып табы-
лады.
Безеу бөртпелері
– терінің сыртқы (бактериялық), ішкі (зат алма-
су, гормондық) себептен зақымдануы. Безеу бөртпелерімен күресудің
медициналық емес әдісі – теріні таза ұстау. Тері саңылауы шаң-тозаң
бөлшектерімен бекітіліп қалмауы керек, ал май бездерінің түзінділері
(секрет) бір күнде 2–3 рет алынып отырса, бактериялық типті безеу
бөртпесі дамымайды.
Достарыңызбен бөлісу: