А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет98/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Тері гигиенасы.
Тері және оның қосымша түзінділерін (шаш, тырнақ) 
таза ұстау керек. 
Терінің лас болуы көптеген ауруларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан 
күн сайын душқа түсіп, дененің ашық бөліктерін: аяқ-қолды, мойынды 
және т.б. жүйелі түрде жуып отыру керек. Қолды жумай бет терісін 
ұстауға болмайды. Жекебас гигиенасын сақтамау – көптеген тері 
жұқпаларына себеп болады. 
А
дәрумені жетіспеген кезде тері құрғап, 
жарылып кетеді. 
Шашты оның түріне қарай күту керек. Шаш майлылығы жоғары 
болған кезде оны жиі жуу қажет. 
Аяқ пен қол тырнақтарын уақытында алып отыру керек. Себебі 
тырнақ астында микроағзалардың едәуір бөлігі жиналады. Тырнақ ма-
ңайындағы кез келген жара мен зақымды сутегі тотығымен, йодпен, зе-
ленкамен және т.б. зарарсыздандыру керек. 
Тері тазалығы мен саулығына киім мен аяқкиім де әсер етеді. Егер 
киім мен аяқкиім жасанды теріден, ауа өткізбейтін материалдан жасал-
са, онда теріге зор зиян келтіреді. лас тері өз қызметін толық атқара ал-
майды және тері ауруларына ұшырайды. Сондықтан киім мен аяқкиімге 
қойылатын бас ты талап – ауа өткізуі және ылғал сіңіруі қажет. 
Бактериялық,­ саңырауқұлақ­ және­ паразит­ жануарлар­ туды-
ратын­аурулар,­теміреткі,­қышыма­қотыр,­безеу­бөртпесі,­А­
дәрумені,­дерматолог.


128
Білу және түсіну:
1. «Тері гигиенасы» деген түсініктің мағынасын айтыңдар. 
2. Саңырауқұлақ тудыратын аурулар дегеніміз не? Олар қандай болады? 
3. Неліктен тері аурулары қауіпті екенін түсіндіріңдер. 
қолданылуы: 
1. Өсіп кеткен тырнақ не үшін қауіпті екенін мысалдар келтіріп дәлел-
деңдер. 
2. Бактериялар тудыратын безеу бөртпесінің алдын алу шаралары 
қандай? 
3. «Тері ауруларының алдын алу шаралары» деген жаднама жасаңдар. 
Талдау:
1. Тері ауруларының белгілерін талдаңдар. Ауру және оны қоздырушылар 
арасындағы байланысты анықтаңдар. 
2. Адамның терісінде өзіне тән түсі бар жарық (проплешины) пайда бол-
ды. Бұл жараны қандай паразит ағза тудырады? 
3. Адамның саусақтарының арасы басылмай қышиды. Бұл ауруды 
қандай паразит тудырады?
4. Тері ауруларының пайда болу себептері мен жұғу жолдарын сыз-
ба түрінде бейнелеңдер. Сонымен қатар алдын алу шараларын 
көрсетіңдер. 
Синтез:
1. Терісінде көптеген жарықтары (проплешины) бар сиырды күтетін 
адамға қандай ауру жұғуы мүмкін? 
2. Ауру қоздырушыларының жүйедегі орындарын критерий бойын-
ша жүйелеңдер. Олар терінің қандай жұқпалы ауруларын келтіріп 
шығарады және олармен күресудің қандай шараларын білесіңдер? 
Бағалау:
1. Адам ағзасында не жетіспегенде терісі құрғақ болады әрі жарылып 
кетеді? 
2. Сыныпта мынадай мәселені талқылаңдар: адам терісіне зақым келмеу 
үшін қандай киім қажет?
3. Мына адамдардың қайсысы тері ауруларынан жақсы қорғалғаны 
туралы пікірлеріңді айтыңдар: 1) жиі жуынатын, тісін тазалайтын 
және гигиенаны қадағалайтын; 2) спортпен айналысатын, дұрыс 
тамақтанатын және дәрумендер ішетін.
Пікірталас:
Егер жеке гигиена ережесі сақталатын болса, теріде қандай да бір 
проб лема туындауы мүмкін бе? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет