• Ұйымдастырушылық өзгерістер
мен инновациялар;
• Іскерлік келіссөздер мен жанжал тактикасын басқару;
• Еңбекті ұйымдастырудың жүйесі;
• Тиімді әрі жемісті басқару қызметі.
Басқарудың тиімді жақтарын қарастырайық.
Неге бір менеджердің
жұмысы басқа ме- неджерге қарағанда тиімді болып келеді? Осы орайда
біз танымал зерттеуші Фред Лутанстың әріптестерімен бірлесіп
зерттеген
менеджерлер қызметін қарастырамыз. Олар 450 басқарушы мен
қызметкерлердің 4 бағыттағы іс-әрекеттерін зерттеген:
1. Дәстүрлі басқару. Шешім қабылдау,
жоспарлау және бақылау;
2. Қарым-қатынас. Қарапайым ақпаратпен алмасу және құжаттарды өңдеу;
3. Адами ресурстарды басқару (HR). Ынталандыру, құлықтылық,
кикілжіңдерді басқару,
қызметкерлерді іріктеу
және оқыту;
4. Нетворкинг. Аутсайдерлармен қарым-қатынас жасау және ықпалдасу.