Когнитивтік фразеологияның зерттеу нысанының пробле-
малары когнитивтік семантика, дискурсология, психолингвисти-
ка, этнолингвистика, лингвомəдениеттану т.б. құзырлы ғылымдар
тоғысында айқындалады.
Өйткені фразеологиялық тұлғаның семанти-
касы танымға байланысты десек, онда онымен (таныммен) жалғаса сөз
етілуге тиісті мəселелер: фразеологизм прагматикасының дискурстық си-
паты, санада жəне сөйлеуде тұрақталған тіркестің психолингвистикалық
ерекшелігі, тұрақты тіркестің этнос тіршілігі мен оның мəдени өміріне
қатысы талданады.
Когнитивтік фразеологияның пəні – когнитивтік-дискурстық
кеңістікте фразеологиялық тіркестердің таным мен мəденитет
ықпалымен өзара əрекеттестігі.
Когнитивтік фразеологияның мақсаты – когнитивтік-қаты-
49
сымдық жағдаяттарды сипаттайтын фразеологизмдердегі кон-
цептөрістерді анықтау арқылы ментальдық модельдерді көрсету.
Фразеологиялық тіркесті айтылым
дискурс
проблемасымен тіке-
лей байланысты. Тек дискурс қана коммуниканттың тілдік танымының
мəтіндермен ассоциативті мағыналық байланысын жан-жақты көрсете
алады.
Адам өз тілдік болмысындағы концептіні бір тіркестің вариант, си-
ноним қолданысы жəне түсінігі арқылы сыртқа шығара алады. Мыса-
лы, уақытқа қатысты
жылдамдық
концептісін –
қабақ қаққанша, қабақ
қақпай, кірпік қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас қағымда, қас пен
көздің арасында
тіркестерімен сипаттайды.
Фразеологиялық тіркестер
когнитивтік-дискурсивтік талдау əдісі,
сипаттау
жəне
компоненттік талдау
сияқты дəстүрлі семантикалық
талдауға негізделеді. Мəселен, талданатын концепт алдымен оның
семантикалық құрылымын талдау арқылы жүзеге асырылады. Кон-
цептіні толық тарата талдау үшін дискурстық түрлі шарттарға бай-
ланысты
фразеосемантикалық өріс, фразеосемантикалық топтар,
фразеологиялық синонимдер
қоса қарастырылады.
Қазіргі білім парадигмалары гуманитарлық ғылымдардың зертте-
лу аясын когнитологияның принциптері бойынша жан-жақты, терең
қарастыруға кеңінен мүмкіндік берді. Бұл ретте пəн аралық кешенді
зерттеу үлгілерімен фразеология саласына да жаңа проблемаларды,
лингвомəдениеттаным, психолингвистика, пргамалингвистика, когнитив-
тік лингвистика тұрғысынан қарастыруды жолға қойды. Тіл – адамның
күрделі таным əрекетінің нəтижесі болғандықтан, бұл бағыттардың
барлығы антропоцентрлік зерттеу нысанына айналғандығының бел-
гісі.
Когнитивистика – адамның тілдік ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеу,
пайдалану туралы ғылым.
Лингвистикалық пəндер арасында когнитологияның аса белсен-
ді жəне жан-жақты дамуының арқасында, фразеологияда, əсіресе,
экстралингвистикалық ақпараттарды қарастыруға ден қойды.
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа категориялардың бірі – «əлем бейнесінің
тілдегі ұғымы жəне концептуалдық талдау». Бұл мəселе қысқа мерзім-
де зерттеліп бітетін сала емес, уақытты қажет етеді. Өйткені осы күнге
дейін зерттеу нысаны болған фразеология мен лексикологияның дəстүрлі
50
аспектілері когнитивтік талдау нəтижесінде филология саласы үшін жаңа
ізденістер мен тың тұжырымдар жасауды міндеттейді.
Зерттеудің лексикографиялық сипаттау, тарихи-салыстырмалы,
құрылымдық-семантикалық, стилистикалық т.б. лингвистикалық
əдіс-тəсілдері негізінде жасалған теориялық жаңа тұжырымдар тілдік
жағдаяттардың қазақстандық тілтаным кеңістігінде əлі жеткілісіздігін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |