Сұлу қыз тіркесіндегі
сұлу сөзінің тіркесімділігі кең. Бірақ
сұлу тере- зе, сұлу құмырысқа деп айтпайды. Ал осы тіркестерге ұқсас:
еркек кіндік- ті, басы ашық, жүз шайысу, қыпша бел, жел аяқ, аузын алу жоғарыда
талдаған сөз тіркестерінен мүлдем басқа. Бұлар құрамындағы сөздер
арқылы бір мағына жасайды. Мағыналары:
Еркек кіндікті – ер адам, басы ашық /нəрсе/ – даусыз, айқын ,
жүз шайысу – ренжісу, қыпша бел – жіңішке бел, жел аяқ – жүйрік ,
аузын алу – пара беру; Көрсетілген мы-
салдар сөз тіркестеріне емес, фразеологизмдерге – тұрақты тіркестерге
жатады. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды, əрі барлық сөздер
бірігіп фразеологиялық мағына тудырады. Сондай-ақ, тек екі сөзден ғана
емес, компоненттер құрамы əртүрлі болып келетін де тіркестер бар.
Мысалы, емін-еркін билеп төстейтін адамның əрекетін –
айран- дай аптап, күбідей күптеп /пісіп/ деп бейнелі жеткізеді. Мұнда
көсемше тұлғалы тіркестің соңынан қимыл қозғалыс етістігі тұруы
шарт. Ал молшылықты білдіретін
– ит басына іркіт төгілу тіркесінің
грамматикалық түрленуі болады:
ит басына іркіт төгіл ген заман, ит басына іркіт төгілген дей т.б.
Тез, жылдам мағынасын
– қас пен көздің арасында – үстеу; Ескер-
ту мəнінде айтылатын –
айтпады деме толымсыз сөйлем; Ой толық
жеткізілетін–
айран сұрап келіп, шелегіңді жасырма сияқты
құрмалас
сөйлем типтес
тұрақты тіркестер сөз тіркестерінен мүлде бөлек тілдік бір-
ліктер. Талданған мысалдардың сөз тіркестерінен басты айырмашылығы:
фразеологизмдер бір нəрсенің, заттың, құбылыстың атын атап тұрған
жоқ, сол зат, құбылысты бейнелеп көрсетіп тұр.
Қазақ тілінің ең бай, құнарлы көзі – тұрақты тіркестер. Қатысым
əрекетінде лексикалық бірліктермен қатар жүретін қолданыс аясы кең
фразеологизмдер ең алдымен тіл байлығын көрсетеді. Фразеологизмдер
46
құрамындағы компоненттер, яғни сөз сыңарларының тұрақты тіркес
мағынасын жасауда өзіндік ерекшеліктері бар.
Фразеологизмдердің семантикасы құрамындағы сөздердің жеке
мағынасынан тумайды. Мысалы,