Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет55/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

2.7 Фразеологизмдер
ді лингвокогнитивтік т
алд
ау мəселелері
Когнитивтік құрылымдардың маңызы туралы барлығы мақұл-
даған ортақ түсініктің жоқтығынан, фразеологизмдерде де когни-
тивтік-семантикалық талдаудың алгоритмі жоқ деуге болады. Сондықтан 
когнитивтік фразеологияның ерекше лингвистикалық талдауы 
болмағандықтан, фразеологиялық тұлға мағынасының негізі мен ішкі 
формасында жатқан когнитивтік құрылымды модельдеу əдісі керек дейді 
Н.Ф.Алефиренко [2008, 129]. 
Шынында фразеологизмдерді когнитивтік талдау əдістері қалыптасу 
кезеңінде деуге болады. Ол үшін концептлерді талдауда когнитивтік 
семантикададағы біраз тəсілдерді пайдалануға болады. Бұларға: 


80
ü
дефинициялау;
ü
контекстуалдық талдау;
ü
этимологиялық талдау; 
ü
концептерді репрезентациялаушы тіркестердің мағыналас қатарлары 
мен қарсы мəнді жұптарын талдау; 
ü
қазақ мақал-мəтелдеріндегі, афоризмдегі, жеке қолданыстағылардағы 
тіркестерді талдау амалдары жатады;
Зерттеушілер концепт табиғаты туралы өз бағыт-көзқарастарына 
қарай, когнитивтік жəне мəдениеттанымдық талдауды жиі ұстанады. 
Бұл ретте фразеологиялық тіркестерді когнитивтік талдау тəсілдеріне 
сауалнама мен ассоциативтік талдауды да қосылады. 
Мəдениеттанымдық жағынан фразеологиялық концептінінің 
тұрақталуы мен қолданыс ерекшеліктерін білу үшін оның мəдени түп де-
ректерінен, этимологиядан бастайды. Фразеологиялық концептінінің ішкі 
формасын анықтау сол концептіге байланысты ұлттық салт пен дəстүр, 
яғни этномəдениетке келіп тіреледі. Когнитивтік жəне мəдениеттанымдық 
тəсілдер когнитивтік фразеологияда бірін бірі толықтырып отырады. 
Фразеология мұндай талдау əдістерін бірге қосып пайдаланғанда ғана 
нақты нəтиже береді. Фразеологизмдерді когнитивтік талдау сөздіктерге, 
прецедентті мəтіндерге, жекелеген тілдік тұлғалардың айтқандарына, 
фольклорлық мəтіндерге, баспа басылымдар мəтіндеріне, паремияларға 
сүйенеді.
Тіркестерге семантикалық-когнитивтік талдау жалпы орталықтанған 
мəтін мен өріс принциптеріне сүйенеді. Бұл ретте фразеологизм тек 
мəтін арқылы ғана түзіледі жəне «мəтін ішінде мəтін» екендігін еске 
алсақ та жеткілікті.
Қазіргі ономасиологиялық теория негізінде, фразеологиялық концепт 
құрылымы өріс бойынша 
ядро
мен 
перифериядан
тұрады. Ядроға қатысты 
жағы мағыналық элементтің концепт идеясына қарай құндылығымен 
анықталады. Мұнда периферияның да маңызы назардан тыс қалмайды. 
Перифериялық аймақта фразеологиялық концепт əдеттегідей мəдени 
жəне прагматикалық түсінікке негізделеді. Сондықтан фразеологиялық 
концептіні талдау оның лингвомəдени ерекшеліктеріне: 
тарихына, 
мəдениетіне, тұрмыс-тіршілігіне
т.б. тілдік семантикасына иек артады. 
Когнитивік талдау тұрақты тіркестердің мағыналық аясын жан-жақты 


81
аша түсуге жəне фразеологияның семантикасын терең жəне нəтижелі 
зерттеуге ден қояды. 
«Тіл жүйесіне бағытталған құрылымдық лингвистикадан өзгешелігі 
сол, когнитивтік зерттеу тілдік жүйенің ортамен байланысына 
бағытталған» [В.Г.Гольдберг, 2003: 43]. Сондықтан да фразеологиялық 
материалдарды когнитивтік зерттеу – фразеологизмдерді қалыптастырған 
дикурсивтік кеңістікте – табиғи тілдік ортамен байланыстыра қарастыру 
деген сөз. Дискурсивтік орта – адамның ішкі жəне сыртқы қабылдауына 
қарай өмір сүретін ортасының санада бейнеленуі жəне тілдік таным-
мен түсіндірілуі. Сондықтан фразеологиялық тіркестердің өзгерістерге 
ұшырауы, түсіндірілуі, сақталуы мен интеллектуалдық-эмотивтік 
ақпараттарды жеткізілуі когнитивтік талдаудың еншісіне тиеді.
Когнитивтік фразеология үшін негізінен екі тəсіл:
Ø


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет