КІРІСПЕ 1. Фразеологиядағы жарыспалы терминдер жəне олардың бірізділігі Фразеология – тұрақты тіркестерді (кең мағынада) зерттейтін
лингвистикалық пəн. Сондай-ақ тілдердегі фразеологизмдерді қарас-
тыратын тіл білімінің дербес саласы.
Тіл білімінде (көбінесе еуропа, славян зерттеушілері) фразеоло-
гизмдерді түрлі топтастырулары бойынша қазіргі бөліп қарастырғанына
қарай, қазақ тіліндегі мысалдарымен көрсетсек:
идиомдар (ит мініп ирек қамшылау, мұрнынан есек құрты түсу, ит арқасы қиянда, түкіргі жерге түспеу, түйе үстінде сирақ үйту) ;
мақалдар (еңбегіне қарай өнбегі, орамал тон болмайды, жол болады, ер – елдің иесі, əйел – үйдің киесі); мəтелдер (тегін адам таз болмайды, бір тауда бір киік, итке мылтық не керек, əркім өз ботасын үкілейді); Бұларға қосымша дəстүрлі топтастыруда
қанатты сөздер (еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей, сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады,); коллокациялар (
жанды сөз, су мұрын, шикі өкпе, құдайы қонақ т.б. – дəстүрлі фразеологиялық тізбектерге қоса
шешім қабылдау, билік коридоры, ақпараттық соғыс т.б. мысалдар); деп бөледі.
Қазіргі фразеологиялық концепцияларда басқа топтары да, мəселен,
орыс тіл білімінде
грамматикалық фразеологизмдер ( біз
қайтала- малы (тавтологиялық) тіркестер деп атағанбыз) –
айтып айтпай не керек, өзім өз болғалы, ашықтан ашық, күндердің күнінде); Қатысымдық жағдаятта кездесетін сұраулы фразеологизмдер – не əкесінің құны бар?, не бəлесі бар? əкеңді өлтірдім бе? ) ; сөз етіліп
жүр. (Орыс тілінде келтірілген тіркестерге салыстырыла қазақ тілін-
дегі фразеологизмдердің мысалдары беріліп отыр). Жоғарыдағы
фразеологизмдердің типтерінде