Issn 2226 1176 индекс 75756


БОлаШақ ПедаГОГ-ПСиХОлОГТаРды кӘСІБи БаҒыТТаУ МӘСелеСІ



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
sciPaper29922

БОлаШақ ПедаГОГ-ПСиХОлОГТаРды кӘСІБи БаҒыТТаУ МӘСелеСІ
Н.С. Әлқожаева, С.Б. ертисова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме. 
Мақалада болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке дайындау мәселесі 
қарастырылған. Осы мәселенің психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде қарастырылуына 
талдау жасалынған, болашақ педагог-психологтарды дайындаудағы әртүрлі теориялық тұғырлар 
баяндалған. 
Түйінді сөздер: 
педагог-психолог, кәсіби білім, кәсіби шеберлік.
Қай кезде болмасын маман мәселесі 
өзектілігін жоймақ емес. Өйткені кадрлар бәрін 
шешеді демекші, мекемелер мен ұйымдардың 
сапасы кадрлар сапасына тікелей байланысты. 
Сондықтан да маман даярлау олардың жұмыс 
беруші 
орындарымен 
байланыстырылуы 
тиіс. Бұл тұрғыда әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университеті біршама оң бастамалар 
жасауда. Атап айтқанда жұмыс берушілерден 
элективті курстар ендіріліп, лидерлік дәрістер 
тыңдалуда. Соның ішінде философия және 
саясаттану факультеті жалпы және этникалық 
педагогика кафедрасы дайындайтын педагог-
психолог мамандары даярлығының мазмұнына 
тоқталуды болашақ маман ретінде жөн көріп 
отырмыз.
Педагог-психологтар 
классификатор 
бойынша 
педагогикалық 
мамандықтар 
жүйесінде. 
Алайда, 
педагогика 
және 
психология пәндері жалпы білім беретін орта 
мектептерде оқытылмайды, колледждер мен 
жоғары мектептерде ғана оқытылады. Тіпті, 
олардың спецификациясында көрсетілгендей 
мектептерде тек психолог маманының қызметін 
атқара алады, өйткені педагог-психолог деген 
штат жоқ. Мысалы, педагог-психологтар 
спецификацияда: 
– әртүрлі типтегі оқу-тәрбие ұйымдарында 
педагог-психолог (мектепке дейінгі оқыту мен 
тәрбиелеу жүйесі; жалпы білім беретін орта 
мектеп, кәсіби мектеп, бейіндік мектептер: 
гимназиялар, лицейлер);
– колледжде педагогика және психология 
пәнінің оқытушысы;
– әкімшілік органдарында (Білім және 
ғылым министрлігінде, облыстық, аудандық 
білім беру мекемелерінде, әкімшілікте) маман 
ретінде;
– интернаттарда, балалар үйлерінде, түзету 
және оңалту мекемелерінде тәрбиеші;
– әр түрлі ұйымдарда кадрлық қызмет 
бойынша, кадрларды даярлау және қайта 
даярлау қызметтерінде менеджер бағыттарында 
жұмыс істей алады, – деп көрсеткен. Өзіміз 
көріп отырғандай, педагог-психологтар қызмет 
көрсету бағыты бойынша әрекет жасайды. Олай 
болса, классификатор осы бағытта көрсетілгені 
дұрыс балар еді. Жоғарыда айтып өткендей 
түзету және оңалту мекемелерінде тәрбиеші 
болып жұмыс жасау үшін арнайы теориялық 
және практикалық даярлық керек. 
Кәсіби бағыттаудың мақсаты мен міндеттері 
маман даярлаудың негізгі теориялары және 
әдіснамасына сүйене отырып жасалады. Теория 
мен әдіснамалық идеялар, көзқарастар маман 
даярлаудағы оқыту формалары, әдістері және 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
60
ұстанымдары негізінде қалыптастырылады.
Кәсіби бағыттылық негізгі үш кұрауштан: 
«іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» тұрады. 
Мұндағы «іс әрекет» түсінігі философиялық 
сөздіктерде адамның спецификалық формасы 
табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы 
түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі 
ретінде анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының 
қарастырып отырған «кәсіби бағыттылық» 
ұғымымен байланыстырсақ ол тек практикалық 
тұрғыдан ғана емес, теориялық іс-әрекет 
ретінде, нақтылап айтсақ, белгілі бір білім 
дәрежесін ғана емес, сол білімді меңгерудегі іс-
әрекет реттілігінің ғылыми бағытын көрсетеді. 
Ал, «кәсіп» (лат. pofessio – белгілі бір іс-әрекеттің 
көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп 
қарастырған) – белгілі бір еңбек іс-әрекеті.
Бағдар, 
бағыттылық 
түсінігі 
әр 
ғылымда әртүрлі түсінікпен сипатталады. 
Энциклопедияда бағыт (фр. orientation – 
шығысқа көрсетеді, лат. oriens – шығыс) тікелей 
мағынада түсіндіріледі. Демек, «бағыттылық» 
түсінігі маман болып қалыптасудағы негзі 
атқаратын іс-әрекетінің бағытын көрсетеді. 
Кәсіби бағыттылық теориясын кәсіптік 
бағдар берудегі іс-әрекеттің тиімді (эффектілі) 
болуы үшін, идеялардың және көзқарастардың 
өзіндік 
мағынасының 
көрінісі 
ретінде 
қарастыруға болады.
Кәсіби бағыттылық теориясының басты 
компонентіне маман даярлаудағы теориялар, 
заңдар, заңдылықтар, ұстанымдар жатады. 
Кәсіби бағдар беру іс-әрекетінің объектісі 
адамның өзін тануындағы әлеуметтік-кәсіптік 
үдеріс болғандықтан, біріншіден ұстаным 
топтарын жинақтап аламыз. Басқарылып 
отырған 
студент 
жастардың 
қоғамның 
әлеуметтік құрылымында өзінің мамандығына 
даярлығы оның кәсіби бағыттылығының 
мазмұнын айқындайды. Осыған байланысты 
кәсіби 
бағыттаудың 
ұстанымдарын 
төмендегідей топтастыруға болады (1-сурет). 
1-сурет – Кәсіби бағыттаудың ұстанымдарының топтастырылуы
Мұндағы, танымдық ұстаным. Мамандыққа 
даярлаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің 
ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде 
қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. 
Сай келушілік ұстанымы. Қызығушылығы 
икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы 
сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті 
мамандықтағы 
кадрларға 
сұранысын 
қанағаттандыру. Маман даярлауда қоғам 
сұранысын есепке алу. Тұлғаның және қоғамның 
қажеттіліктерінің 
сай 
келуұстанымының 
бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы 
теңсіздікке алып келеді.
Белсенділік ұстанымы. Маман болып 
қалыптасу барысында өзін-өзі тану үдерісіндегі 
тұлғаның іс-әрекет түрін сипатталуы. Кәсіпті 
белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. 
Келесі ұстаным – даму. Бұл ұстаным кәсіби 
бағытталу үдерісінде тұлғаның біліктілігінің, 
құзыреиттілігінің 
дамуына, 
тәжірибесінің 
өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік 
тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына 
белсене араласуынан, тұлғаның мәдени 
қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын 
үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс 
табады.
Кәсіби 
бағыттылықтың 
тәрбиелік 
сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысының еңбектік, 
экономикалық, 
танымдық, 
эстетикалық, 
құқықтық және физикалық тәрбиесі бірлігінде 
гармониялық 
тұлғаны 
қалыптастыру 
тапсырмасымен жүзеге асады.
Кәсіби білімдердің іс-әрекетке енуі, 
оларды практикалық іс-әрекетте қолдану 
көп 
жағдайларда 
болашақ 
мұғалімнің 
іскерліктер мен дағдылар кешенін меңгеруімен 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
61
(автоматтандырылған 
біліктіліктермен, 
осы білімдердің негізінде қалыптасатын 
педагогикалық 
технологиялар 
мен 
техникалармен) анықталады. 
Қазіргі кезеңде білім берудің теориялық 
және технологиялық негізін жасаудың тиімді 
жолдары ұсынылуда. Бұл мәселені шешудің 
бір жолы педагогтардың құзыреттілігіне де 
байланысты. Сластенин В.А. тұлғаның кәсіби 
педагогикалық бағыттылығын педагогтың 
құзыреттілігінің белгісі деп тұжырымдаған. Ол 
құзыреттілікке:
– тұлғаның танымдық кәсіби-педагогикалық 
бағытын анықтайтын қасиеттерін;
– психологиялық дайындығының болуын;
– арнайы дайындығының көлемі мен 
құрамын;
– 
мамандығы 
бойынша әдістемелік 
деңгейінің мазмұнын жатқызады.
Педагог ғалым А.К Маркова:
– кәсіби-педагогикалық білім;
– кәсіби-педагогикалық шеберлік;
– кәсіби-негізгі қасиеттер, танымдық, 
мотивациялық аймақ;
– 
кәсіби-педагогикалық 
ұстанымдар 
(тұрақты қатынас жүйесі, оқушыға, өзіне, 
әріптестеріне оның әрекетін анықтайтындай 
болуы) 
болашақ 
педагогтың 
кәсіби 
бағыттылығына ықпал етеді, – дейді [1].
Сонымен 
қатар 
ол 
технологиялық 
құзыреттілікпен жан-жақты байланысты үш 
компоненттен тұрады:
– кәсіби білім;
– кәсіби шеберлік;
– педагогикалық әрекеттегі кәсіби ерекше 
қасиеттер.
Бұл компоненттер маман тұлғасын дамытуда 
тұтас жүйе ретінде қолданыс табады. Кәсіби 
іс-әрекетті жүзеге асыру барысында педагог 
түрлі педагогикалық әрекет түрін атқарады, 
жетекшілік, тәрбиелеушілік, оқытушылық, 
ұйымдастырушылық және т.б. 
Болашақ 
педагог-психологтардың 
орындайтын міндеттерінің жүйелілігі мен алуан 
түрлілігіне тиісті әрекеттердің кешенділігі мен 
оларды орындау барысындағы жетілдірілуі 
тікелей кәсіби іскерліктерге байланысты. 
Бұл дегеніміз шешім жасаудың өзі болашақ 
педагогтардың технологиялық құзыреттілігін 
жетілдірудің 
нәтижелілігінің 
индикаторы 
ретінде қолданылады. Негізінен құзыреттілікті 
нақты өлшемдер мен олардың көрсеткіштеріне 
сүйеніп анықтауға болады.
Мұндағы өлшем (шама, өлшеуіш) — 
«машинаның, құрылғының, жүйенің немесе 
кұбылыстың, 
үдерісінің 
әлдебір 
негізгі 
қажетін сипаттайтын шама» Ал, көрсеткіш — 
«бір нәрсенің дамуы мен қозғалысы туралы 
пайымдауға мүмкіндік беретін мәліметтер» 
[2]. Осыған байланысты біз өз зерттеуімізде 
технологиялық 
құзыреттіліктің 
бастапқы 
деңгейі мен динамикасы: 
– студент іс-әрекетінің кәсібіне бағытталуы, 
яғни кәсіби құндылығының айқындалуы;
– болашақ маманның іскерліктері, кәсіби-
практикалық әрекеттерінің жетілгендігі осы 
өлшемдер негізінде анықталуы тиіс.
Мұнда, әр өлшемдердің көрсеткіштерін 
анықтау үшін, ең алдымен, осы мәселе жөніндегі 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі 
көзқарастарды талдап, саралау керек.
Болашақ 
педагогтардың 
іс-әрекетін 
дара және топтап саралауды қолданудың 
технологиялық циклдік тәсілдеріне тоқталар 
болсақ, біріншіден болашақ маман үшін арнайы 
күрделендіріліп отыратын тапсырмалар түрін 
алдын-ала даярлау қажет:
– маманның болашақтағы кәсіби іс-
әрекетіне қойылатын талаптар мен нақты 
оқу пәні немесе кәсіби практика міндеттерін 
синтездеу негізіндегі жалпы тапсырмаларды, 
технологиялық құзыреттілікті нақты оқу пәні 
арқылы меңгеру, қолдану мен жетілдіруге негізгі 
психологиялық-педагогикалық 
жағдайлар 
туғызу көзделеді;
– әр сабақта (семинар, зертханалық-
практикалық сабақтарда, оқу-кәсіби практика,) 
келесі 
сабақта 
өтетін 
тапсырмалармен 
таныстыру кезеңін белгілеу. 
Болашақ педагог-психологгердің кәсіпті 
меңгеру 
бағыттылығының 
ерекшелігіне 
байланысты А.А., Кочетова, Е.Н. Шиянов, 
Б.Т. Кенжебеков бағыттылықтың кейбір 
компоненттерін қарастырып, олардың өзара 
байланысын айқындауға тырысқан, сонымен 
қатар кәсіби білім беру барысындағы сандық 
және сапалық озгерістерді анықтаған.
Т.Т. 
Щелина, 
Е.В. 
Калинкин, 
С.И. 
Архангельский, В.В. Давыдова, В.П. Зинченко, 
В.Л. Данилова, Е.Н. Васильева, В.П. Беспалько 
бағыттылықты педагог кәсібіне бағдарлау 
көрінісі ретінде қарастырған. Бұл күрделі 
тұлғалық түзілім белсенді оқу-педагогикалық 
іс-әрекетте жүзеге асады. Педагог кәсібіне 
қазіргі қоғам қойып отырған талаптардың 
мәнін ұғынудың кәсіпті шынайы түрткі 
арқылы таңдап алумен байланысын көрсетеді. 
Зерттеушілер педагог кәсібіне бағдарлаудың 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
62
векторлық моделін үш компонентке бөледі:
– кәсіпке дайындау мақсатынан көрінетін 
қоғамдық 
талаптар 
(мақсаттың 
тығыз 
бірлікте тұратын екі аспектісі бар): оның бірі 
болашақтағы іс-әрекет өнімі туралы идеалды 
түсінік болса, екіншісі тұлға белгілеген 
жетістіктер деңгейін көрсетеді;- педагогикалық 
кәсіпті таңдауға ынталану: мұның құрылымына 
алғашқы таңдау түрткісі мен осының негізінде 
жетілген жаңа таңдау түрткілерінің мақұлдануы 
(орнығуы) кіреді;
– 
оқу-педагогикалық 
іс-әрекеттегі 
белсенділік: бұл кәсіпке дайындықтың «мотив-
мақсат» векторы (бағыты) болжамдық сипаттан 
кәсіпті меңгерудің практикалық жағына 
көшуден көрінеді.
Демек өзіміз көріп отырғанымыздай, 
болашақ педагогтардың теориялық дайындығы 
мақсат емес, кәсіби бағыттылығы жетілуінің 
құралы болуға тиіс деген тұжырым қазіргі кезде 
аксиомоға айналды.
Психолог В.А. Семиченко кәсіби іс-
әрекет мазмұны мен оқу пәндері мазмұны 
байланысының анықталу дәрежесіне негіздей 
отырып, студенттердің мақсат қабылдауының 
бес деңгейін анықтаған:
I, II деңгейлерге жеткен студенттер 
болашақтың формалды моделінің иесі ретінде 
сипатталады. Өйткені, бұлардың мақсаты 
сыртқы, кәсіпке даярлық үшін көбінесе 
маңызсыз болып келетін критерийлерді 
көрсетеді. Бұл – белсенділіктің шектеулі 
бөлігін ғана қамтамасыз етеді, ниеттенген 
өмірлік келешекпен байланысы аз болады. 
Келесі деңгейлерде мақсат мазмұнының кәсіби 
маңыздылығын қабылдау дәрежесі дамиды.
III деңгейде студенттер, оқу мен кәсіби іс-
әрекеттің тікелей қатыстылығын біле алса, 
оқу пәндерінің кәсіби қажеттілігін ұғады, ал 
ІV деңгейде барлық оқу пәндерін меңгеруге 
тұрақты білім көлемін игереді және V деңгейге 
жеткен болашақ педагогтерге технологиялық 
құзыреттілігінің түпкі әлеуметтік, кәсіби және 
тұлғалық мақсатына бағындырылған кезең 
ретінде жоғары оқу орнында оқу уақытын 
бағалауға анық бағдар ұстау тән болады. 
Зерттеушілердің тұжырымдарын талдай келе біз 
кәсіби бағыттылық ұғымына өзіндік тұрғыдан 
анықтама бердік. Сонымен кәсіби бағыттылық 
дегеніміз – білім алушының нақты атқаратын іс-
әрекетіне қажетті кәсіби қасиеттерді меңгеруі 
және сол әрекетке қызығушылығының 
туындауы. Кәсіби бағыттылық тұлғаның 
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан пісіп 
жетілуі, яғни өзін-өзі жүзеге асыра алуы. 
Педагог-психологтардың 
жұмысқа 
кәсіби 
даярлығы кәсіби бағыттылыққа тікелей 
байланысты. Мұндағы жұмысқа кәсіби даярлық 
дегеніміз, белгілі бір мамандықтың атқаратын 
қызметінің 
мазмұнына 
сай 
теориялық, 
әдістемелік және практикалық тұрғыдан маман 
даярлау үдерісі мен арнайы кәсіби қабілеттер 
мен құзыреттіліктерді меңгерту. 
Бүгінгі 
таңда 
болашақ 
маманды 
даярлаудағы басты бағыттарға жүйелі ойлау 
және көзқарас мәдениетін қалыптастыру, 
адамгершілік және әлеуметтік жауапкершілікті 
қалыптастыру, дамыту, шығармашылықты 
туындату қызметінің әдістемесін меңгеруге 
бағытталған оқыту мазмұны мен әдістері 
жатады. Осы орайда әрбір өсіп келе жатқан 
өскелең ұрпақ өзін-өзі айқындау мақсатында 
мамандық таңдауда алғашқы қадам жасайды. 
Е.А. Климов кәсіби өзін-өзі айқындау «... адамның 
дамуына шек қою, кәсіби шектеулікке түсу емес, 
шексіз даму мүмкіндіктерін іздестіру. Бұл бір 
рет қана болатын іс емес, әр жас кезеңдерінде 
түрлі мақсаттармен байланысты болып келетін, 
ұзақ көп жылдық үдеріс» [3]. Оның нәтижесінде 
келешекте өмір сүрудің мәнінің баянды болу 
мүмкіндігі артады деген тұжырым жасайды. 
Қазіргі таңда заман талабынан туындаған 
көптеген мамандықтар саласы жеткілікті. 
Сондықтан кей кездерде мұндай көптүрліліктің 
ішінде кәсіби бағыт таңдау өте қиынға соғады. 
Жоғары мектептегі бүкіл педагогикалық үдеріс 
маман даярлауға бағытталған, сондықтан да 
оның сипаты кәсіби даярлық бағытында болады. 
Бұл айтылғандар оқу бағдарламаларының 
жоғары оқу орындарындағы білім беруді 
ұйымдастырудың болашақ кәсіби әрекетіне 
жақындатылған жұмыстарының мазмұнында 
көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет