Issn 2226 1176 индекс 75756



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
sciPaper29922

Әдебиеттер тізімі
1. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: Международный гуманитарный фонд 
«Знание», 1996. – 312 с.
2. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастыру: пед. ғыл. докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – 
Қарағанды, 2005. – 290 б.


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
63
3. Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения: учебное пособие для 
студентов высших учебных заведений. – Москва: Академия 2012, 5-е издание. –304 с. 
Н.С. Алгожаева, С.Б. Ертисова 
О ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ОРИЕНТАЦИИ БУДУЩИх ПЕДАГОГОВ-ПСИхОЛОГОВ
Аннотация.
В статье рассмотрена проблема подготовки будущих педагогов-психологов 
к профессиональной деятельности. Проанализировано состояние этой проблемы в психолого-
педагогической литературе, раскрыты различные теоретические подходы к подготовке будущих 
педагогов-психологов к работе.
Ключевые слова: 
педагог-психолог, профессиональные знания, профессиональное мастерство 
N. Algozhaeva, S. Ertisova
ABOUT PROFESSIONAL ORIENTATION OF FUTURE TEACHERS-PSYCHOLOGISTS
Abstract.
The article considers the problem of training future teachers-psychologists to professional 
activity. The state of the problem in psychological and pedagogical literature discloses various theoretical 
approaches to the preparation of future teachers-psychologists to work.
Key words: 
educational psychologist, professional knowledge, professional skills.
ӘОЖ 373.1.02
ЖаСөСПІРІМдеРдІҢ деВиаНТТы МІНеЗ-қҰлықыНыҢ алдыН-алУ
Ә.М. құдайбергенова, а.қ. архабаева 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме. 
Мақала жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын алдын-алу мәселесі 
қарастырылған. Авторлар осы мәселге арналған еңбектерге теориялық талдау жасаған, тәукелдік 
аясына жататын бірнеше жас топтары айқындалған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде авторлар, 
жасөспірімдерді белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу және күрделі жағдаяттардан шығу, 
девиантты мінез-құлық әлеуметтік мәселесінің алдын-алу бойынша бірнеше ұсыныстар берген. 
Түйінді сөздер: 
девиантты мінез-құлық, жасөспірім, даму.
Ел басымыз Н.Назарбаев өз жолдауында: 
“Жаңа 
жағдайға 
сай 
біздің 
бәрімізді 
алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы 
бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің 
барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік 
құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани 
және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол 
тұлғаны қалыптастыру болып табылады”, – деп 
атап көрсетті. Қазақстанның даму қарқыны 
жыл санап екпінді серпін алып келе жатқаны өз 
елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де ашық 
айтылып отыр. Қазіргі қоғамда бойжеткен 
қыздарымызда Батыстың жалаң, даңғаза, 
бейресмилік өмір салтына еліктеушілік, өсіп 
келе жатқан жеткіншек ұрпақтың бойында 
өмірге немқұрайлық психология пайда бола 
бастады. Бейресми топтар көбейіп, басқару 
жүйесіне наразылық көрсетулер орын алуда. 
Жасөспірімдер өмірге түңіліп өз-өзіне қол 
салушылық, есірткіге әуестенушілік, ішімдік 
қолдану және т.б. қоғамға жат құбылыстар 
өрістеді. 
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп 
келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай 
өрістеген осындай әлеуметтік дерттің, келеңсіз 
құбылыстардың астары мен мәнін, жас ұрпақтың 
қоғамдық тәртіптке бағынбауының себебі мен 
салдарларын саралап оның алдын алудың, 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
64
оларды қоғамдық өмірдің белсенді азаматы 
ретінде тәрбиелеудің жолдары мен әдістерін 
іздестіру біздің басты міндеттеріміздің бірінен 
саналады. 
Қазіргі қоғамда өзін жалпыға ортақ 
нормативті талаптарға сай ұстайтын адамды 
кездестіру қиын. Ал адамдар талапты, әрекет 
ету ережесін, заңды бұза бастаса, онда 
оның әрекетін мінез-құлқына байланысты 
девиантты, ауытқымалы, қылмыстық және т.б. 
деп атаймыз. Мұндай ауытқулар мектептегі 
сабаққа қатыспаудан бастап, ұрлық жасау, 
төбелесу сияқты әртүрлі болуы мүмкін. 
Ауытқу немесе қалыптасқан нормаларды 
ұстанбау әлеуметтік ауытқу немесе девиация 
болып табылады. Девиантты мінез-құлық 
тек біздің мемлекетіміздің ғана емес, әрбір 
әлеуметтік қоғамның маңызды мәселелерінің 
бірі болып табылады. Әрбір қоғамдағы 
әлеуметтік ауытқулар деңгейі әртүрлі болуы 
мүмкін. Сонымен қатар девианттылық деңгейі 
де әр қоғамда әртүрлі көрініс алуы мүмкін, 
яғни бір қоғамдағы әлеуметтік ауытқудың орта 
деңгейі екіншісінен ерекшеленіп тұрады.
Демек, девиантты мінез-құлық дегеніміз 
қандай да бір қоғамдағы әлеуметтік нормаларға 
қайшы келу. Оның негізгі түрлеріне қылмыс 
жасаушылық, ішімдік қолдану, нашақорлық, 
сонымен қатар өзіне-өзі қол жұмсау және т.б. 
жатады. Егер ғылыми анықтамаларға сүйенетін 
болсақ девиантты мінез-құлық бұл:

осы қоғамдағы нақты бекітілген немесе 
тарихи қалыптасқан нормалар мен ережелерге 
сай келмейтін адамның әрекеті;

осы қоғамдағы нақты бекітілген немесе 
тарихи қалыптасқан нормалар мен ережелерге 
сәйкес келмейтін адам әрекетіндегі жалпыға 
қатысты және тұрақы формада көрініс беретін 
әлеуметтік құбылыс [1].
Бірінші мағынасында жеке даралық ретінде 
психологияда, педагогикада және т.б. әрекеттік 
ғылымдар 
көлемінде 
қарастырылады. 
Екінші мағынасында әлеуметтік болмыстың 
элементі ретінде девианттылық әлеуметтану 
мен әлеуметтік психологияның пәні ретінде 
қарастырылады. 
Ауытқымалы 
мінез-құлық 
көбіне 
жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі. 
Жасөспірімдік 
шақта 
балалардың 
қызығушылығы арта түседі, әртүрлі әрекетке 
бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің 
өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге 
тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, 
ұжымдағы өз орнын білгісі келеді. 
Э.Шпрангер ересектік дамудың үш түрін 
бөліп көрсетеді [2]:
1) дөрекі, қызба, дағдарыс ағымымен 
сипатталады, нәтижесінде жаңа «мен» пайда 
болады;
2) жеткіншек өзінің ішкі күші арқылы 
мазасыздығы мен дағдарысын саралап, өзін-өзі 
дамытады. Бұл түр көбінесе өзін-өзі бақылауы 
мен өзін-өзі реттей білу деңгейі жоғары 
адамдарға тән;
3) жай, сергек, біртіндеп жетіледі, ол ересек 
өмірге ешқандай өзгеріссіз, күрделі қиындықсыз 
бейімделеді.
Р.Кулен жасөспірімдердің дамуындағы 
биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл 
кезеңді биологиялық және психологиялық 
кезеңнен гөрі әлеуметтік-этникалық кезең 
деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша 
жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік-
этникалық 
тенденция 
қарастырылады: 
үлкендердің қадағалауынан босану, жеке 
даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау 
мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық 
таңдау, 
әлеуметтік-этникалық 
нормалар 
мен 
құндылықтарды 
игеру. 
Р.Куленнің 
пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы 
көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір 
сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде 
қалып қояды.
Жасөспірім кезіндегі дағдарыс барлық 
балаларда 
кездеседі. 
Кейбір 
балалар 
дағдарыстан жеңіл өтеді, ал кейбіреулер 
үлкен қиындықпен өтеді. Дағдарыстың 
жеңіл түрде өтуіне ата-аналардың балаларға 
көп көңіл бөлуі, ата-аналық сүйіспеншілік 
сезімінің толық берілуі біден-бір ықпал етеді. 
Жасөспірімдер арасында психопотологияның 
кездесуі ата-аналардың өз балаларының 
мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі 
болмағандықтан «қате» көзқарас қалыптасады, 
артық талап қояды. Ал, бұдан түсінбеушілік 
пен пікір қайшылығы туындайды. Сондықтан 
жасөспірімдердің мінезінің ерекшеліктері мен 
ауытқушылықтарын 
анықтап, 
отбасылық 
терапия мен отбасылық қарым-қатынасты 
психологиялық түзету тәсілдері арқылы 
дұрыс жолға салуға болады. Психологиялық 
ауытқушылықтардың алдын алу үшін мектепте 
жасөспірімдерге, 
ата-аналарға 
арналған 
психологиялық дәрістер оқылуы керек. Атап 
айтқанда:

жасөспірім кезеңінің ерекшелігі;

жасөспірімнің “мен” концепциясының 
қалыптасуы;


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
65

жасөспірім кезеңіндегі дағдарыстардың 
ерекшелігі;

жасөспірімдердің жыныстық жетілуі; 

еліктеу және оның маңызы.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы 
өзгерістерге мән беріп психодиагностикалық 
әдістер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп, түзету 
жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр 
психолог маманның, ұстаздың, ата-ананың және 
тәрбиешінің міндеті.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы 
девиантты әрекеттерден арылтуда келесідей 
мәселелерді де ескеру қажет:

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 
(газет, журнал, радио, телепрограмма) қоғамның 
назарын аудару; 

жастар арасында салауатты өмір салтын 
насихаттайтын ақпараттар тарату (жарнамалар, 
аудио-видиоматериалдары);

білім беру ұйымдарында нашақорлыққа, 
ішімдікке 
және 
т.б. 
қарсы 
пікірді 
қалыптастыратындай практикалық сабақтар, 
тренингтер өткізу. 
Әрбір 
девиантты 
мінез-құлықты 
жасөспірімнің өзіне ғана тән қайшылықтары 
болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнің 
сан салалы тапқырлықты қолданатын, жан-
жақты білімдар ұстаз болуын талап етеді.
Сондықтан да тәрбие жұмысын балалардың 
жасына, мінезіне қарай жүргізу педагогтан, ата-
анадан үлкен ұстамдылықты, нағыз шеберлікті 
талап етеді. Оқу жылының барысында да, жазғы 
демалыс кезінде де ата-ана дұрыс тәрбие беріп, 
олардың ұжымшыл болуына ықпал жасау керек.
Қорыта келгенде, жоғарыда шолу жасалған 
мәселелердің шешімі – психодиагностикалық 
әдістер мен түзету жолдарын өзіміздің 
ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып 
таңдау қажет, себебі қандайда бір шараны 
қолданар кезінде әр адамның жеке және жас 
ерекшеліктерімен қатар, ұлттық ерекшеліктерді 
ескеру айтарлықтай нәтиже бермек. Демек, 
жасөспірімдердің бойында ауытқымалы мінез-
құлық нышандарынан арылу арқылы, олардың 
бойына қоғамда қабылданып, орнығып келе 
жатқан рухани жаңа құндылық бағдарларды 
соның ішінде, ұлтжандылықты, азаматтылықты, 
жоғарғы моральдық және адамгершілік қадір-
қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне 
деген құрмет пен сыйластықты, қоғамдық 
тәртіп ережелері мен құқықтық нормаларының 
талаптарын мүмкіндігінше орындаушылықты 
қалыптастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет