Issn 2226 1176 индекс 75756


ПедаГОГТыҢ иНФОРМалЬды-Медиалық БІлІМ алУы



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
sciPaper29922

ПедаГОГТыҢ иНФОРМалЬды-Медиалық БІлІМ алУы
а.Р. алимбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме. 
Мақалада информальды-медиалық білім алудың педагогтардың кәсіби іс-
әрекетіндегі маңыздылығы қарастырылған. Автор «формальды білім алу», «формальды емес 
білім алу», «информальды білім алу» түсініктеріне анықтама беріп, олардың айырмашылықтарын 
көрсете отырып, «информальды-медиалық білім алудың» мәнін ашуға тырысқан. Сонымен қатар, 
информальды-медиалық білім алудағы Интернеттің, әлеуметтік желілердің атқаратын рөліне 
тоқталып өткен.
Түйінді сөздер: 
педагог, информальды білім алу, информальды-медиалық білім алу.
Бүгінгі 
таңда 
ақпарат 
ағымының 
ұлғаюына және ақпараттық-коммуникативтік 
технологиялардың дауына байланысты білім 
алу формаларының жаңа түрлері пайда бола 
бастады. Білім кеңістігінің аясы өрістеуіне орай 
кез келген адамның формальды емес және 
информальды білім алуына мүмкіндік туды. 
Қазіргі кезде әлемде 100 миллионнан 
астам интернет сайттар тіркелген. Бүкіл 
әлемдік интернет желісіне бақылау жүргізетін 
«Неткрафт» 
компаниясының 
жинаған 
мәлеметтеріне сай, 1997 жылдын сәуір айында 
желіде миллион, ал 2006 жылдын 1 қарашасынан 
бастап – 101 453 253 сайт тіркелген. Әсіресе 
интернет сайттардың өсу қарқыны соңғы екі 
жылда байқалған – 50 ден 100 миллионға дейін 
[1]. 
Қазіргі таңда интернет-технологиялар 
О’Реали [O’Reilly] 2005 енгізген «Web 2.0 
(Веб 2.0)» терминімен тікелей байланысты. 
Біз Веб 2.0 басты қасиетіне тоқталамыз. 
Мұндай 
технологиялардың 
ортасында, 
қарым-қатынасқа түсе алатын, оқытуда бірге 
әрекеттене алатын және оған қатыса алатын 
қолданушы тұрады. Сонымен қоса, қолданушы 
тек қана қарапайым оқушы, көрермен немесе 
тұтынушы болмайды. Олар контенттің белсенді 
құрушысы болуға мүмкіндік алады. Авторлар 
қызметтестік кезінде тек қана білімдерімен 
ғана емес, сонымен қоса рөлдерімен де аламаса 
алады. Веб 2.0 құралы басқа түсініктерді дамыта 
алады, мысалы, «ашық білім», «ашық білім алу», 
«ашық электронды білім алу ресурстары», және 
ашық, дистанционды және электронды білім 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
52
алу концепциясын.
Веб 2.0. технологияларын информальды 
білім алуда қолдануы, информальды-медиалық 
ортаны құруға алып келеді. Л. Эфримова 
және С. Фиедлеваның жұмыстарына сүйене 
отырып, осындай ортаның сипаттамасын біздің 
ойымызша келесідей:

әр түрлі көзқарас бойынша оқыту: 
әлеуметтік желілер әр түрлі ойлармен алмасуға 
және пікірлестерді табуға мүмкіндік береді;

жеке ұйымдастырушылық және бірлесе 
оқыту: әлеуметтік желілердін құралдары әр 
түрлі білім алу орталарын ұйымдастыруға және 
олардың авторларын оқытуға мүмкіндік береді;

бөлінген сандық білім алу: әрдайым вики, 
форумдарды немесе блогтарды оқу арқылы 
жаңадан келген адам эксперттен үйренуге 
мүмкіндік алады;

оқытудың метадағдыларын қолдау және 
дамыту: блогтар мен бірлесе оқыту құралдары 
білім алу қасиеттерін дамытады;

рефлексивті хатты қолдау: әлеуметттік 
желілерде оңай әрі қарапайым кодировка 
құралдарын қолданады [2].
Информальды білім алу концепциясы өзінің 
дамуын интернет арқылы алды. Сондықтан, 
информальды-медиалық білім алу процессін 
бөліп көрсету қажет. С.А. Золотухин және Бу 
хунг айтуынша «ақпараттық, сонын ішінде 
интернет технологияларды да, қолдану арқылы 
өзіндік басқарылатын информальды оқытудын 
әр түрлі стратегияларды ажырата білу қажет».
Жеке қажеттіліктерді қанағаттандыраду 
және 
өзін-өзі 
кемелдендірудің 
табиғи 
қажеттіліктерін ұтқырландыру информальды-
медиалық оқытудың артықшылығы болып 
табылады. Сонымен қоса, ол медиа құралдар 
арқылы 
педагогикалық 
бірлестіктерде 
орнығуға мүмкіндік береді. 
В.А. Стародубцев информальды-медиалық 
оқытуды 
педагогтың 
оқыту 
процессі 
үшін әлеуметтік медиа желілердің балама 
мүмкіндіктерін қолдану арқылы өзіндік білім 
алуы деп есептейді [3, 3–5 б.].
Жалпы алғанда барлық мұғалімдер 
интернет ресурстарды қолданады: Google, 
Rambler, Yandex, Bing және т.б. іздеу сервисімен 
жұмыс жасайды; электронды кітапханаға 
жүгінеді, 
аудио-визуалды 
коммуникация 
түрлерін қолданады; желілік бірлестіктерде 
отырады. Студенттермен ақпарат алмасу үшін 
мұғалімдер WhatsApp, vk.com. атты әлеуметтік 
желілерді жиі қолданады. Сонымен қоса, 
facebook.com, linkedin.com,
mail.ru және т.б. 
әлеуметтік желілер қолданысқа ие. 
Заманауи 
бұқаралық 
коммуникация 
индустриясының басты белгісі – оқырманды, 
көрерменді, тыңдаушыны массмедиялық өнімді 
шығару және қолдану процессіне қызықтыру. 
Формальды сипатқа ие дәстүрлі медиа ортамен 
бірге, формальды емес орта қарқынды дамып 
келе жатыр. 
Бәрімізге 
белгілі 
формальды 
емес 
терминінің 
орнына 
информальды-медиа 
терминін қолданғанымыз оқырманда сұрақ 
тудыруы мүмкін. Оның себептері, біріншіден, 
формальды емес термині күнделікті өмірде 
қолданатын, коммуникацияның эмоциональды, 
психологиялық сипатын көрсетеді. Екіншіден, 
«информальды-медиа» түсінігі информация, 
яғни, ақпарат сөзімен генетикалық байланысты 
бекітеді. Бірақ ең маңыздысы «информальды» 
сөзі 
Платонның 
«форма» 
терминімен 
сабақтастық құрайды.
Информальды әлем – тоқтаусыз өзгерісте 
болатын, түсінуге келмейтін ақпараттық алмасу 
әлемі. Форма болса ақпараттық тәртіпсіздікке 
тұрақтылық, 
өзгермеушілік, 
қалыптылық 
береді. Информальды-медиа – аяқталған күйінде 
мүлтіксіз коммуникация формасын (идеясын) 
беретін желілер жиынтығы [1]. 
Европалық бірлестіктін «Үздіксіз білім 
алу меморандумында» формальды (бекітілген 
диплом 
қағазын 
алумен 
аяқталатын), 
формальды емес (білім алу мекемелерінде 
немесе қоғамдық ұйымдарда, клубтарда 
және үйірмелерде, жатықтырушы немесе 
репетитормен индивидуалды сабақ алу кезінде 
жүретін, документтерді алумен сипатталмайтын 
білім алу), және информальды білім алу түрлері 
де қарастырылады. Оны күнделікті өмірдегі 
индивидуалды танымдық іс-әрекетімізбен 
бірге жүретін және белгілі бір бағыттылығы 
болмайтын білім алу түрі ретінде сипаттайды 
[3]. 
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру мәселесіне 
арналған отандық және шетелдік әдебиеттерде 
бір-бірінен айтарлықтай алшақ әртүрлі үздіксіз 
білім түсініктері қолданыс тапты. Солардың 
ішінде мынадай негізгі үш бағыт бар:
Өмір бойы білім алу (life long learning, LLL).
Ересек адамдарға білім беру (adult education). 
Үздіксіз кәсіптік білім (continuing vocational 
education and training).


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
53
• 
формалды білім 
беру – арнайы 
институттандырылған 
формаларда жүзеге 
асырылады (коледждер, 
жоғарғы оқу орындары, 
оқытушылардың білімдерін 
жоғарылату жүйесі);
• 
формалды емес білім 
беру – білім берушілердің 
тәжірибе алмасуы барысында 
жүзеге асырылады 
(әдіскерлік ұйымдар, 
ұстаздар ассоциациясы, 
әртүрлі әдіскерлік жобалар), 
жұмыс орнында оқыту, т.б.
• 
информалды білім беру – 
немесе барлық қоғамның 
білім беру мүмкіндігін 
қолдану (бұқаралық 
ақпарат құралдары, 
музейлер, кітапханалар, 
ұстаздар қатысатын саяси 
үдеріс)
Өмір бойы білім алу дегеніміз информалды 
(informal) түрде өмір бойы адамдардың білімін 
жалғастыруы, өзінің оқуын қайта жалғастыруы 
ғана емес, сонымен қатар формалды (for-
mal) түрде де адамның білім деңгейін, өзінің 
білімін, білігін және дағдысын қалыптастыруды 
айтады. Сонымен қатар, адамдар білім берудің 
формалданған шегінен тыс формалданбаған 
(non-formal) білімді: жұмыс орнында, қоғамдық 
орталықтарда, клубтарда алуына болады [4].
Мұғалімдердің 
информальды-медиалық 
технологияларды жеке оқуында қолдануын 
анықтау мақсатында әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің философия 
және саясаттану
факультетінің мұғалімдеріне 
сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 31 мұғалім 
қатысты. Сауалнама 14 сұрақтан құралды. 
Зерттеу жұмысына жасалған талдау, сауалнамаға 
жауап берген мұғалімдердің:

90% интернетті өз жұмысында жие және 
өте жие қолданатынын көрсетті; 

67% айтуынша информальды-медиалық 
технологияларды өзідік білім алуда қолданады; 

17% информальды-медиалық техноло-
гияларды жартылай қолданады және жеке білім 
алудың басқа да әдістерін қолданады; 

16% информальды-медиалық техно-
логияларды жеке білім алуда қолданбайтыны 
анықталды.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан 
мұғалімдердің 87% сабақ беру баырысында 
электронды презентация және электронды 
лекциялары қолданатынын, алайда электронды 
оқулықтар мен тапсырмаларды жасауда 
белсенді емес екенін көрсетті.
Қорыта келе, информальды-медиалық білім 
алу деген мұғалімдердің Интернет-сервистерде 
арнайы блог жасап, оны оқу-танымдық 
мақсаттарда оқушылармен және әріптестерімен 
ақпаратта алмасу үшін белсенді қолдануын 
білдіретінін атап өту қажет. Олар оқытушы 
өзі ұйымдастырған семинарлар, виртуальды 
конференциялар, педагогикалық жобалар, 
мастер-класстар, сауалнамалар, проективті 
семинарлар. Жалпы информальды-медиалық 
білім алу кәсіби дамудың жаңа үлгісіне жатады. 
Ол өз пәнін қайта жанартуға импульс береді, 
білім беру технологияларын қайта қарастыруға 
және кәсіби шеңбердің ауқымында жеке 
концептуалды көзқарастың пайда болуына 
алып 
келеді. 
Информальды-медиалық 
білім алудың негізінде педагог кадрлар: 
ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау 
тапсырмаларын электронды пакетте жасауға 
(кроссвордтартар, карточкалар, құзыреттілікке 
бағытталған сұрақтар және болу мүмкін жауап 
формасы, бақылау жұмыстары және т.б.); 
қосымша материал базасынын жасауға (видео, 
кітап, музыка және т.б.); кері байланыстың 
әртүрлі формаларын жасауға (сауалнама, 
анкета, бағалау парағы, ұсыныс парағы және 
т.б.) табысты меңгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет