Issn 2226 1176 индекс 75756


МекТеП ОқУШылаРыНыҢ кӘСІПкеРлІк даҒдылаРы ЖаЙлы



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
sciPaper29922

МекТеП ОқУШылаРыНыҢ кӘСІПкеРлІк даҒдылаРы ЖаЙлы
а.д. Рысқұлова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан 
Түйіндеме. 
Мақалада мектептегі экономикалық білім беру мәселесі қарастырылған. 
Оқытылатын пәндерге талдау жасау нәтижесінде, автор оқушыларды бизнеске, баулу тек ғана 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
89
экономика негіздері сабағын өткенде ғана емес, бұл мәселеге кешенді келу қажеттігін: математика, 
еңбек және сыныптан тыс тәрбие сағаттары кезінде де жүргізілуі керек екенін алға таратады. 
Автор бизнесті алып жүру қабілетін талант және оны әрбір оқушыда дамыту қажет, сонда ғана 
мектеп бітірген оқушылар республиканың нарықтық экономикасына кедергісіз кірігіп кете алады 
деп есептейді.
Түйінді сөздер:
экономика, бизнес, табыс, экономикалық белсенділік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 
халыққа жолдауында және жуырда баспасөзде 
жарияланған 
«Қазақстанның 
әлеуметтік 
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 
қарай 20 қадам» атты бағдарламалық 
мақаласында адами капиталды жаңа сапаға 
көтерудің басты тетігі ретінде білім сапасын 
дамытуға жаңа серпін берді. Президент білім 
беру жүйесін жаңарту бағытында алдымызға 
нақты міндеттер қойды. Оқыту үрдісіне қазіргі 
заманғы әдістемелер мен технологияларды 
енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл 
жетті.
Қазіргі 
нарық 
заманында 
мектеп 
қабырғасында, оқу орындарында оқып жүрген 
өскелең ұрпаққа көптеген жаңа пәндер келіп 
қосылуда. Соның бірі экономика сабағы. 
Көптеген шет мемлекеттерге экономика сабағы 
балабақшадан басталса, ал елімізде бастауыш 
сыныптардан бастау алып келеді.
Қазақстанның білім беру жүйесінде 
экономикалық ойлауды қалыптастырудың 
маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси 
білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. 
Тәрбие жұмысы тәжірибесімен шаруашылық 
саласында экономикалық білім, экономикалық 
тәрбие, экономикалық мәдениет – деген 
ұғым жиі кездеседі. Адам болашағы тәрбиеге 
байланыста екені белгілі. Экономикалық тәрбие 
адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, 
ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, 
т.б. 
қасиеттер 
дарытуға 
бағытталған. 
Тәрбиенің ең өзекті мәселесі – білім негізінде 
жеке 
адамның 
ғылыми 
көзқарастарын 
қалыптастыру арқалы қоғамдық тұрмыстағы 
адамдардың өндірістегі қарым-қатынасын 
қалыптастыру. Экономикалық тәрбиенің негізі 
еңбек тәрбиесі болып саналады. Жастардың 
еңбекті қажетсінуін, еңбек сүйгіштігі, саналы 
еңбек тәртібін қалыптастыру экономикалық 
тәрбиенің алғы шарты болып табылады. 
Экономикалық тәрбие беру – студенттерді 
экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, 
қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы 
дұрыс түсінік беру, еліміздің экономикалық 
саясатын ұғындыру, негізі экономикалық 
қатынастарды 
(өндіріс, 
айырбас, 
бөлу, 
және тұтыну) тәжірибеде меңгерту. Білім 
беру ісі Қазақстанның ххІ ғасырдағы даму 
стратегиясының негізгі басымдықтарының бірі 
болып табылады. Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» заңының 8 бабында, білім беру 
жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып 
республиканың қоғамдық саяси, экономикалық 
және мәдени өміріне қажеттілігі айтылған [1].
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі тікелей 
адамгершілік 
құндылықтарды 
дамытуға, 
азаматтық 
позиция, 
еңбексүйгіштік, 
шығармашылық 
және 
экономикалық 
мәселелерді түсінуге байланысты. Әрбір адам 
қандай мамандық таңдағанына қарамастан, 
өмірде сенімді сезінуге мүмкіндік беретін 
экономикалық білімі жоғары болуы тиіс. 
Табысқа жету жолында еңбексүйгіштік, 
шығармашылықпен қатар, табандылық және 
экономикалық сауаттылықтың берері мол.
Қазіргі таңда саяси-әлеуметтік, құқықтық-
экономикалық өзгерістер, ақпараттық ағымның 
жедел қарқынмен артуы, әлем кеңістігіндегі 
білім беру үдерісі дамуының тенденциялары 
жалпы білім берудегі терең өзгерістерді 
талап етуде. Сол өзгерістердің бірі мектеп 
оқушыларының экономикалық тәрбие мәселесі 
болып табылады. 
Атап айтсақ экономикалық тәрбиенің 
мазмұны 
мен 
құрылымы 
өзгеріске 
түсуде. Нарықтық экономикалық қоғамда жалпы 
«экономика» ұғымы әлдеқайда кең мағынада: 
өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы 
өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысына 
байланысты айтылады. Біздер экономиканы 
кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп 
түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық
игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұ
тыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда 
болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. 
Экономикалық даму нарық қатынасының 
дамуымен, 
қалыптасуымен 
сипатталады. 
Нарық қатынастарының дамуы жағдайында, 
қажеттілік, тұтынушы, айырбас, меншік, 
кәсіпкерлік сияқты экономикалық түсініктердің 
пайда болуы мектеп оқушыларына осы 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
90
ұғымдарды жүйелі қалыптастыруды қажет 
етеді, яғни оқушыларға экономикалық білім 
мәселесіне ерекше мән беруді талап етуде. 
Балалар ұжымында экономикалық тәрбиенің 
маңыздылығы мен қажеттілігін Б.Т.Лихачев 
ерекше көрсеткен [2]. 
Экономикалық 
білім, 
экономикалық 
тәрбие ұғымдарын ауқымдырақ қарастырсақ, 
«экономикалық білім» мен «экономикалық 
тәрбие» арасында өзара сабақтас. Ол адамның 
тәлім-тәрбиесіне сай сезімін қалыптастыруда 
жеке тұлғаның ой-өрісі жағынан білім түсінігінің 
шегімен байланысты.
Экономикалық 
білімнің 
міндеті 
– 
экономикалық 
ұғымдар, 
категориялар, 
заңдардың 
мазмұнын 
ашып 
көрсету, 
экономикаға құштарлықты дамыту мен 
білімді ұдайы жаңартып отыруға қажеттілік. 
Экономикалық тәрбиенің мақсаты неғұрылым 
ауқымды – білім, сенімді негізге ала отырып, 
экономикалық тәлім-тәрбиенің әлеуметтік 
мөлшерін құру. Экономикалық білім ғылыми 
идеалогияны (жүйелі, теориялық көзқарастар), 
ал экономикалық тәрбие – психологияны 
(сенім, мотивтер, құрылымдар, құнды бағалар) 
құрайды [3].
Бүгінгі күнде біз өмір сүріп отырған 
қоғамның талабы өзгеше.Тәрбие мен білім 
беру бағдарламалары да өзгеріске ұшырауда. 
Сондай-ақ өмір сүріп отырған қоғамымызда 
басқаша экономикалық өзара қарым-қатынас 
талап ететін меншіктің жаңа формалары пайда 
болуда. Соған байланысты еңбекке деген 
қарым-қатынастың қайнар көздеріне қайта 
орала отырып және жинақталған тәжірибеге 
сүйеніп, адалдық, тұтынушылық мәдениеттін 
қалыптастыру, үнемдеушілікке, ұқыптылыққа 
тәрбиелеу соның ішінде кәсіпкерлік элементін 
ерекше пайдалануға қажеттілік туындауда. 
Нарықтық экономикалық қоғамда бәсекеге сай 
өмір сүре алу үшін оқушыларды ерте жастан 
кәсіпкерлікке, жеке кәсіпкер болуға бағыттау 
қажет.
Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті, т.б. заңды 
негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы 
мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-
қимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды 
ұйым немесе жеке азамат. 
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі 
істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және 
іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – бұл адамның 
еркін өмір сүру түрі деп қарастыруға болады. 
Белсенділік, іскерлік әрине адамдардың мінез-
құлқы типтерімен байланысты. Кәсіпкерлік екі 
мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір 
істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын 
нақтылы қоғамдық тап. 
Экономикалық белсенділік – бұл барлық 
энергетикалық процесс тауар өндірісімен 
айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. 
Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін 
емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін 
талап 
етеді. 
Сондықтан 
экономикалық 
белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы 
керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан 
адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. 
Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды. 
Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер 
құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері 
сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы 
өндірістің бастапқы жабайы түрі [4].
хVІ 
ғасырдың 
ортасынан 
бастап 
акционерлік капитал пайда болды, акционерлік 
қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы 
Англияда, 1660 ж. Ост-Индия сауда компаниясы 
ашылды. хVІІ ғасырдың аяғында акционерлік 
банктер іске қосылды. Экономикалық теорияда, 
кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде 
хVШ ғасырдың аяғы мен хІх ғасырдың басында 
қолданыла бастайды. Бірінші болып ағылшын 
экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның 
анықтауынша «Кәсіпкерлік» – бұл табыс табу 
(жеке шаруашылық, қолөнерш, сатушы, т.б.). 
Табыс табуда еңбектің алар орны ерекше.
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. 
Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және 
қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттілгін 
бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың 
ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін 
кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, 
капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу 
ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни 
өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі 
пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі 
шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс 
бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық 
негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны, 
бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын 
енгізуге аянбай жұмыс істейтін тұлға.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын жан. 
Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-
тегжейін айқын талдап, қортындысын білген 
жөн. Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
91
пайда табу [5].
Демек мектеп оқушыларын экономикалық 
біліммен 
сауаттандырып 
қана 
қоймай, 
болашақ өмірге бағдар беріп, кәсіпкерлік 
мол табыс табу, жақсы өмір сүру кепілі 
екендігін ашып, айқын көрсетілуі тиіс. 
Экономиканың тұрақты болуы және оның 
бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты 
күштерінің 
бірі 
кәсіпкерлікті 
жетілдіру 
болып табылады. Экономикасы нарықтық 
бағытта дамып келе жатқан Қазақстан 
үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі – өзекті 
мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, 
нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік 
экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық 
экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, 
кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің 
көтеріліп жатуы да оның экономикадағы 
рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. 
Қазақстан 
Республикасының 
Конститутциясында былай деп жазылған 
«әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне 
өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік 
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы 
бар» [6]. Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі 
факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар 
болып табылады. Нарықтық экономика 
кезінде осы факторларды жұмыс істеп, 
қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. 
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын 
алсақта 
өздерінің 
экономикалық 
және 
әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке 
арқа сүйеді. Себебі кәсіпкерлік халықтық 
әл-ауқатын арттыруымен қатар, қосымша 
жұмыс орындарының ашылуына да себебін 
тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да 
экономикалық және әлеуметтік функциялары 
оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік 
міндеттер 
қатарына 
жатқызуға 
және 
экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі 
деп қарастыруға негіз береді.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық 
түрі табыс табуға бағытталған. Мектеп 
оқушыларының 
бойында 
кәсіпкерлікті 
қалыптастырудың маңыздылығы да осында. 
Келешек ұрпақты қоғам талабына сай тәрбиелеу 
мектеп еншісінде. Сондықтан экономикалық 
тәрбие тек зкономика сабақтарында ғана 
емес кез келген пәннің аясында болуы тиіс. 
Экономикалық білім мен экономикалық 
тәрбие математика, дүниетану, еңбек, тәрбие 
сабақтарында жүзеге аса алады.
Кәсіпкерлікті 
қалыптастыру 
арқылы 
оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу 
мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру 
барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие 
үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар 
арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды 
жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру 
арқылы 
еңбек 
өнімділігін 
арттыруға 
ынталандыру міндеттері мұғалімге жүктейді. 
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы 
қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп 
отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті 
қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. 
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: 
«Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің 
елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. 
Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне 
сәйкес келетін білім беру өрісі қажет [7].
Экономикалық 
тәрбиенің 
негізінде 
еңбек 
тәрбиесі 
жатыр.
Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс 
жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс-
әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне 
де пайдасын тигізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет