Issn 2226 1176 индекс 75756


БалалаР ҮЙІНІҢ қОҒаМдық ОРТадаҒы аССОциацияСы



Pdf көрінісі
бет45/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
sciPaper29922

БалалаР ҮЙІНІҢ қОҒаМдық ОРТадаҒы аССОциацияСы
қ. Молдасан, Г. каржаубаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме. 
Мақалада жетім балалар туралы қоғамдық пікір мен олардың қоғаммен байланысы 
қарастырылған. Автор осы мәселе бойынша жүргізілген сауалнаманың нәтижелеріне талдау 
жасаған. Сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 
тұрмыстық қиын жағдайдағы, эмоциялық және әлеуметтік қорғалмаған, психологиялық дамудың 
негізгі қажеттіліктері қанағаттандырыламаған балалар категориясына жатады, – деген пікір 
берілген.
Түйінді сөздер: 
жетім балалар, балалар үйі, ассоциация.
Мемлекеттің негізі жер болса, оның 
болашағы балалар, жастар деген ұлағатты сөз 
бар. Бұл шынында да ақиқатты айғақтаған 
тұжырым. Қазақ елі ежелден бала саны мен 
тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Елімізде 
кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық 
себептерге байланысты және әртүрлі себептер 
тұрғысынан 
әлеуметтік 
жетім 
балалар 
саны артуда. Осыған байланысты жетімдер 
мәселесі және оларға білім беру, тәрбиелеу 
үдерісі, сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан 
қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана 
емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік 
педагогика және тағы басқа ғылымдардың 
ғылыми білім саласында көкейтесті болып 
отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы 
психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің 
зерттеу нысанына айналуда.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары 
жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, 
яғни олардың қамқорлығынсыз қалған 
балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. 
Әртүрлі 
жағдайларға 
байланысты 
ата-
ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
93
тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып 
отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының 
«Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай 
жетім балалар үйіндегі тәрбиесге ұлттық тәрбие 
тұрғысынан да көңіл бөліп, олардың тұлғалық 
ізгілік сапаларын қалыптастыру мәселесі 
бүгінгі күн талабы. Бүгінгі егеменді Қазақстанда 
балалар үйінде тәрбиеленушілердің ізгілік 
сапаларын тәрбиелеу мәселесі, және оны іске 
асырудың жолдары ең өзекті мәселелердің 
біріне айналды. 
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша 
елімізде 33 680 жетім бала тіркеліпті [1]. Бұл 
өткен жылмен салыстырғанда 1105 адамға 
кем, яғни жылдан жылға азайып келеді. Бұл 
қуанарлық жайт. Жетімдер үйі, жетім бала деген 
түсінікті көпшіліктің қабылдауын анықтау 
мақсатында ассоциативті әдіс бойынша 
зерттеу жүргізілді. Осы зерттеу жұмысына 
7000-нан аса адам қатысты. Оның 5953 
әлеуметік желі арқылы, қалған 1047 сауалнама 
қоғамдық орындарда жүргізілді. Сауалнамаға 
қатысушылар 20-40 жас аралығында. 
Ассоциативті әдіс – алғашқы ой деген 
мағынаны білдіреді. Яғни, адамның сұраққа 
тез жауап беруін немесе жылдам реакциясын 
бақылайды. Лингвист ғалым А.Лурия «Тіл және 
сана» деген еңбегінде ассоциативтік әдісті 
былайша түсіндіріп өтеді. Адамды сынау үшін 
оған (ауызша немесе жазбаша түрде) белгілі бір 
сөз ұсынылады. Оған ол дәл сол мезетте ойына 
келген кез-келген сөзді айтуы тиіс. Осы арқылы 
кез-келген 
заттың 
психолингвистикалық 
атауын анықтауға болады [2] дейді. Мәселен, 
«жасыл» дегенде ойға ең алғаш шөп келеді, 
«көк» дегенде аспан еске түседі. Сол сияқты 
«үй» дегенде шатыр, «емен» десе ағаш, «ит» 
дегенде алдымен оның құйрығы ойға оралып 
жатады. Бұл тәсілді әйгілі психолог З.Фрейд 
адамның көңіл-күйін зерттеу жұмысында жиі 
пайдаланған [3]. 
Сонымен, «жетім» дегенде ең бірінші 
адамның ойына не оралады? Бұл сұраққа жауап 
берген респонденттердің 40% – сары шашты 
баланы елестететінін айттын, 25% – қатыгез 
бала елестеттім деп жауап берді, 15% –жыртық 
киімді балаларды елестеткен. Ал қалған 20% 
– жалаң аяқ бала мен жылап жүрген сәбиді 
бейнелегеннен басқа айта алмады.
Бұдан байқағанымыз, көпшілік адамдардың 
3/2 бөлігі жетімдер үйінде тәрбиеленген 
балалармен кездеспеген. Көбі телеарнадан, 
оның ішінде кинодан көрген. Фильмде 
жетімнің рөлін орыс баласы ойнағандықтан, 
респонденттердің көбі жетім дегенде орыс 
баласын ассоциациялаған. Екіншіден жетімдерді 
тасжүрек, қатыгез деп тану да фильмнің әсері 
деп айтуға болады. Сондай-ақ, жыртық киіммен, 
жалаң аяқ, жылап жүрген кейіпте елестеуі де 
заңды. Себебі, біздің қоғамда «жетім» деген 
сөздің имиджі солай қалыптасқан. 
Келесі кезекте респонденттерден мынадай 
сұрақ сұралды: жетімді өмірде кездестірдіңіз 
бе? Бұған жауап берушілердің 70% – өмірде 
кездестірмеген болып шықты, 20% – жауап беруге 
қиналды. Тек 10% – өмірде жолыққанын айтты. 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
94
Жоғарыда айтып өткендей, қоғамда 
көптеген 
адамдар 
жетіммен 
бетпе-бет 
ұшыраспаған. Кейбірі кездесуді де қаламады. 
Яғни, немқұрайлы. Бұл үшінші сауал қойылғанда 
анық байқалды. 
Жетімдер үйінің тіршілігімен танысқыңыз 
келе ме? деген сауалға респонденттердің 64% – 
жауап беруге қиналатынын білдірді. 27% – «иә» 
десе, 9% – «жоқ» деп жауап берді.
Айтпағымыз, өзіміз де осы жұмысты зерттеу 
барысында ғана жетімдер үйіне бардық. Ал, 
достарым, жақын таныстарымның өздері ол 
ғимаратқа бас сұқпаған. Бұл түсінікті де жағдай. 
Себебі жетімдер үйі деген ұғым, түсінік қазақ 
танымына жат. Яғни, толық сіңбеген. Қазақта 
«жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған» 
деген ұғым да бар. Жетімдер үйі Қазақстанда 
ххғ. 30–40 жылдары пайда болған. Ашаршылық, 
репресия онан кейінгі Ұлы Отан соғысы 
кезінде панасыз қалған балаларды мемлекет 
қамқорлығына алу үшін жетім үйі, интернаттар 
ашылды. Ал, еуропада бұған дейін қалыптасқан 
болатын. Сондықтан, ол жақта жетім балаларды 
қоғаммен байланыстыру дәстүрі дамыған. 
Ал, бізде жетім балаларға тәрбие беру, 
қоғаммен байланыстыру жұмыстарының өзі 
кенжелеп келеді. Бұл жайында кейінгі зерттеу 
жұмыстарында тарқатып айтамын. 
Келесі сауал «жетімдер үйінен бала асырап 
алғыңыз келе ме?» деген тақырыпта қойылды. 
Оған жауап берушілердің 68% – бала асырап 
алғысы келетінін білдірді, 21% – жауап беруге 
қиналды, 11% – «жоқ» деп жауап берді.
 
Бұл жерде байқайтынымыз, көптеген 
адамдарда мынадай стеротип бар: жетімдер 
үйіндегі балалардың денсаулығына күмәнмен 
қарайды. Яғни, ауру немесе ақыл-есі сау емес деп 
таниды. Бірақ, бұған ешкім көз жеткізбеген. Тек 
жұрттан естіген. Бір қуантарлығы сауалнамаға 
қатысушылардың көпшілігі бала асырап алуға 
ниетті. 
Жетімдер қоғамға сіңісе алады ма? – деген 
келесі сауалға респондеттердің 70% – күмәнмен 
қарайды, 18% – «иә», 12% – «жоқ» деп жауап 
берді.
Яғни, сауалнамаға қатысқан 6 мың адамның 
3/2 бөлігі жетім баланың қоғамға сіңісуіне 
немесе сәтті тағдарына күмәнмен қарады. Осы 
жерде тағы бір стеротип байқалдым: жетімдер 
қылмыс жасауға үйір. Бұған да ешкім көз 
жеткізбеген, тек ой-долбыр ғана. Осы сында 
тағы да бірнеше сауалнамалар жүргізілді. Оған 
жан-жақты талдау жасалып, сарапталды. 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
95
Ол жайында алдағы уақыттарда баяндайтын 
боламыз. Әзірге осы бес сауал бойынша 
«жетім» ұғымының ассоциативті мағынасын 
қорытындыласақ: 
Біріншіден, қоғамда жетімдер мен қоғамдық 
ортаның алшақтығы байқалды. Сауалнамаға 
қатысқан 6 мың адамның 90% жетім баланы 
өмірде кездестірмеген. Тек кино, кітап арқылы 
таниды. Ресейлік ғалым, п.ғ.к. М.Стерльцованың 
зерттеуі де осы мазмұндас [4]. 
Екіншіден, респондеттердің тағы да 90% 
жуығы жетімдердің денсаулығында, ақыл-
есінде, мінезінде ауытқу бар деп ойлайды. 
Жетім бала – мейірімсіз, қатыгез деген де 
түсініктер бар. Осы мінезіне бола Ұлттық 
қауіпсіздік комитетінің ішкі және сыртқы барлау 
қызметтеріне жетім балалар қабылданады 
деген пікір де айтылды. Бұл да жетімдер үйінің 
қоғамдық өмірден алшақ жатқанын дәлелдей 
түседі. 
Үшіншіден, сауалнамаға қатысушылдардың 
көбі жетім баланың өмірі қиындыққа, 
ауыртпашылыққа толы деген пікір білдірді. 
Себебі, кәмілеттік жасқа толған соң оларға 
қолдау, демеу болатын ешкім жоқтығын алға 
тартады. Осы себепті, қоғамдағы қылмыс 
атаулының белгілі бір бөлігін жетім балалар 
жасайды, – деген пікір бар. Бұл да ақиқаты 
расталмаған пікір. 
Осы мазмұндағы ойларды сараптай келе, 
мынадай ой-түйдік. Қоғамда жетімдер үйі бір 
бөлек, тұрғындар бір бөлек өмір сүріп жатыр. 
Екеуі бірін-бірі етене танымайды. Осыған 
орай, жетімдер үйі, ондағы тіршілік жайлы 
телеарналарда арнайы жобалар ұйымдастыру 
керек деп ойлаймыз. Сол арқылы қоғамдық 
пікірді қалыптастыруға болады. Республикалық 
орта мектептер мен жетімдер үйі арасында ортақ 
жобалар (білім сайыстары, бірлескен сабақтар) 
ұйымдастыру керек. Бұл да қоғам мен жетімдер 
үйін жақындастыруға мол септігін тигізеді. 
Әлеуметтік желілерде де жетім балалардың 
тұрмыс-тіршілігі жайлы ақпараттар беріп тұру 
керек. Жетім балалардың да сыртқа ортамен 
байланыс жасауына жол ашу керек. Осы сынды 
жобаларды қолға алғанда ғана жетімдер жайлы 
стереотив, ассосиация, қоғамдық пікір өзгеруі 
мүмкін деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет