Issn 2226 1176 индекс 75756



Pdf көрінісі
бет49/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
sciPaper29922

ІС-ШаРалаР
МеРОПРияТия 
EVENTs
ӘОЖ 37:001.32; 37:005.745
«қаЗІРГІ ӘдІСТеМелІк қыЗМеТ ЖӘНе ОНыҢ даМУ БОлаШаҒы» аТТы 
РеСПУБликалық СеМиНаРдыҢ қОРыТыНдыСы
куримбаева Г.С.
«Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Қазақстан
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан 
Республикасы білім беру жүйесінің басшы және 
ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін 
арттыратын республикалық институты 2015 
жылдың 14–15 мамырында «Қазіргі әдістемелік 
қызмет және оның даму болашағы» атты 
республикалық семинарын өткізді. 
Семинар жұмысына «Өрлеу» біліктілікті 
арттыру ұлттық орталығы» акционерлік 
қоғамы басқарма төрағасы, п.ғ.д., профессор 
Ахметова Г.К., Оқу және әдістемелік қамтамасыз 
ету департаментінің директоры, п.ғ.д., Макатова 
Ж.А., Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің 
бастығы Иманбекова Б.И., мамандары 
Бултачеева А.Б., Турысбекова К.С., Техникалық 
және кәсіби білім беру бөлімінің бастығы 
Бозымбаев Б.Д., мамандары Ашеркулова А.А., 
Абилова А.Ш., Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы орта білім беру институтының 
директоры, п.ғ.к., доцент Туяков Е.А., облыстық, 
аудандық (қалалық) әдістемелік қабинет 
меңгерушілері, 
әдіскерлері, 
техникалық 
және кәсіптік білім беру ұйымы әдіскерлері, 
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымы 
әдіскерлері, ЖОО әдістемелік бюро мүшелері, 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары және бұқаралық 
ақпарат құралдары қызметкерлері, барлығы 
217 адам қатысты.
Семинар «Өрлеу» БАҰО» филиалы Қазақстан 
Республикасы білім беру жүйесінің басшы және 
ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлерінің 
біліктілігін 
арттыратын 
республикалық 
институтының 50 жылдығына арналып, 
Қазақстан Республикасында білім беруді 
модернизациялау жағдайында әдістемелік 
қызметтің сапасын арттыру мақсатында 
ұйымдастырылды.
Семинардың пленарлық мәжілісінде білім 
мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім 
берудің мақсаты мен міндеттері, жоғары 
білім беруді дамытудың негізгі бағыттары: 
әдістемелік аспектілері, білім берудегі self-
learning қазіргі кездегі даму тенденциялары, 
қазіргі әдістемелік қызметтің мазмұны, 
құрылымы және ұйымдастырылуы, курсаралық 
кезеңде педагогикалық кадрлармен әдістемелік 
жұмыстарды тиімді ұйымдастыру және тағы 
басқа мәселелер талқыланып, ғылыми негіздер, 
әлемдік, отандық үздік тәжірибе, жүйе, үлгілер 
ұсынылды. 
Осы бағытта семинар жұмысы 6 секцияда 
жалғасын тапты. Атап айтқанда:
№1 секция – Мектепке дейінгі ұйымдардағы 
инновациялық әдістемелік қызмет.
№2 секция – Білім беру мазмұнын жаңарту 
жағдайында аудан деңгейіндегі әдістемелік 
қызметті дамыту.
№3 секция – Қазақстан Республикасында 
білім 
беруді 
дамытудың 
стратегиялық 
міндеттерін жүзеге асыру аясындағы облыс 
деңгейіндегі әдістемелік қызмет.
№4 секция – Техникалық және кәсіптік 
білім беруді жаңғырту кезеңіндегі әдістемелік 
қызмет.
№5 секция – Педагог кадрлар біліктілігін 
үздіксіз арттырудағы әдістемелік қызметтің 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
105
жаңа амалдары. 
№6 секция – Жоғары білім беруді дамыту 
жағдайында әдістемелік қызметті жетілдіру.
Семинар 
жұмысы 
аясында 
«Қазіргі 
әдістемелік қызмет» тақырыбында үлгілер 
қорғалды. Үлгіні қорғаудың басты мақсаты 
– Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамыту жағдайында әдістемелік қызметті 
жетілдіру және дамыту.
Үлгіні қорғау талаптарына сай «Қазіргі 
әдістемелік қызмет» бойынша Павлодар 
облыстық білім басқармасы әдістемелік 
кабинет бастығы Слямова Сауле Шаимовна 
І орын алса, Жамбыл облысы білім 
басқармасының 
оқу-әдістемелік 
кабинеті 
басшысының орынбасары Тажибаев Бигельді 
халилуллаұлы, Астана қаласы білім басқармасы 
әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ибраева 
Гульнара Кульмухамедовна ІІ орынды иеленді. 
Қызылорда облысы, М.Мәметова атындағы 
Қызылорда гуманитарлық колледжі әдіскері 
Абиева Гүлжайна Утепбергенқызы, «Өрлеу» 
БАҰО филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ 
БАРИ Инновациялық дамуды әдістемелік 
қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Бельгибаева 
Майра Бериковна, Өрлеу» БАҰО филиалы Алматы 
облысы бойынша ПҚ БАРИ Инновациялық 
дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің 
бастығы Сариев Арыстанбек ІІІ орын алды. 
Семинар барысында «Педагог кадрлардың 
кәсіби құзырлылығын қалыптастырудағы 
әдістемелік қызметтегі инновациялық амалдар» 
атты көрме жұмыс жасады. Көрме мазмұнында 
әдістемелік қызмет бойынша жаңа амалдар, 
облыс, аудан, қала деңгейіндегі әдістемелік 
жұмыстың ерекшеліктері, Қазақстандағы білім 
беруді модернизациялау жағдайында педагог 
кадрлардың кәсіби деңгейін қалыптастыру және 
педагогтардың өздігінен білімін жетілдіруге 
байланысты әдістемелік жұмыстары жан-жақты 
ашылды.
Сонымен қатар ««Білім беру ұйымдарының 
әдістемелік жұмыс жүйесі» тақырыбындағы 
Алматы қаласының білім ұйымдарының үздік 
іс-тәжірибелерімен 
танысу 
мақсатындағы 
көшпелі тәжірибе сабақтар №100 балабақшада, 
«Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-
әдістемелік зертханасында, Алматы технология 
және менеджмент колледжінде, ҚР ББЖ КБАРИ 
Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз 
ету бөлімінде, Қазақ қыздар мемлекеттік 
педагогикалық университетінде өткізілді. 
Семинар жұмысына он-лайн режиминде 
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, 
Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, 
СҚО, ОҚО облыстық, Астана қалалық педагог 
қызметкерлердің 
біліктілігін 
арттыру 
институттарының қызметкерлері қатысты. 
Семинарға 
қатысушылардың 
сұрауы 
бойынша жеке кеңес беріліп, дөңгелек 
үстел басында сұхбат ұйымдастырылды, 
қосымша материалдар, ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттермен қамтамасыз етілді. Семинарға 
қатысушылардың бос уақытын өткізуге баса 
көңіл бөлініп, оларға арналған мәдени шаралар 
ұйымдастырылды. 
Семинар 
жұмысының
барысы «Қазақстан» телеарнасы, Қазақ радиосы, 
Интернет желісі бойынша насихатталды. 
Семинар 
жұмысының 
қорытындысы 
бойынша 
ұсыныстар 
қабылданды, 
қатысушыларға 
сертификат, 
диплом, 
грамоталар тапсырылды. 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет