1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



Pdf көрінісі
бет23/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126
Байланысты:
саясаттану лекция

факторлар 
қатарына:
 
мәдени, тарихи, ҧлттық салт-дәстҥр, 
әлеуметтiк-психологиялық, географиялық, демографиялық ахуалдар жатады.
Саясат ҧғымы саясаттанудағы басты зерттеу мәселесi. Саясат ҧғымы кҥнделiктi ӛмiрде, 
ғылымда әр тҥрлi тҧжырымдалынады. Мәселен, О.Шпенглер «саясат жоғары мәнде ӛмiр, ал 
ӛмiр дегенiмiз саясат» - деп жазады. К.Маркс пiкiрiнше «саясаттың барлық сиқыры мемлекеттiк 
билiкке таптардың қатынасында». В.И.Ленин «саясат мемлекет iсiне қатысу, мемлекет бағыты, 
мемлекеттiк қызметтiң формасын, мiндеттерiн, мазмҧнын анықтау» - деп есептеген. Белгiлi 
немiс социологы М.Вебер «саясат билiкке қатынасуға талпынысты немесе билiктi бӛлуге 
ықпалды бiлдiредi, ол мемлекеттер арасында, мемлекеттiң ӛз iшiнде, адамдар топтары арасында 
болуы мҥмкiн» - деп айтады. 


14 
Кейбiр ғалымдар саясатты азаматтық келiсiмге қол жеткiзуге бағытталған қызмет деп 
есептейдi. Мәселен, Платон «саясат бiрге ӛмiр сҥру ӛнерi» деген пiкiрдi айтады.
Саясаттану классиктерi Г.Лассуэлл, А.Каплан «Кҥш және қоғам» атты еңбектерiнде саясат 
билiктiң қалыптасуы мен кӛлемiне байланысты деп жазды.
Сонымен, 
саясат
ҧғымын мемлекеттi басқару ғылымы, мемлекет мақсаты туралы ғылым, 
бiрге ӛмiр сҥру ӛнерi, билiк және оны сақтау ҥшiн кҥрес деп тҥсiнемiз. Мҧнда саясатты 
талдауда екi феномендi есепке алу керек: билiк және мемлекет. 
Саясат
дегенiмiз қоғамдағы ҥлкен әлеуметтiк таптар мен топтар, ҧлттар мен ҧлыстар, 
олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың ӛз мҥдделерiн қорғауға, 
iске асыруға, саяси билiктi жеңiп алуға, сақтап қалуға бағытталған әрекеттер жҥйесi. Басқаша 
айтқанда, 
саясат
ҧғымы қоғамның саяси саласындағы барлық қҧбылыстар мен ҥрдiстердi, 
тенденцияларды бейнелейдi. Осы тҧрғыдан алғанда, саясатты белгiлi бiр таптың, партияның, 
мемлекеттiң мҥдделерi, мақсат-мiндеттерiнiң мазмҧны мен ауқымы кӛрсетiлген қҧжаттарының 
жиынтығы деп айтуға болады. 
Саясат қоғам дҧрыс ӛмiр сҥруi ҥшін қажет және сол ҥшiн ӛмiрге келген. Сондықтан да 
саясат қоғамның қажеттi, әрi маңызды элементi болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет