Қазіргі қоғамдық ӛмірде «саясат» ҧғымы мына мәндерге ие болады: 1-ші, мемлекеттің, мемлекеттік ҧйымдардың ірі әлеуметтік топтар арасындағы қоғамдық
қатынастарды реттеу қызметтері: әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, т.б.
2-ші, азаматтардың қатысуы, мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі,
мемлекеттік қҧрылыстың формасын анықтау, қоғамды басқару, билік ықпал етуінің тиімді
әдістері мен қҧралдарын анықтау, билік пен оның шешімдерінің легитимділігін мойындау.
3-ші, барлық мемлекеттік билік шешімдері, олардың қоғамдық ӛмірдің барлық
салаларына ықпалы, саяси ықпал етудің тиімділігі.
4-ші, басқару ӛнері, ӛз еркі мен мақсатына жету, ол ҥшін барлық ресурстарды
жҧмылдыру, билік ӛкілеттілігін пайдалана білу, оны жҥзеге асырудың тиімді кҥштері мен
қҧралдарын анықтау, ҥстемдік ету мәдениеті. Билікке қысым жасау ӛнері.
Саясаттың атқаратын қызметтерi :
қоғамның жалпы мақсатын анықтау;
қоғамның тҧтастығы мен тҧрақтылығын сақтау,
қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бӛлу;
шешiмдер қабылдау.
Саясаттың
обьектiсi – қоғам болып есептеледi. Саясаттың
субьектiсi –
қоғамдағы ҥлкен
әлеуметтiк топтар, (таптар, ҧлттар, ҧлыстар) мемлекет, партиялар, жеке адам. Сонымен,
саясаттың қарастыратын басты мәселелерiнiң бiрi – саяси қатынас мәселесi. Саяси қатынас –
мемлекеттiк билiк жӛнiндегi қатынас.
Саясат пен экономиканың бiр-бiрiне ықпалын айтсақ, мҧнда анықтаушы рӛлдi экономика
атқарады, себебi ол саясаттың материалдық негiзi болып есептелiнедi. Саясаттың мақсаттары
мен мiндеттерi – нақтылы экономикалық, әлеуметтiк факторлар мен заңдылықтарға негiзделiнiп
жасалынады. Демек, саясат экономика заңдарын қатаң сақтауы және оған бағынуы тиiс.
Сондықтан В.И. Ленин саясатты экономиканың жинақталған кӛрiнiсi деп атаған.
Саясатқа ықпал ететiн