Билік ҧғымының теологиялық, бихевиористік, қҧрылымдық, инструменталдік анықтамасы :
Бихевиористік – билік адамдардың мінез-қҧлқына әсер ету мҥмкіндігіне негізделген
айрықша мінез-қҧлық тҥрі.
Телеологиялық (teleos - мақсатқа жеткен + logos - ҧғым, ілім) – билік алға қойған
мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету мҥмкіндігі.
Жҥйелілік – билікті әлеуметтік жҥйе негізінде, яғни оның мақсаты мен міндеттерін
орындау қҧралы ретінде тҥсіндіреді.
Психологиялық – билікті нақты индивидтің мінез-қҧлқы арқылы тҥсіндіреді, сол
мінез-қҧлықтың субъективті ниеттемесін, адамдар санасындағы биліктің кӛздерін ашуға
тырысады.
Релятивистік (французша «relation»- қарым-қатынас деген сӛз) – билікті екі әріптес
арасындағы қарыс-қатынас ретінде қарастырады, біреуі екіншісіне белгілі бір ықпал етеді.
П. Моррис, А. Гидденс пiкiрi бойынша билiк – бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жәй
ғана ықпал, әсер емес, олады ӛзгертуге бағытталған iс-әрекет;
Американ саясаттанушылары
Г. Лассуэлл мен
А. Каплан «Билiк және қоғам» деген
кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мҥмкiндiгi деп сипаттайды.
Сонымен,
билiк дегенiмiз тап, әлеуметтiк топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан ӛзiндiк
ерiк-жiгердi iске асырудағы қабiлеттiлiк пен мҥмкiндiктердi пайдалана отырып адамдардың
қызметi мен мiнез-қҧлқына бедел, кҥштеу қҧралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда,
билiк деп бiреудiң екiншiлерге әмiрiн жҥргiзiп, олардың iс-әрекетi, қызметiне ықпал етуiн
айтамыз.
Билiктiң бiрнеше тҥрлерi бар, олардың iшiндегi ең маңыздысы саяси билiк болып
табылады.
Саяси билiк дегенiмiз белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар жҥйесi
арқылы қоғамдағы саяси ҥстемдiлiгi.