1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Конституциялық монархияда



Pdf көрінісі
бет52/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126
Байланысты:
саясаттану лекция

Конституциялық монархияда
монархтың билiгi белгiлi бiр дәрежеде заң шығаратын 
билiк, парламентпен шектеледi. Басқарудың бҧл тҥрi Англияда пайда болды және қазiргi кезде 
ойдағыдай қызмет етуде. Конституциялық монархиялық қҧрылыс Бельгия, Голландия, Дания, 
Иордания, Испания, Норвегия, Швеция, Жапония т.б. елдерде сақталған. 
Республика 
деп мемлекеттiк билiктiң барлық жоғары органдары белгiлi бiр уақытқа 
сайланатын немесе ӛкiлдiк мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттiк 
басқарудың тҥрiн айтамыз. Республика президенттiк және парламенттiк болып екiге бӛлiнедi.
Президенттік республиканың негізгі белгілері: 

Президент қолына мемлекет және ҥкімет басшысы ӛкілеттіліктерінің шоғырлануы; 

Ҥкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы;

Парламенттен тыс президентті сайлау және ҥкіметті қалыптастыру

Президент қолына ауқымды биліктің шоғырлануы; 

Парламентте ҥкіметке сенімсіздік білдіру қҧқығының болмауы. 


32 
Парламенттік республиканың негізгі белгілері: 
1
Парламент ҥстемдігі;
2
Ҥкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі
3
Ҥкіметті парламенттік негізде саяси партия жетекшілерінен қалыптастыру;
4
Мемлекет басшысын парламентте сайлау; 
5
Ҥкімет басшысын (премъер-министрді) президент тағайындайды.
Мемлекеттiң аумақтық-саяси қҧрылымы. Мемлекет басқару тҥрiмен қатар қҧрылысына 
қарай да жiктелiнедi. Мемлекеттік қҧрылыстың формасы – бҧл орталық ӛкімет пен жергілікті 
биліктің міндеттер ӛрісінің арақатынасын білдіреді.
Мемлекет қҧрылысына қарай мынадай тҥрлерге бӛлiнедi: 
унитарлы, федерация
конфедерация. 
Бiртҧтас мемлекет 
/унитарлы мемлекет/ тҥсiнiгi латынның «
unuz»
сӛзiнен шыққан. Ол 
бiртҧтас, бiрiккен деген ҧғымды бiлдiредi. Бiртҧтас дегенiмiз бiр мемлекет, ол ҧсақ мемлекеттiк 
қҧрылымдарға бӛлiнбейдi, онда әкiмшiлiк-аумақтық бӛлiнiстер ғана болады. Бiртҧтас 
мемлекеттiң екi: қарапайым тҥрi, тек әкiмшiлiк-аумақтың бӛлiнiстерден (Қазақстан, Польша, 
Тайланд, Алжир, Колумбия) тҧрады, ал кҥрделiсiнде ӛз қҧрамында автономияның бiр немесе 
ӛзге де тҥрлерi (Италия, Филиппин, Никарагуа т.б) болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет