1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



Pdf көрінісі
бет54/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126
Байланысты:
саясаттану лекция

Заңшығарушы билiк
(парламент) заңшығарумен, оны бекiту, ӛзгерту және жоюмен 
айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, ҥкiметтi тағайындайды, бюджеттi 
бекiтедi, соғыс ашып, әскердi қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты ҧйымдастырады, 
халықаралық келiсiм шарттарды қабылдайды, маңызды iшкi және сыртқы саясатты анықтайды. 
Оның жҧмысын конституция атынан ерекше органдар (конституциялық бақылау) бақылау 
жасайды.
Атқарушы билiкке
Ҥкiмет пен әкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы ӛкiлдiк 
органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заңшығарушы билiктiң бақылауында болып, 


33 
олардың алдында есеп бередi. Оның жҧмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде әрекет етуi тиiс. 
Ҥкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (конституция шеңберiнде), ал әкiмшiлiк ол шешiмдердi 
жҥзеге асырады. 
Соттың билiгi
адамдардың қҧқығын қорғайды, заңды бҧрмалаушы-лықтан сақтайды, 
парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестiгiн 
анықтайды. Оны халық не ӛкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол заңшығарушы не атқарушы 
билiкке тәуелсiз. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның немесе қызметтегі адамның шешiмiн 
конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен кҥшін жояды.
3. Қҧқықтық және әлеуметтік мемлекет: мәні мен принциптері. Әлеуметтік 
мемлекеттің қалыптасу шарттары. 
Қҧқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Қҧқықтық 
мемлекетте заң емес, қҧқық қалай жҥзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың 
әрекеттеріне баға беріледі. Қҧқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып
оларды даралауға тікелей байланысты болмақ. 
Қҧқықтық мемлекет - адам қоғамының ӛмір сҥру формасының ең жетілген жоғары, биік 
сатысы. Жаңа тҧрпаттағы мҧндай сатыға мемлекеттік қҧрылым ӛз бетімен келмейді.
Ол кӛп шарттарға байланысты. Қҧқық жҥйесі – қондырма, базистің ӛзгеруімен бірге ол да 
жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бҧл олардың ойына келгенін қағазға тҥсіреді 
деген сӛз емес. Заң қоғамдық қҧбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі 
байланыстарды бейнелейді. 
Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ҧмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ 
кешулерді бастан кешірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет