34
ынтымақтастық» идеялары мен ҧғымдары қалыптаса бастады, ал ХХ ғасырдың І жартысында
бҧл идеялар кӛп елдердің конституцияларында бекітілді.
Алғаш әлеуметтік мемлекет ҧғымына ХІХ ғасырда неміс ғалымдары: Л.фон Штейн, Ю.
Оффнер, Ф. Науманн, А. Вагнер назар аударды. «Әлеуметтік мемлекет» ҧғымын ғылымға 1850
жылы неміс ғалымы Лоренц фон Штейн енгізген. Ол кез келген монархия егер әлеуметтік
реформа жҥргізбесе маңызын жояды деп санады. Бҧл әлеуметтік монархия теориясы
қалыптасуына, одан әрі оның әлеуметтік мемлекет теориясына айналуға негіз болды.
Лоренц фон Штейн әлеуметтік мемлекеттің ӛлшемін жасап шығарды. Біріншіден, ол «ӛз
билігі арқылы кейбір ӛзін-ӛзі анықтайтын тҧлғаларға, барлық әртҥрлі қоғамдық таптарға
абсолюттік теңдікті қолдануға міндетті», екіншіден, - ол «барлық азаматтарының
экономикалық және қоғамдық дамуына, немесе бірі басқасының дамуына жағдай жасауы керек,
және бҧл әлеуметтік мемлекет мағынасына ие болады» − деп жазды. Ғалымның бҧл тҧжырымы
бойынша қоғам мҥшелерінің барлығы бәрінің дамуына қолдау жасауы, және оған қолайлы
ахуалды жасауы тиіс.
Әлеуметтік мемлекет теориясы мен тәжірибесінің дамуына ХХ ғасырдың 30
жылдарындағы экономикалық дағдарыс ҥлкен серпін берді. «Жаппай әл-ауқатты мемлекет»
ҧраны негізінде әлеуметтік мемлекет идеясына екінші дҥниежҥзілік соғыстан соң белсенді
ғылыми ізденістер жҥргізілді. Ғылымда толық жҧмыспен қамту мен лайықты еңбек ақыға
кепілдік беретін, мемлекеттік тегін білім беру мен денсаулық сақтау, жалақы мен баға, тарифті
бақылауға бағытталған әлеуметтік және экономикалық ӛзара тығыз байланысты саясатқа
қызығушылық артта тҥсті.
Алғаш әлеуметтік мемлекет конституциялық қағида ретінде 1949 жылы ФРГ
Конституциясында орнықты. Германия «демократиялық әлеуметтік федеративті республика»
деп жарияланды. Оның негізгі қҧндылықтары: әлеуметтік бағдардағы нарықтық экономика,
ауқымды жеке бастамалар, ӛз тағдырына жауапкершілік, әлеуметтік заңдылық болып табылды
Достарыңызбен бөлісу: