35
Кӛпшілік арасында азаматтық қоғам мен ҧлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып,
оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ҧғым деп тҥсіну кеңінен етек алып отыр. Бҧл
әрине дҧрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ҧлттық сипатына ешқандай да қарсылық
кӛрсетпейді, керісінше ол қҧқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.
Қҧқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жҥйе бой кӛрсетуден танбайды,
жеке адамның заңды қҧқы аяққа тапталып, мҥлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады.
Тӛрт-бес кҥнге кӛршілес елге барып қайту ҥшін де мемлекеттен рҧқсат сҧрап, әуре-сарсаңға
тҥседі. Мемлекет ӛз ҥстемдігін толық жҥргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-
нанымына да қол сҧғып, жӛн-жосықсыз араласудан біржола
арыла алмайды. Мҧны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның
бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – қҧқықтық мемлекеттің қызметі.
Азаматтық қоғам ҧлт мҥддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам қҧқығын қорғауға
кҥш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ҧлттық мемлекет деген ҧғымдар қарсы қоюшылық та
осындайдан туған. Бҧл екі ҧғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде ӛрбитін
ҧғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ҧлттық сипатына емес, мемлекеттің адам қҧқығы аяқ
асты ететін әрекеттеріне қарсы бой кӛтереді, нағыз демократия ҥшін кҥреседі. Осыны ажырата
білген абзал.
Азаматтық қоғам мен қҧқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен ӛзара тығыз
байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен ӛзін тәуелсіз сезінетін ӛндірушілер, игілікті
жасаушылар, ӛздерін ӛздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен
қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ҧжымдарының
жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат қҧрсауынан біртіндеп қҧтылып, жаңа
әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта
тҥседі. Адам мемлекет ҥшін емес, мемлекет адам ҥшін қызмет етеді. Бҥкіл әлеуметтік топтар,
қауымдар заң жҥзінде белгіленген қҧқықтар мен мҥмкіндіктергі ие болып, ӛз мҥдделерін
қорғауға мҧрсат алады.
Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады.
Бҧл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана ӛлшенбейді, ол
қоғам мҥшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мҧндай
белес-дәреже біз ҥшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тҧрғаны белгілі.
Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тҧрған жаңа
белес.
Қҧқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бҧл мемлекет тҧсында нендей
бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның
есесіне қоғам мҥшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға.
Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.
Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір
мҥшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Қҧқықтық
мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын,
жариялылықты қорғауға тиісті. Қҧқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан,
әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.
Азаматтық қоғам адамдардың ӛздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір
қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғам тҧсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік қҧқықтары толық жҥзеге
асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей қҧқықпен пайдалануы
деген сӛз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.
Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам ҥшін ең мәртебелі әлеуметтік ҧғым.
Достарыңызбен бөлісу: