Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар
адамдардың саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ҧғымынан кең, оны ӛз алдына зерттеу керек деп
есептедi. Бiрақ, бҧл кӛзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси мәдениеттен саяси iс-
әрекет пайда болады. Екiншiден, егер адамдардың саяси ӛзiн-ӛзi ҧстауын саяси
мәдениеттен бӛлiп алсақ, оның iс-әрекеттiк жағы ескерiлмей қалады. Ал, қандай мәдениет
болмасын ол сананың элементтерiмен бiрге нақтылы iс-әрекеттiң бiрлiгiн бiлдiредi.
Сондықтан бiз саяси мәдениетке саяси санамен қатар iс-әрекеттер де кiредi деп есептеймiз.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ҧқсастық жиынтығын айтады .
Саяси мәдениеттi әртҥрлi бағыттарда қарастырылған:
1 Г. Алмонд, С. Верба, Б. Дивайн, Б. Краснов – саяси қҧндылықтық бағдар негiзiнде
қарастыра отырып, оны рухани қҧбылыстар жиынтығы дейдi;
2
С . Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси мәдениет деп тҥсiндiредi;
3
Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi;
4
Дж. Плейно саяси мәдениеттi iс-әрекет, мiнез-қҧлық ҥлгiлерiнiң жиынтығы ретiнде
қарастырады;
5
У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет тәсiлi дейдi;
6 Барлығынан гӛрi саяси мәдениетке дәлме-дәл анықтама берген
Роберт Такер «саяси
мәдениет
қоғамдағы кҥнделiктi ӛмiр салты, ӛзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет
ҥлгiлерiн қамтушы
». Мҧнда индивид санасы мен iс-әрекетi және әртҥрлi қауымдастық топтар
мен ҧлттар да қамтылады.
Қоғамдағы саяси мәдениет адамдар санасы мен iс-әрекетiн ғана емес, саяси
институттар әрекетiнiң мазмҧнына да тiкелей ықпал етедi. Қоғамда саяси жҥйенің бір
элементі ретінде саяси мәдениет: қоғамның саяси жҥйесінің тҧрақтылығын; тҧрғындардың
әртҥрлі қабаттарының бірлігін; билеуші элитаның әлеуметтік базасының беріктігін;
қабылданған саяси басқарушылық шешімдерге тҧрғындар реакциясын байқау мҥмкіндігін;
сабақтастық негізінде қоғамның саяси ӛмірін ӛндіруді қамтамасыз етеді (14-кесте).
Жалпы мәдениет қҧрамдас бӛлiгi бола отырып, саяси мәдениет ӛзiне әлеуметтiк-саяси
институттарда бекiтiлген обьективтi элементтердi, саяси сана элементтерiн − бағдар, қҧндылық,
нҧсқауларды қамтиды. Халықтың тарихи санасы ҧлттық саяси ӛмiрде сабақтастықты сақтаушы
мемлекеттiк және саяси проблемаларды шешу тәсiлдерi мен дәстҥрлерiн нақты кезеңдерде
жарыққа шығарып отырады. Саясаттанушылар қоғамның