1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



Pdf көрінісі
бет91/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126
Байланысты:
саясаттану лекция

Саяси әлеуметтендіру 
деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, қҧндылықтарды бойына 
сіңіріп, оларды ӛзінің рухани ішкі дҥниесіне айналдырып, сол арқылы ӛзінің саяси санасы мен 
мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтамыз. Саяси әлеуметтену 
арқылы адам толыққанды мҥше боларлық саяси ережелерді, салт-дәстҥрлерді, білімді 
меңгереді. 
Саяси әлеуметтендiру механизмi мен тҥрлері. 
Саяси әлеуметтендiру ерекше механизмге 
ие. Ол ҥш деңгейде қызмет етедi. Бірінші деңгейi– әлеуметтiк. Бҧл жалпы қоғамның деңгейi. 
Онда барлық қоғамның басынан ӛткен саяси қысым сипатталынады. Мысалы, адамдардың 
жаппай қоғамдық саяси қозғалыстарға қатысуы, ғаламдық, экологиялық мәселелердiң шешiлуi. 
Екінші деңгейi– әлеуметтiк-психиологиялық. Адам тек iрi әлеуметтiк топтардың (қоғамдық 
таптар, әлеуметтiк қауымдастықтар) ғана емес, шағын топтар арасында да (отбасы, достар, 
мектеп, әрiптестер) әлеуметтенедi. Сондықтан оның әлеуметтенуi ҥшiн кӛбiне жеке дара 
қарым-қатынас та әсер етедi. Осындай қарым-қатынас кезiнде оған тҥскен адамдардың 


58 
ықпалында да болады. Адамдармен араласу арқылы оның саяси етенелесуі /индентификация/ 
жҥзеге асады.
Ҥшінші деңгейi– жеке iшiлiк (внутриличностный). Бҧл деңгейде саяси әлеуметтену 
адамның мҥддесi, оның қажеттiлiктерi, мотивтерi мен қҧндылық бағдарлары арқылы жҥзеге 
асады. Дәл осы қасиеттер адамның саяси сапасының қалыптасуында шешушi рӛл атқарады. 
Яғни олар кӛбiнесе адамның саяси iс-әрекетiне 

басшылық

жасайды. 
Саяси әлеуметтенудiң ерекшелiктерi мен мазмҧны бiрнеше факторларға тәуелдi. Бҧл 
факторларды саяси және саяси емес деп айтуға болады. Негiзгi саяси факторларға мыналар 
жатады: а) мемлекеттiк қҧрылыстың сипаты мен тҥрi; б) саяси тәртiп; в) саяси институттар
партиялар, ҧйымдар мен қозғалыстар. 
Саяси емес факторларға: а) отбасы; б) достар тобы; в) оқу орындары; г) жҧмыс орны; д) 
мәдениет, ӛнер, әдебиет; е) БАҚ; ж) ҧлттық әдет-ғҧрыптар жатады.
Саяси әлеуметтену– кҥрделi және әртҥрлi бағыттағы саяси-мәдени процесс. Оның саяси 
мәдениеттегi рӛлi мен орнын бағалау ӛте қиын. Саяси әлеуметтенудiң арқасында адам- жеке 
тҧлға ғана емес, сонымен бiрге азамат та болады, ол саясаттың объектiсi ғана емес, субъектiсi 
де болады.
Жеке адамның немесе әлеуметтiк топтың саяси мәдениет нормаларын, тҥрлерiн, саяси iс-
әрекеттiң мҥмкiндiктерiн, саясаттағы белгiлi бiр рӛлдi меңгеруi саяси әлеуметтенудiң 
мақсаттарының бiрi. 
З.Фрейд әлеуметтендіру механизмі ретінде имитация, етенелесу, ҧялу сезімі мен кінәні 
атап кӛрсетеді. Имитация (латынның еліктеу деген сӛзі) – біреудің мінез-қҧлқының белгілі бір 
моделдерін саналы тҥрде кӛшіру. Етенелесу (идентификация- латын тілінде сәйкес келу деген 
мағынаны білдіреді) - ӛзінің тиісті нәрсесінің не сол, не басқа бір жҧртшылыққа, адамдар 
тобына тән екенін сезіну.Ҧят пен кінә басқа адамдардың біздің әрекеттерімізді қабылдауы мен 
бағалауына бағытталған.
Саяси әлеуметтендіру механизміне тәрбие де жатады. Тәрбие мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеу 
адамның ӛмірі бойы болады. Тәрбиенің әр тҥрлі кезеңдері мен формалары бар.
Жалпы саяси әлеуметтендіру мынадай процестерді білдіреді: бір жағынан ол жеке 
адамның белгілі бір нормаларын, қҧндылықтарын, рӛлдік кҥтулері мен саяси жҥйенің ӛзге де 
талаптарын реттестіруі, екінші жағынан, саяси іс, оның барлығын меңгеріп алып, саяси іс-
әрекетінде билікке ықпал етуі. 
Саяси әлеуметтендiрудiң тҥрiнiң бiрi- мәдени трансмиссия. Яғни саяси мәдениеттiң 
ҧрпақтан ҧрпаққа, бiр топтан келесi топқа ӛтуi. Мәдени трансмиссия 3 жолмен жҥзеге асады.
Аға ҧрпақ- осы процестiң бақылаушысы, сондай-ақ жас ҧрпақтың аға ҧрпақты 
әлеуметтендiруi жҥзеге асады.
Екiншi жолы- ол қоғамның экономикалық әлеуметтiк, саяси салалардағы ӛзгерiстерiмен 
сипатталады. Мҧнда әлеуметтендiрудiң негiзгi агенттерi ретiнде саяси партиялар, мемлекеттiк 
бҧқаралық коммуникация қҧралдары әрекет етедi.
Ҥшiншi жолы- жаңа саяси мәдениеттi қалыптастыру. Дамушы елдердiң қоғамдық ӛмiрдiң 
барлық салаларын дамытумен бiрге, саяси мәдениеттiң де дамыған тҥрiн қалыптастыруға 
талпынуы. Мҧнда бiр жағынан, қазiргi заманғы ӛркениеттi саяси-мәдени қатынастар жҥйесi 
игерiлсе, екiншi жағынан, ғасырлар бойы қалыптасқан ҧлттық және дiни әдет-ғҧрыптарды 
сақтауға талпынады.
Саяси әлеуметтендiрудiң екi негiзгi формаларын атап ӛтуге болады: тiкелей және тiкелей 
емес. Тiкелей саяси әлеуметтендiру кезiнде жеке адамның бейiмделуi нақты саяси сипатқа ие. 
Мысалы, белгiлi бiр елдiң саяси және мемлекеттiк қҧрылысы туралы, әртҥрлi саяси 
партиялардың әрекеттерi, iшкi және сыртқы саясаты, саяси идеологиясы және т.б. 
хабардарлығы. Ал, тiкелей емесе әлеуметтендiру жеке адамның саяси емес тҥрде бейiмделуi, 
ол оның келешек саяси әлеуметтенуiне ықпал етедi. Мысалы, белгiлi бiр билiк ықпалы бар ата-
ана мен мҧғалiмдердiң, саяси емес субъектiлермен араласу кезiнде жеке адамның билiк пен 
беделге деген сезiмiнiң нығаюы, дамуы. Кейiнiрек ол саяси билiктi немесе саяси беделдi 
қҧрметтеу немесе қҧрметтемеу сезiмiне ҧласады.


59 
Тiкелей саяси әлеуметтендiрудiң негiзгi әдiстерiне әдетте, елiктеу, таңқалу, пiр тҧту, 
саяси оқыту мен саяси тәжiрибе жатады. Ал тiкелей емес әлеуметтенудiң негiзгi әдiстерi- саяси 
емес ҧйымдарға қатысу және жалпылану (generalization) жатады.
Саяси әлеуметтендiру ҧйымдары алғашқы және екiншi топтар деп бӛлiнедi: мҧндай 
жiктеулердiң ӛлшемiне жеке байланыс пен формальды ҧйымдасу дәрежесi жатады.
Алғашқы әлеуметтенудiң тобына- достар мен жолдастардың бiрлестiгi (тең agip тобы-peer 
groups), ӛнер, ойын және ӛзге де шағын топтар жатса; ал екiншiсiне- мектеп, жҧмысшы 
одақтары, саяси, діни ҧйымдар мен БАҚ жатады.
Саясаттанушылардың кейбiр топтары саяси әлеуметтендiрудiң мына тӛмендегiдей 
тҥрлерiн ҧсынады: 

саяси әлеуметтендiрудiң ҥйлесiмдiлiк тҥрi, адам мен билiк институттарының 
психологиялық бiрқалыпты ӛзара әрекетiн бейнелеушi, индивидтiң қҧқық тәртiбi мен 
мемлекетке тиiмдi және сыйластық қарым-қатынасы, ӛзiнiң азаматтық мiндетiн тҥсiнуi; 

саяси әлеуметтендiрудiң гегемондық тҥрi, адамның 

ӛзiнiңкiнен

басқа кез-келген 
әлеуметтiк және саяси жҥйеге жағымсыз қарым-қатынасы;

саяси әлеуметтендiрудiң плюралистiк тҥрi, адамдардың басқа азаматтардың қҧқықтары 
мен бостандықтарын, олардың жаңа саяси қҧндылықтық бағдарларды игеру мҥмкiндiгiн 
мойындауы; 

саяси әлеуметтендiрудiң шиеленiстiк тҥрi, ол негiзiнен топ аралық кҥрес пен қарам-
қайшылық негiзiнде туындайды. Мҧнда саяси мҥдделер мен мақсаттар тайталасы сезiледi [2].
Шетелдiк ғалымдардың жастарды әлеуметтендiруде iс-әрекеттiң маңыздылығын атап 
айтуы бізді ойландыру қажет. Ӛйткенi бала санасында айтқан сӛзден гӛрi, кӛрiп отырған iс-
әрекет қатты әсер етедi, әрi ҧмытылмайды. Демек, кҥнделiктi iс-әрекетiмiзде заң бҧзу 
әрекеттерден аулақ болуымыз керек, бҧл мемлекет қызметкерлерге, танымал азаматтарға ҥлкен 
жауапкершілік жҥктейді. Ӛйткені, олардың ӛміріне деген қызығушылық барлық уақытта 
жоғары болатындығы сӛзсіз. Жастарға қандай ҥлгі боламын деген жауапкершілікті сезіну
барлығымыздың азаматтық парызымыз деп санаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет