ЛЕКЦИЯ-13. САЯСИ ДАМУ ЖӘНЕ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖОСПАРЫ: 1.Саяси даму және оның критерийлері. Саяси модернизация тҥсінігі. Саяси модернизацияның
мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары.
Модернизациялық ҥдерістегі дәстҥрдің рӛлі.
2. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ҧлт жоспары – бес институционалдық
реформаларды жҥзеге асырудағы 100 нақты қадам. 5 президенттік реформа: кәсіби мемлекеттік
аппарат қҧру, заңның ҥстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық ӛсім,
біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.
3. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Қазақстан Республикасының саяси бағыты ретінде. Кҥшті
мемлекет және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына енуі.
Саяси даму. Қазiргi саясаттану ғылымында «саяси даму» ҧғымының жалпытаныған
анықтамасы жоқ. Кӛбiнесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады:
экономикалық дамудың алғышарты;
ӛндiрiстiк қоғамға тән саясат;
саяси модернизациялау;
ҧлттық-мемлекеттi басқару;
әкiмшiлiк және қҧқықтық даму;
жаппай жҧмылдыру және қатысу;
демократиялық қоғамды қҧру;
ӛзгерiстер сабақтастығы мен тҧрақтылығы;
әлеуметтiк ӛзгерiстердiң кӛпжақты процесiнiң бiр аспектiсi.
Саяси iлiмдер тарихында саяси дамудың әр тҥрлi концепциялары қалыптасқан. Мәселен,
саяси дамудың
либералдық ӛкiлдерi, саяси дамудың ӛлшемi ретiнде адам қҧқығының
жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани
бостандықты алады. Ал,
консерваторлар, саяси дамудың негiзгi қҧндылықтары ретiнде саяси
iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты,
билiктi ҧйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейдi.