66
қалушылықта деп санау заңды сияқты. Дегенмен, кейбір политолог, социолог, философ
ғалымдар ойынша бҧл дағдарыс тамыры тереңде жатыр, ол кӛрінбейтін адамгершілік
саласында, кеңірек алсақ санады. Бҧл дағдарыстан шығу ҥшін ортақ идеяны ойлап табу керек,
оның тӛңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын бірге шешер еді. Бҧл
идеялар, кӛзқарастар, қҧндылықтар идеология болып табылады.
Сонымен ӛмір тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы ҥшін жаңа
идеологияны қалыптастыру қажет. Мҧнда мынадай сҧрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы
Қазақстанда идеология қандай болуы керек? Идеология, билік жҥргізіп отырған саясатпен
тығыз байланысты болады, бірыңғай саяси-идеологиялық комплексті қҧрайды. Жақында ӛз
тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмҧнын экономиканы
кӛтеру, қоғамды демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ҧлттық мәдениетті қайта
жаңғырту, әлемдік ӛркениетке ену қҧрайды. Саясаттану тілімен айтқанда бҧл Қазақстанда
әлеуметтік саясат модернизациясын жҥргізу деген мағынаны білдіреді.
Сондықтан Қазақстандағы жаңа идеология оның әлеуметтік модернизациясының
идеологиясы болуы керек. Бірақ қысқа уақытта дамыған азаматтық қоғамға жетуге,
тоталитаризмнен демократияға бірден секіріп ӛту мҥмкін емес. Ол ҥшін ҧзақ ӛтпелі кезең
керек. Сондықтан қазір елімізге ӛтпелі қоғамның идеологиясы керек. Мҧнда президент
билігінің басымдылығы, мемлекеттің қоғамды тоталитаризмнен авторитаризмге алып келудегі
рӛлінің басымдылығы анық байқалады. Мемлекеттің белсенділігі мҧнда сӛзсіз қажеттілік
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: