2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары



Pdf көрінісі
бет163/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

147. Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары. 
Жатыр
, uterus (грекше - metra) - кіші жамбас куысының ортаңғы бөлігінде қуық пен тік 
ішектің аралығында орналасқан қуысты бұлшықетті мүше болып табылады. Сыртқы 
пішіні негізінен алмұрт тәрізді, алдынан артқа бағыты жазықтау орналасқан. Жатырдың 
негізінен - түбі, денесі және мойыны ажыратылады.
Жатыр түбі
, fundus uteri, жатырдың жоғарғы шығыңқы бөлігі, төменде жатыр денесіне 
жалғасады. Жатыр денесі, corpus uteri, бұл мүшенін ортаңғы үлкен бөлігі, сыртқы пішіні 


конус тәрізді болып келеді. Жатыр денесі төменде жіңішкелеу және жұмырлау келген 
жатыр мойнына жалғасады.
Жатыр мойны,
cervicis uteri, ол жатыр денесінің тікелей жалғасы болып табылады. 
Денесінің мойнына өткен жері тарылған болып келеді, ол жатыр қылтасы, isthmus uteri, 
деп аталынады. Жатыр мойнының төменгі бөлігі қынаптың ішіне кіріп орналасқандықтан, 
қынаптық бөлікті, portio vaginalis, және жатыр мойнының қынаптан жоғары орналасқан 
бөлігін, қынапүсті бөлігін, portio supravaginalis, ажыратады. Сол жатыр мойнының 
қынаптық бөлігінде жатыр тесігі, ostium uteri, айқын байқалады. Тесік қынаптан жатыр 
мойнының өзегіне және оның тесігіне жалғасады. Бұл тесік тумаған әйелдерде дөңгелек 
немесе сопақша пішінді, ал көп босанған әйелдерде - көлденең саңылау пішінді болып 
келеді. Жатыр тесігі, ostium uteri, алдыңғы және артқы еріндермен, labium anterius et 
posterius, шектелген. Жатырдың негізінен алдыңғы және артқы беттері ажыратылады. 
Жатырдын алдыңғы беті несепкуыққа қараған бетін, оны қуыктық бет деп , facies vecicalis, 
артқы беті тік ішекке караған бетін, оны ішектік бет деп, facies intestinalis, деп атайды. 
Жатырдын куықтық және ішектік беттері бір-бірінен жатырдың оң және сол кырлары, 
margo uteri dexter et margo uteri sinister, арқылы шектелген. Жатырдың көлемі мен салмағы 
жасының ерекшелігіне байланысты өзгермелі болып келеді. Ересек әйел адамдарда 
жатырдың ұзындығы 7-8 см, көлденең ені - 4 см, қабырғасының калыңдығы 2-3 см 
болатын болса. Ал, салмағы тумаған әйелдерде 40-50 г болса, көп босанған әйелдерде 80-
90 г, жатыр қуысының сыйымдылығы 4-6 см. Ал, жатыр қабырғаларының құрылысына 
келетін болсақ, жатыр қабырғалары үш қабыктан тұрады: 
• Жатырдың шырышты қабығы, tunica mucosa, немесе эндометрий, endometrium. 
Шырышты қабықтың ішкі беті жылтыр, тегіс, қалындығы 3 мм. Шырышты қабықтың 
терең қабаты қарапайым түтіктәрізді бездерге өте бай.
• Жатырдың бұлшықеттік қабығы, tunica muscularis, немесе миометриум, myometrium, 
құрылысы өте күрделі бірыңғай салалы бұлшықеттер құралған. Бұлшықеттік қабығы 
орналасуына қарай сыртқы, ішкі бойлық және ортаңғы ең жақсы дамыған дөңгелек 
кабаттардан тұрады. 
• Жатырдың сірлі қабығы, tunica serosa, - жатырды жабатын ішастар табағы. Сірліасты 
негізі жатырдың бүйір қабырғасы мен мойны аймағында ғана бар, бұл жерде жатырды 
жабатын ішастар, жатырдың жалпак байламына, lig. latum uteri жалғасады.
Сөйтіп, жатырдың келесі атқаратын қызметіне тоқталатын болсақ: туу актысы уақытында 
ұрықты қуып жіберу процесіне қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет