2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Етеккірдің бастапқы кезеңі



Pdf көрінісі
бет165/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

1. Етеккірдің бастапқы кезеңі:
аналық жасуша аталық жыныс жасушасымен 
ұрықтанбаған жағдайда өтеді. Бұл кезеңде жатырдың белдеуленіп ісінген, шырышты 
қабығының функционалді қабаты шытынап жарылып, қынап арқылы етеккір (қан) сыртка 
шығады. Етеккір 3-5 күн аралығында өтеді. Бұл кезеңнің алғашқы күні, жалған сары 
дененің, corpus luteum spurium seu ciclicum menstruationis кері дамып, жаңа түйіншелердің 
өмірге келуімен сәйкес келеді. 
2. Етеккір келгеннен кейінгі кезең
, етеккірден кейін келіп, етеккір басталған күннен 
басталып 11-14 күнге созылады. Бұл кезенде аналық безде түйіншелердің дамуы мен 
жетілуімен бірге бір мезгілде жатырдың шырышты қабығының базалді қабаты орнына 
келеді. Кезеңнің басында аналык безде тек сары дене калыптаскан мезгілде, қысқа 
тыныштық (2-3 күн) кезеңі ажыратылады. Кейін секреция кезеңінде (етеккір алды) 
жатырдың шырышты кабығы калындап, ұрыктанған жасушанын енуіне дайындалады. 
Осы мезгілде аналык безде сары дененің құлпыруы, белсенді кезеңі жүреді.Жатырдың 
қанмен камтамасыз етілуі: жатырды ішкі мыкын артериясының (а. iliaca interna) 
тармақтары-жұп жатыр артериясы, a. uterina, қанмен камтамасыз етеді. Жатыр түбінің 
тұсында жатыр артериясы, а. uterina, жатыр түтігіне жэне аналык безге тармактар береді. 
Жатырдан веналық қан оң және сол жатырдың веналық өріміне, plexus venosus uteri, 
ағады. Жатырды төменгі құрсақасты өрімнің ішкі мүшелік жамбас нервтері нервтендіреді.
148.Аналық без, құрылысы, қызметі.
Аналық без, ovarium, жамбас астау қуысында орналаскан жұп без болып табылады. 
Аналық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және де ол қан мен лимфаға 


әйел жыныс гормондарын бөледі. Аналық бездің пішіні сопақша тәрізді, алдынан-артқа 
қарай кішкене жалпақтау келген. Аналық бездің түсі ақ-қызғылт болып келеді. Туған 
әйелдердің аналық бездерінің бетінде ұңғылдар мен сары денелердің қайтадан дамыған 
және овуляция іздері байқалады.. Аналық бездің салмағы шамамен 5-8 г. Аналық бездің 
орташа көлемі: ұзындығы-2,5 см, ені-1,5 см, қалыңдығы -1 смге жуық болып келеді. 
Аналық бездің екі бос бетін: жамбас астау қуысына қараған медиалді, facies medialis, және 
жамбас астау қабырғасында жатқан латералді, facies lateralis, беттерін ажыратамыз.
Аналық без беттері негізінен артқы жиекке, margo liber, ал алдынан - аналық бездің 
шажырқайына бекитін шажырқайлық жиекке , margo mesovaricus, өтеді. Шажырқайлық 
жиекте науашықтәрізді ұңғыл - аналық без қақпасы, hilus ovarii, орналасқан. Ол арқылы 
аналық безге артерия мен нервтер кіріп, вена мен лимфа тамырлары шығады. Аналык 
бездің ұзыны вертикальді орналасқан, соған байланысты жатыр түтігіне қараған жоғарғы 
түтіктік шетін, extremitas tubaria, және жатырлық шетін, extremitas uterina, ажыратады. Ол 
жатырмен негізінен аналық бездің меншікті байламымен, lig. ovariiproprium, байланысқан. 
Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің жатырлык шетінен жатырдың латералді 
бұрышына дейін, жатырдың жалпақ байламының екі табағының аралығында орналасқан. 
Аналык бездің байламдық аппаратына lig. suspensorium ovarii, жатады, құрамында аналық 
бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналаскан, ол кіші жамбас астау 
қабырғасынан аналықбезге өтетін ішастардың катпары болып табылады. Аналык без 
негізінен ішастармен жабылмайды. Аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің аналык 
без шашағы бекиді. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның ұлғаюына 
байланысты болып табылады. Аналык без кіші жамбас астау қуысында орналасатын ең 
қозғалмалы мүшелердің біріне жатады
.
Аналық бездің қабырғаларының құрылысына келетін болсақ: Аналық без беті біркабатты 
ұрықтық эпителиймен жабылған. Оның астында дәнекер тінді ақ қабық, tunica albuginea, 
орналасқан. Аналық бездің дәнекер тіні эластикалық талшықтарға бай негізін, stroma 
ovarii, құрайды.
Аналық без паренхимасы сыртқы және ішкі қабаттарға бөлінеді. Аналық без орталығында, 
оның қакпасына жақын ішкі кабатын - милы зат, medulla ovarii, деп атайды. Бұл кабатта 
көптеген лимфа және қан тамырлар орналасқан. Аналық бездің сырткы қабыты, оның 
қыртыс заты, cortex ovarii, өте тығыз болып келеді. Оның дәнекер тінінде жетілген аналық 
түйіншелері, folliculi ovarici maturis, және алғашқы аналық без түйіншелері, folliculi ovarici 
primarii, орналаскан. Жетілген аналык без түйіншелерінің диаметрі 1 см-ге жетеді, оның 
дәнекер тінді кабығы, thecafolliculi, болады. 
Аналык жыныс жасушасы, zona pellucida, мен corona radiata, қоршалып, аналык без 
төмпесінде орналасады. Аналык бездің жетілген түйіншелері біртіндеп аналык бездің 
беткей қабатына шығады. Овуляция кезінде пісіп жетілген түйінше жарылып, аналық 
жыныс жасушасы фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар куысына түседі, кейін 
түтіктін шашактары арқылы жатыр түтігінің іштік тесігіне өтеді. Жарылған түйіншенің 
орнында қанға толы ұңғыл қалады, кейін онда сары дене, corpus luteum, қалыптасады. 
Егер аналык без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5 см-ге жуық, көп тұрмайды, 
сондықтан циклдік сары дене, corpus luteum ciclicum menstruationis деп аталады. Ол 
болашакта дәнекер тінмен алмасып, ақ дене, corpus albicans, атауын алады. Егер аналык 
жыныс жасушасы ұрықтанып, жүктілік пайда болса, жүктіліктің сары денесі, corpus 
luteum graviditatis, калындап, диаметрі 1,5-2,0 см-ге іріленіп, жүктілік кезеңінде өмір 


сүріп, ішкі секреторлық кызмет атқарады. Кейін ол да дәнекер тінді ақ денемен алмасады. 
Аналык бездің жарылған түйіншелерінің орнында катпар және ұңғыл түрінде іздер 
қалады. 
Аналык бездің қанмен камтамасыз етілуіне келетін болсақ: Аналық безді құрсақтық 
қолқаның тармағы - аналық без артериясымен , a. ovarica, және жатыр артериясының 
тармағы — аналық без тармақтары, rr. ovaricae, қанмен камтамасыз етеді. Аналық бездің 
лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне ашылады. Аналық без құрсақтық қолқа және 
төменгі құрсакасты өріммен тармақталған нервтермен нервтендіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет