2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет164/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Жатырдың топографиясы
. Жатыр кіші жамбас астау қуысында, оның орны мен 
қозғалмалы болуы көршілес мүшелердің жағдайына байланысты. Қуық бос болғанда 
жатыр түбі, fundus uteri, алға бағытталған, Мұндай жағдайда жатырдың алға қарап 
орналасуын, anteversio, деп, жатыр денесі алға бүгіліп мойнымен бұрыш кұрап, алға карап 
орналасуы, anteflexio, депаталады. Несепқуық несеппен толған жағдайда жатыр түбі артқа 
иіліп, жатырдың артқа қарап шалқа.ын, retroversio, деп, немесе артка бүгілуін retroflexio, 
деп атайды.
Жатыр ішастарға қатынасына келетін болсақ,
жатыр ішастармен үш жағынан немесе 
мезоперитонеалді жабылған. Жатырдың алдыңғы бетінің ішастар табағы куықка өтіп, 
қуық-жатыр ұңғылын, excavatio vesicouterina, кұрап, артқы бетінің ішастар табағы тік 


ішекке өтіп, тік ішек- жатыр ұңғылын, excavatio rectouterina, немесе Дуглас атты ұңғылды 
құрайды. Бұл ұнғыл оңнан және солдан жатыр мойнынан тік ішекке қарай бағытталған 
ішастардың тік ішек-жатыр қатпарымен, plica rectouterina, шектелген. 
Жатырдың байламдарына тоқталсақ:

Жатырдың жалпақ байламы, lig latae uteri, ішастардың алдыңғы және артқы табақтарынан 
құралған, кұрылысы бойынша жатырдың шажырқайы, mesometrium, болып саналады. 
- Жатырдың жұмыр байламы, lig. teres uteri, дөңгелек пішінді, құрамында бұлшықеттік 
талшықтар бар тығыз фиброзды жіп, қалыңдығы 3-5 мм. Жұмыр байлам жатырдың 
алдыңғы бүйір бетінен басталып, жалпақ байламның табақтарының аралығында 
орналасып, төмен және алдынан шап өзегінің терең сақинасына бағытталады.
- Кардиналді байлам, ligg. cardinalia, жатырдың жалпақ байламы негізінде, жатыр мен 
жамбас астау қабырғасында орналасады. Кардиналді байлам өзінің төменгі жиектерімен 
несеп-жыныс көкетінің шандырымен байланысып, жатырды бүйір ауыткулардан 
сақтайды. 
Жатырдың функционалді өзгерістеріне келетін болсақ: Жатыр қабырғасы 
құрылыстарындағы өзгерістері жүктілік кез бен етеккір келген кезінде байқалады.
Етеккір, аналық жасушаның жетілу кезі мен ұрыктану кезіндегі жатырдың шырышты 
қабығының мезгіл-мезгіл өзгеріп, қансырап, канның қынап арқылы сыртқа шығу кезеңі 
болып табылады. Бұл кезең шамамен 28 күн аралығында өтеді. Етеккір мезгілі: етеккір 
және етеккір келгеннен кейінгі кезеңдерге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет