146
органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылым-
философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге,
болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде
қалыптасады.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған
ортаға, өзіне-өзінің, басқаларға қарым-қатынасы туралы мәліметтердің
жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен
идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана
шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге
деген
қатынас.
Адам
дүниеге
бей-жай,
немқұрайлықпен
немесе
қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды.
Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние
туралы түсініктер жинақталып тиянақталады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам,
олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы
түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным – өзін өзі, айналадағы ортаны
өзгертетін адамның практикалық іс- әрекетінің тірегі.
Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе.
Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және
құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың
жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан
көкейкесті мәселеге айналуда.
Достарыңызбен бөлісу: