Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным
қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған
берілгендік, әлеуметттік оптимизм мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды
сезімдермен байланысты.
Қажымас
ерік-жігер – дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды
іс-әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп
қана қоймай тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным
элементі ретінде
теориялық ойлау дегеніміз – адамның білімді, болмыстың
құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше
жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.
Арман-мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды
құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған
жағдайда дүниетанымға айналады. Адамның дүниетанымы көбінесе оның
тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді.
Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты
өзгереді. Әлеуметтік орта – адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық
қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік
орта қоғадық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа
жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына,
тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.
Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық,
географиялық және ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін,
ойлау
мен
мінез-құлық
амалдарын
тудыратын
әлеуметтік
ортаны
қалыптастырады.
Сонымен, қоғамдық-экономикалық формацияда әлеуметтік орта, өмір
салты жеке тұлғаның дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының
негізгі жолы. Жеке тұлғаның танымы онда өмір үндестігі мен қарама-
қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.
Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе.