145
бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ
микро-, макро- және мегадүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми
дүниетанымды
қалыптастырады.
Оқушылар
өмірдің
дамуындағы
сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда
болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің,
ғылым мен техниканың адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.
Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер
баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы
пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға
үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып
жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер бағытындағы пәндер –
әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық
сезімін тәрбиелейді.
Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау,
салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің
түрлі
салаларында
оқушылардың
іс-әрекет
жасауы
дүниетанымның
қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің тілімен танысып,
тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау
кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар
үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық
қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-өрісін кеңейтіп,
көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының
қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен,
диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: