Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет133/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
 
Дүниетанымның 
түрлері. 
Дүниетанымды 
қалыптастырудың 
әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның 
интеллектуалды дамуы 

оқушылар дүниетанымының қалыптасу 
көрсеткіші.
Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты тәрбиеленушілердің 
танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы өмірдің маңызды жақтарына 
қатынасын қалыптастыру: 

адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы; 

қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, 
өндірістік және т.б.) – әлеуметтік ортасы; 

психологиялық орта (саналылығы, өзін-өзі дұрыс басқара білуі, 
ойлаудың интуициялық тетіктері, табиғи болмысы, дарыны және т.б.). 
Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста 
әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып 
табылады. 


150 
Жеке 
тұлғаның 
дүниетанымын 
қалыптастыру 
бойынша 
тәрбие 
жұмыстарының негізгісі – тәрбиеленушінің танымдық белсенділігін дамыту

Бұл бағыт тәрбиеленушілердің сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы
іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады (57-сурет). 
 
 
Сурет-57. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру бойынша 
тәрбие жұмыстарының бағыттары 
 
Тәрбиеленушінің танымдық белсенділігін, 
сабақтан тыс уақыттағы
іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары төмендегідей:
- оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, байқаулар, 
пән сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллектуалдық жарыстар); 
- пәндердің клубтық және үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия 
клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері және т.б.); 
- музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару. 
Тәрбиеленушінің ұжымдық іс-әрекеттерінің түрлері:
1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік); 
2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс); 
3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бірдей тәрбиеленушілер тобын 
қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары; 
4) оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, 
олимпиадалар, викториналар, көңілділер және тапқырлар клубы және т.б.) 
қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары. 
Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі 
технологиясына байланысқан 
бірнеше буындардың технологиялық тізбегі
көрініс табады: 
1 кезең
– осы шығармашылық істі өткізуге деген жеке тұлғаның 
құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама 
жасау арқылы топ жинау; 
2 кезең
– шығармашылық істі өткізудің жоспарлануы («Кім үшін?», 
«Кіммен?», «Қай мезгілде?» дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау); 
3 кезең
– шығармашылық істің жүзеге асуы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет