149
белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар, қолжеткізген
білімі және солар үшін күресу болып табылады (К.Н.Волков).
Сол білім мен ойлар сенімге айналады, ол адамның өзін және әлемді қайта
өзгертетін материалдық күшке еніп, әлем мен адамнын өзін құрады.
Егер білім дүниетаным жүйесінің басым мазмұндық компоненттері болып
саналса, онда сенім білімге және шынайы ақиқатқа деген эмоциональдық-
психологиялық қарым-қатынас және адамгершілік маңыздылыққа ие болады.
Дүниетанымның маңызды рөлі психологиялық, әлеуметтік-психологиялық
және эмоциональдық кездері болып табылады және олар адамның мінез-құлқы
мен көңіл-күйін анықтайды, соңында іс-әрекетке дайындайды. Тек сенім білім
арқылы өсетін жеке тұлға белсенділігінің негізгі көзі болып табылады.
Реттеуші қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани,
құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен
қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердің объективті
талаптарынан, адамның танып білген қажеттілігіне сәйкес әрекеттен
туындайды. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекетін басшылыққа алып,
оның болашақ өмір жолын анықтайды.
Сенім мен идеал адамның өмірлік мақсаттары ретінде дүниетанымның ең
маңызды
құрамды
бөлігі
болып
табылады.
Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Осыған байланысты тұлғаның дүниетаным феномені – тұлғаның
интеллектуалды және эмоциональды ерік сипатын өзіне жинақтаған, әлеуметгік
мәдениеттің сол бөлігіне назар аударған, іс-әрекеттің жалпы бейнесін жоғары
деңгейде
ерекшелеген
іс-әрекетке
дайындық.
Л.И.Божовичтің
зерттеуіне
бойынша,
жеке
тұлғаның
дүниетанымы
салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол жеткіншек шақта пайда болатын,
жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетаным мен дүниені сезіну жүйесі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: