158
тәрбиелеу ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға арқа сүйейді,
тұлғаның психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері толық ескеріледі.
Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен
мазмұнының өзара байланысы. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен
құндылық ұстанымға тәуелділігі.
Тәрбиенің мақсаты – қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары,
еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі
мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,
өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан
зияткер тұлғаны дамытып қалыптастыру (62-сурет).
Сурет - 62. Тәрбиенің сипаттамасы
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы
шығыс ғұламасы, философ әбу Насыр әл -Фараби бекерден айтпаған болса
керек.
Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім,
тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі
бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: