Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері



Pdf көрінісі
бет161/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері: 
Тәрбие 
жұмысының 
танымдық 
әрекеті
оқушының 
танымдық 
қызығушылығын, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің 
жалғасы ретінде қолданылады. Мысалы, «Не? Қашан? Қайда?» викторина 
ойыны немесе мұражай, көрмеге саяхат және т.с.с. 
Көңіл көтеру әрекеті
.
Ол оқушылардың демалысын ұйымдастыру, 
жағымды эмоция тудыру, ұжымдағы психологиялық көңіл-күй, жолдастық-
ынтымақтастық жағдай орнату. Дегенмен де тәрбие жұмысының танымдық 
және көңіл көтерушілік әрекеттері жиі байланыста болады. Мысалы, әртүрлі 
байқаулар, бәйгелер, викториналар және т.с.с. 


180 
 
 
Сурет-76. Іс-әрекет түрлері 
 
Спорттық-сауықтыру әрекеті.
Оқушылардың денсаулығы мен дене 
бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Ол табиғатқа саяхат жасау, спорттық 
жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті
.
Мектептегі кезекшілік, көгалдандыру жұмыстары, 
сенбіліктер, сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстары және т.б.
Қоғамдық пайдалы еңбек
.
Дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қалдықтарын 
жинау, қайырымдылық акциясын ұйымдастыру, балалар бақшасы және үйін 
қамқорлыққа алу және т.б. 
Шығармашылық әрекеті.
Оқушылардың бейімін, қызығушылығын 
дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Ол концерттік 
қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және 
сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. 
Ерікті қарым-қатынас әрекеті.
Табиғат аясында немесе қала бойынша 
саяхат, концерт, поэзия кеші, психологиялық тренинг, мектеп балы және т.б. 
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында 
оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін тиімді 
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 
Оның элементтері төмендегідей болып 
келеді: 
1.
Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат – тәрбиешілердің
ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. 
2.
Тәрбие жұмысының формасын таңдау, іс-шараның тақырыбын анықтау. 
Мысалы, баспасөз-конференция, оқырман конференциясы, тақырыптық сағат, 
демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек 
үстел және т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет