Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Жеке-даралықты тәрбие формалары



Pdf көрінісі
бет158/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Жеке-даралықты тәрбие формалары:
әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, 
пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте 
іздестіру. Тәрбиешінің міндеттері – оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның 


176 
талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына 
кедергі қасиеттерді байқау. Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: 
дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып беру, сюжетті рөлдік ойындар, 
ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау (74-сурет). 
 
 
 
Сурет-74. Тәрбие формалары 
 
Топтық тәрбие формалары
: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, 
өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиешінің міндеттері: әр 
оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді 
нәтижеге жету жағдайларын жасау. 
Ұжымдық тәрбие формалары
: байқаулар, сахналық қойылымдар, ән-күй 
кештері, үгіт бригадалары, саяхат- шерулер, спорт жарыстары және т.б.
 
Тәрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы 
мүмкін. 
Мұндай 
ұжымдық 
шығармашылық 
қызметтер 
барысында 
тәрбиеленушілер ересектермен бірлікте және олардың басшылығында жаңа 
тәжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа 
ғылыми ақпараттарды топтайды. 
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдістемесі негізін қызметтестік, 
ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу 
және бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын 
іздестіру құрайды. 
 
Тәрбие құралдары: табиғат, қарым-қатынас, материалдық және 
рухани құндылықтар, жарыс, ұжым, іс-әрекет т.б. 
Тәрбие құралдары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз 
көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік ықпал 
жасаушы заттың бәрі тәрбие құралы болып есептеледі. Қоршаған болмыстың 
Қатысушы-
лар 
құрамына 
қарай 
Танымдық іс-
әрекеттердің 
сыныпта және 
сыныптан тыс 
уақытта өтуіне 
қарай 
Педагогикалық 
процесте 
қолдануына 
қарай 
Оқушылардың 
сыныптан тыс 
іс-әрекеті 
кезінде өзара 
әрекеттестігіне
қарай 

Жеке 

Шағын топтық 

Топтық 

Бұқаралық 

Сыныптық 

Сыныптан 
тыс 

Сабақ 

Семинар

Факультатив 

Экскурсия 

Кеш 

Конференци
я 

Олимпиада 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет