Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет164/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
 
 
Сурет-77. Тәрбие жұмыстарының қызметтері 
 
Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған тәрбиелік қызметтерді 
орындайды: 

ұ
йымдастырушылық

ұйымдастыру 
ісі 
тәрбиелік 
жұмысқа 
қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді.

реттеушілік:
қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде 
әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен 
тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға 
мүмкіндік береді; 

ақпараттық:
тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты 
хабарлауына мүмкіндік ашып қоймай, олардың өзіндік тәжірибелері мен 
бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады. 
 
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған
тапсырмалар 
1.ТПП-нің қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, 
әдістері туралы түсінік. Олардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігі.
2. Оқушылармен тәрбиелік жұмыстың негізгі формалары. 
3.Тәрбие құралдары: табиғат, қарым-қатынас, материалдық және рухтық 
құндылықтар, жарыс, ұжым, іс-әрекет және т.б. 
Ұйымдастырушылық 
Тәрбие жұмыстарының қызметтері 
Реттеушілік 
Ақпараттық 


184 
4. Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру жолдары. 
5.Тәрбие құралдарын, формаларын және әдістерін анықтаудағы мұғалімнің 
кәсіптік құзыреттілігі. 
3.2.3 Тәрбие әдістері 
 
Тәрбие әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдістерінің психологиялық 
негізі. 
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие 
әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан-салалы өмір 
талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан-жақты 
тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай 
анықталады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы 
болғандықтан, оған әртүрлі анықтама беріледі: 
1. «Тәрбие әдістері – педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары 
арқылы тәрбие мақсатына жету» (Т.Е.Конникова). 
2. «Тәрбие әдістері – жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау» 
(И.С.Марьенко). 
3. «Тәрбие әдістері – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің 
өзара байланыс тәсілдері» (В.А.Сластенин). 
В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский және т.б. педагогтердің зерттеулері
бойынша, мектептегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс- 
әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс-әрекет тәрбиенің 
міндеттерін шешуге бағытталады. 
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе 
тәрбие әдістері
дегеніміз – тәрбиешінің тәрбиеленушілердің бойында қоғамдық көзқарасты 
және мінез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың 
санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. 
Тәрбиелеуде тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің 
тәсілдері, ұғымдары қоса айтылады. 
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге 
арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар. 
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық жағдаятқа байланысты жеке әдісі, 
тәрбие тәсілі ретінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет