204
Бала тәрбиесінің өзегі – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ – бала үшін
өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі.
Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне,
тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді,
мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі
мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы
Конвенция», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан
Республикасының «Балалардың құқығы туралы» Заңы және т.б. құжаттар дәлел
бола алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке
мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі
міндеті», – делінген. Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты
назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі.
Отбасы мен мектептің бірлігінің құрылымы 87-суретте ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: