Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет184/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

4.
 
Отбасы 
тәрбиесіне 
қатысты 
ата-аналарға 
психологиялық-
педагогикалық кеңес беру. 
Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне 
қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл кеңес 
беру.
 
5.
 
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі 
қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. 
Сынып 
жетекшінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналар комитетін құрып, оның 
мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру және олардың жұмыстарын 
ұйымдастыруға кеңес беріп, қолқабыс көрсетуден басталады. 
 
Отбасы мен мектептің ынтымақтастығының формалары 
Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп 
еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп мекеме болған емес. Сондықтан оның 
іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Осы 
жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті тұлғалармен
ұйымдармен, отбасымен бірігіп, іске асыруды қамтамасыз етеді.
Балалармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Мектеп пен 
отбасының сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің 
арақатынасы 
мұғалім 
қызметінің 
диагностикасы 
негізінде 
қойылған 
міндеттерімен анықталады. 
 
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. 
Отбасында қабылданған көзқарас, салт-дәстүр, ұстаным, әрекет-қылық үлгілері 
тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын 
қалайды. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер – үлгі-өнеге, бірлікті 
еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», 
«Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай 
жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық, сүйіспеншілік сезімін 
білдіреді. 
 
Кей мектепте құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, 
мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін 


203 
қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Мектептің отбасымен ұйымдастырушылық-
педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше 
орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың 
мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын 
ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір отбасына бала тәрбиелеуде көмек көрсетеді 
(көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар отбасыларға).
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары 86-
суретте берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет